Тұздар гидролизі
Автор: BeibitZhanel03 • Март 11, 2022 • Контрольная работа • 1,046 Слов (5 Страниц) • 363 Просмотры
Тақырыбы: Тұздар гидролизі.
Тақырыптың маңызы: Химия мен биологияда тепе-теңдік жүйелері кеңінен тараған. Бұларға еру мен кристалдану, диссоциация мен молизация, ассимиляция мен диссимиляция процесстері жатады. Тепе-теңдік процесстерге заттың су иондары мен нәтижесінде ортаның рН өзгере жүретін әрекеттесу реакциясы- гидролиз де жатады. Кейбір дәрілік заттардың антиацидтік (немесе асқазан сөлінің көтеріңкі қышқылдылығын нейтралдайтын ) әсері, сондай-ақ кейбір тұздар қоспасының буферлік қасиеттері де гидролиз реакциясына жатады.
Сабақтың мақсаты: Гидролиз реакцияларының молекулалық және иондық теңдеулерін құрастыра білу, олардағы тепе-теңдіктің әр түрлі факторлардан тәуелділікте ығысуын болжай білу, жекеленген элементтер мен олардың қосылыстарының қышқылды-негізді қасиеттерін сипаттау үшін ерітінділер ортасының рН тәжірибе ретінде анықтай білу.
Оқытудың міндеттері:
- тұздардың гидролизденуі кезіндегі гидролиздің негізгі сапалық сипаттамалары: гидролиздің константасымен дәрежесін және ерітінділердің рН есептеу кезінде теоретикалық білімдерін қалыптастыру;
- тұздардың әр түрлі типтерінің гидролизденуі реакцияларын орындауда, рН және олардың ерітінділері туралы есептеуде практикалық дағдыларын қалыптастыру;
АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Гидролиз – тұздың сумен алмасып өзара әрекеттесуі, нәтижесінде әлсіз қышқыл немесе әлсіз негіз түзіледі.
Гидролизге жататын тұздар:
а) әлсіз негізді күшті қышқылдың түзілуі, одан ерітінді реакцияның ортасы қышқыл орта болып табылады (рН < 7):
ZnCl2 + HOH ↔ Zn(OH)Cl- + HCl
Zn2+ + HOH↔ZnOH+ + H+
(гидролизге тұздардың катионы жатады)
б) күшті негізді әлсіз қышқылдардың түзілуі, реакцияның ортасы сілтілі болып табылады (рН > 7):
KCN + HOH↔KOH + HCN
CN- + HOH↔OH- + HCN (гидролизге тұздардың анион жатады)
в) тұздың сумен әрекеттесуінің нәтижесінде, әлсіз қышқылдың әлсіз негізбен түзілген уақытында, гидролизге тұздардың анионымен катионы бірдей уақытта түзіледі:
Pb(CH3COO)2 + HOH ↔ PbOH+ + H+
CH3COO- + H2O ↔ CH3COOH + OH-
Мұндай жағдайда, реакцияның ортасы тұз түзетін қышқылдың және негіздің күшіне байланысты. Егерде Ка ≈ Кв, онда орта бейтарап болады, ал катионмен анион бірдей жағдайда гидролизденеді.
Егерде Ка > Кв, онда тұздың катионы анионға қарағанда жоғары дәрежеде гидролизденеді, ерітіндіде Н+ концентрациясы гидроксид-ионының концентрациясынан көп, реакция ортасы әлсіз қышқылды болып табылады (рН < 7).
Егерде Кв> Ка, онда тұз анионы катионға қарағанда жоғары дәрежеде гидролизденеді, сондықтан ОН- ионының концентрациясы Н+ қарағанда көп болады, ерітіндінің реакция ортасы әлсіз сілтілі болады (рН > 7).
Күшті қышқылды және күшті негізді түзілген тұздар, гидролизге ұшырамайды, бейтараптанудың гидролиздену реакциясы практикалық тұрғыдан соңына дейін жүреді және қайтымсыз болып табылады:
Н+ + ОН- = Н2О
Әлсіз қышқылмен және күшті негізбен түзілген тұздардың гидролизденуі, константа гидролизімен Кh сипатталады:
[pic 1]
онда Ка – қышқылдың иондану константасы;
Кн2о – судың иондық көбейтіндісі.
Әлсіз негізбен түзілген тұз гидролизі, константа гидролизімен Кh сипатталады:
[pic 2]
онда Кв – негіздің иондану константасы;
...