Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Нематериальные активы и критерии их признаний

Автор:   •  Февраль 15, 2018  •  Доклад  •  1,197 Слов (5 Страниц)  •  751 Просмотры

Страница 1 из 5

А.С.РЫСБЕКОВА, М.А.КУЛБАЕВА

МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАНУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Бұл мақалада материалдық емес активтер ұғымының пайда болуы мен оны тану әдістері көрсетілген. Материалдық емес активтер құнын есептеудің жолдары келтірілген. Материалдық емес активтің пайдалы қызмет мерзімін анықтау қажеттілігі туралы көрсетілген.

Тірек сөздері: материалдық емес актив, бухгалтерлік есеп, инновация.

А.С.РЫСБЕКОВА, М.А.КУЛБАЕВА

НЕМАТЕРИАЛЬНЫЕ АКТИВЫ И КРИТЕРИИ ИХ ПРИЗНАНИЙ

В этой статье представлено введение в понятие нематериальных активов и методов его признания.  Ниже перечислены способы расчета нематериальных активов. Указывается необходимость определения срока полезного использования нематериального актива.

Ключевые слова: нематериальные активы, бухгалтерский учет, инновации.

A.S.RISBEKOVA, M.A.KULBAYEVA

INTANGIBLE ASSETS AND CRITERIA FOR THEIR RECOGNITION

This article introduces the concept of intangible assets and methods for its recognition. Below are the ways of calculating intangible assets. The need to determine the useful life of an intangible asset is indicated.

Key words: intangible assets, accounting, innovations.

Anahtar kelimeler: maddi olmayan duran varlıklar, muhasebe, yenilikler.

Кіріспе

Қазіргі уақытта кәсіпорындардың мүлкіндегі материалдық емес (сезілмейтін) активтердің рөлі артуда. Бұл бір кәсіпорындардың басқаларымен билеп алу қарқыны, технологогиялық өзгерістердің жылдамдығы мен ауқымдары, ақпараттық технологиялардың таралуы, Қазақстандағы қаржылық нарықтың күрделілігі және үйлестірілуімен себептеледі. Мүліктің бұл түрінің есебін әдістемелеу мен ұйымдастыру мәселелері бүкіл әлемде белсенді түрде талқылануда. Материалдық емес активтер бухгалтерлік есептің қазақстандық әдіснамасындағы қазіргі уақытта өте проблемалы мәселелердің бірі болып отыр.

Материалдық емес активтер-қазақстандық теориясы мен тәжірибесі үшін бухгалтерлік есепке жататын мүліктің принципті түрде жаңа түрі.

Материалдық емес активтен түсетін болашақ экономикалық пайдалар өнімдерді немесе қызметтерді сатудан түсетін кірісті, шығындарды үнемдеуді немесе ұйымның активті пайдалану нәтижесі болып табылатын басқа да пайдаларды қамтуы мүмкін.

Материалдық емес активтің құны сенімді бағаланғанда танылуы тиіс. Активті пайдалануға жатқызылған болашақ экономикалық пайдалар ұйымға түседі деген ықтималдылық болған кезде танылады. Ұйым негізді және қолайлы бағалауларды пайдалана отырып және болашақ экономикалық пайдалардың ықтималдылығын бағалайды, олар активті пайдалы қолдану мерзімінің ішінде болатын экономикалық шарттардың жиынтығын менеджменттің үздік есепті бағалауымен көрсетеді.

Активті танудың өлшемдерін қанағаттандыратын материалдық емес актив баланста өзіндік құн бойынша танылады [1].

Негізгі бөлім

Нарықтық экономика жағдайында Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын және оларға сәйкес бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын енгізу арқылы  бухгалтерлік есепті реформалау нәтижесінде  отандық бухгалтерия тарихында бірінші рет материалдық – заттық мәні жоқ материалдық емес активтер деген ұғым пайда болды.

  38 – Материалдық емес активтер  атты  JAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сәйкес материалдық емес активтер дегеніміз, бұл - физикалық нысаны жоқ бірегейлендіретін ақшалай емес актив.

Материалдық емес активтерді есепке алуда ерекше проблема олардың физикалық нысаны жоқтығы және осыған байланысты кейде активті бағалау мүмкін емес, сондай-ақ пайдалы қызмет мерзімін анықтайды.

Материалдық емес актив: жеке, мемлекеттік субсидия арқылы, активтерді айырбастау, жолмен сатып алынуы мүмкін. Сатып алынған материалдық емес активтің өзіндік құны сатып алу бағасын, оның ішінде сауда жеңілдіктерін шегергеннен кейін импорттық баждарды және сатып алуға арналған өтелмейтін салықтарды, сондай-ақ мақсатына сай пайдалану үшін активті жұмыс жағдайына келтіру жөніндегі барлық тікелей шығындарды қамтиды да, ал материалдық емес активтің өзіндік құны енгізуге арналған шығындарды (жарнама және өнімді өткізу), персоналды даярлауға және оқытуға арналған шығындарды, әкімшілік және басқа да үстеме шығындарды қамтымайды.

...

Скачать:   txt (18.1 Kb)   pdf (187.2 Kb)   docx (30.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club