Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в «Crowe Horwath Nomad» ЖШС

Автор:   •  Октябрь 12, 2018  •  Отчет по практике  •  5,261 Слов (22 Страниц)  •  853 Просмотры

Страница 1 из 22

КІРІСПЕ

Оқу практикасы - жоғары оқу орындарында студенттердің алған ғылыми-теориялық білімдерін тереңдету мен бекіту мақсатында жүргізіледі және тәжірибелік және зерттеу жұмыстарының дағдыларын ендіру.

Оқу практикасының негізгі мақсаты - «Мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша жалпы кәсіби және мамандандырылған пәндерді меңгеру кезінде игерген теориялық білімдерді бекіту, практикалық жұмыс жүйесімен танысу және кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен қалыптастыру саласындағы қажетті дағдыларды ендіру.

04.06.2018 -16.06.2016 уақыт аралығында Астана қаласы «Crowe Horwath Nomad» ЖШС, «Мемлекеттік аудит» мамандығы бойынша алғашқы кәсіби дағдыларымды ендіру үшін оқу тәжірибесінен өттім.

Практиканың негізгі міндеті – практика өткізілетін және өндірістік дағды мен әдістер меңгерілетін ұйымның, мекеме немесе кәсіпорынның жұмысын терең зерттеу негізінде білім алушылардың жоғары оқу орнындағы оқыту процесінде алған теориялық білімдерін бекіту.

Оқу тәжірибесінің міндеттері:

- кәсіби іс-әрекетімен бастапқы танысу;

- таңдаған мамандық бойынша бастапқы тәжірибелік білімдерін және дағдырларының қалыптасуы;

- таңдаған мамандыққа қызығушылықты тәрбиелеу және теориялық білімдерді саналық игеруіне талаптану.

Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім (тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді.

Кәсіпорынның құрылымы – бұл олардың ішкі звеноларының цехтардың, бөлімдердің, зертханалардың және бірыңғай шаруашылық нысанын құрайтын басқа компоненттердің құрамы мен қатынасы.

Кәсіпорын құрылымы келесі негізгі факторлармен анықталады:

1. кәсіпорын өлшемімен (көлемімен);

2. өндіріс саласымен;

3. кәсіпорынның техникасы мен мамандану деңгейімен.

1. ТӘЖІРИБЕ БАЗАСЫМЕН ТАНЫСУ. БУХГАЛТЕРЛІК ЖҰМЫС ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.1. Ұйымды және бухгалтерияның, ішкі аудит қызметінің жұмысының жұмыс тәртібін, олардың өзара және басқа қызметтермен байланысын зерттеу

Crowe Horwath Kazakhstan компаниясы 1997 жылы ақпан айында Қазақстанда өзінің қызметін бастаған болатын, алдымен жергілікті «Азамат-Аудит» компаниясы болды және одан кейін ірі халықаралық желіге қосылды.

2016 жылы халықаралық аудиторлық фирмалардың серіктестері Crowe Horwath Kazakhstan компаниясымен біріктіріліп, елдің алтыншы ірі аудиторлық-консалтингтік фирмасын құрды.

2016 жылы Қазақстандағы Crowe Horwath бас кеңсесі Астанаға көшті.

Crowe Horwath International әлемнің 130-дан астам елінде 200-ден астам тәуелсіз бухгалтерлік және консультациялық қызметтері бар әлемдегі ең үздік 10 аудиторлық желілердің бірі болып табылады. Crowe Horwath International компаниясы клиенттің аспектілерін, мақсаттарын және мақсаттарын түсінуге назар аудара отырып, бүкіл әлемдегі клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуды мақсат тұтады. Нәтижелер - аудит, тәуекел, салық салу, өнімділікті жоғарылатуға, акционерлік құнды арттыруға және клиенттің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған

...

Скачать:   txt (82.7 Kb)   pdf (115.8 Kb)   docx (43.9 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club