Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в отделе технического контроля и исследований ТСЖ Шолактау

Автор:   •  Январь 8, 2024  •  Отчет по практике  •  5,820 Слов (24 Страниц)  •  108 Просмотры

Страница 1 из 24

Мазмұны

1.Кіріспе..................................................................................................................

1.1.Кәсіпорын туралы ақпарат..............................................................................

1.2.Техника қауіпсіздігі бойынша инструктаж...................................................

1.3.Цехтың бөлім жетекшісі қызметі.Цехта өндірісті ұйымдастыру...............

1.4.Дайын өнімді қабылдау құрылғылары.Шикізат қоймасы..........................

1.5.Химиялық цехтарда өндіріс процестерін автоматтандыру.........................

1.6.Процесс кезіндегі ақаулықтар және оларды жою жолдары.......................

1.7.Қауіпсіздікті және технологиялық режимді сақтауды қамтамасыз ететін операцияларды жүргізу шарттары мен реттілігі................................................

1.8.Жабдықты тоқтатқаннан және жөндеуден кейін қабылдау және іске қосу ережелері.................................................................................................................

1.9.Өндірістің төтенше жағдайлары,олардың алдын алу және жою жолдары

..................................................................................................................................

Қорытынды.............................................................................................................

1.Кіріспе

       Біз практикамызды желтоқсан айының 12 күнінен бастап Қаратау қаласында орналасқан Шолактау ТКӨК Техникалық бақылау және зерттеу бөлімінде өттік. Практикамыз 12.12 мен 29.12 аралығында өтті .Өндірістік практикада зауытпен және зертханасымен ,ондағы өндірілетін заттармен таныстық.Еліміз фосфор кені жөнінен әлемде төртінші орында. Оның 15 миллиард тонна қоры барланған. Кейінгі кезде көптеген мемлекеттер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салуда. Ауыл шаруашылығы өнімін мол өндіру үшін минералды тыңайтқыш аса қажет. Қытай мен Үндістан мемлекеттері 60 миллион тонна минералды тыңайтқыш сатып алуға әзір. Сондықтан да химия өнімдерін көп өндіру арқылы еліміздің әлеуетін арттыруға болады. «Казфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі фосфат кенін барлау, оны өндіру, өңдеумен және өткерумен шұғылданады. «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені қарамағындағы 6 кеніште барланған 1 миллиард 600 миллион тонна кен шоғырланған. Жаңатастағы 3 және Қаратаудағы осы мөлшердегі кен көздерінде өндірілген фосфор әуелі ұсақтау, сұрыптау, одан кейін оның бір бөлігі орталық байыту фабрикаларында өңделеді.

Мақсатым: Студент еңбек заңдарын міндетті түрде орындау, еңбек қорғау және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу. Бұл оларға өздерінің теориялық білімдерін қолдануға, ұйымдастырушылық іс-әрекет дағдыларын, сондай-ақ өз мамандығы бойынша нақты технологиялық операцияларды орындау тәжірибесін алуға, аспаптармен және жабдықтармен жұмыс істеуді практикалық меңгеруге мүмкіндік береді. Өндірістік тәжірибенің міндеттері  колледжде алған теориялық білімдері мен біліктерін бекіту және тексеру. Технологиялық процестерді игеру, кәсіби құзыреттіліктерді, дағдыларды игеру  студенттердің нақты өндірістік жағдайларға бейімделуі. Кәсіби құзыреттілік деп қойылған міндетті табысты шешу үшін (жекелеген жұмыс түрлерін орындау немесе қандай да бір технологиялық процесті жүргізу) қызметкердің білімін, іскерлігін, дағдыларын, өндірістік тәжірибесі мен жеке қасиеттерін қолдануға ұмтылысы, дайындығы мен жауапкершілігі түсініледі

«Шолактау» ТКӨК Техникалық бақылау және зерттеу бөлімінде

[pic 1] 

[pic 2]

1.1.Кәсіпорын туралы ақпарат

Шолақтау фосфорит кен орны – Жамбыл облысы Қаратау қаласынан оңтүстікке 4 км, Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 90 км жерде орналасқан.

2019 жылғы желтоқсанда Шолактау ТКӨК Қазфосфат ЖШС филиалының зертханасы ашылды. 2019 жылдың мамыр айында Қазфосфат ЖШС Бас директоры М.З Искандировтың бастамасымен базада құру туралы шешімі қабылданды.

          «Қазфосфат» ЖШС-нің филиалы «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені (әрі қарай ТКӨК) фосфорит кенін қазып алып, өңдейтін тау-кен комбинаты болып табылады. Бүгінде «Шолақтау» ТКӨК фосфорит кенін Жамбыл облысының Талас ауданындағы үш кен орнынан қазып алуда. Бұлар Шолақтау, Ақсай, Шилібұлақ кеніштері. Оларда кен қазып алып, оны дайындаудың алғашқы кезектегі жұмыстарын атқаратын кешендер құрылған, сондай-ақ автокөлік және теміржол цехтары, механикалық-жөндеу және құрылыс-жөндеу бөлімшелері бар. Бір мезгілде баршаға мәлім пайдалы қазба байлықтары– шыны жасау өнеркәсібінде қолданылатын әктастар мен доломит кеніштерінде де қазба жұмыстары жүргзіледі. Қаратау қойнауының фосфоритті кен базасы негізінде құрылған кәсіпорын–Қазақстан мен Орта Азия, сондай-ақ Республика фосфор өнеркәсібінің сары фосфор мен 15 минералды тыңайтқыштар өндіретін кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ете алатын бірден бір ірі өндіріс орны болып табылады. Бұл фосфорит шикізатын өткерер рынок пен оның тұтынушылары келешекте кімдер болатындығын анықтап берді. Филиалда «Жастар» кенішінен шығатын фосфорит кенін ұсақтаудың ең оңтайлы жүйесі енгізілген. Бұл тұйықталған цикл бойынша жүретін ұсақтап-сұрыптау жұмыстары барысында автокөліктік, эксковаторлық, бульдозорлық жұмыстар көлемін қысқартуға мүмкіндік берді; «Шолақтау» өнеркәсіп алаңының қазандығы сұйық отыннан анағұрлым үнемді әрі экологиялық тұрғыдан таза отын түріне–табиғи газды пайдалануға көшірілді.«Шолақтау» ТКӨК құрылымына кіретін өндірістік бөлімшелер аз емес: Бұл - «Шолақтау» жерасты кеніші, ұсақтап-сұрыптау цехы, автокөлік цехы, қуатпен қамтамасыз ету цехы, механикалық-жөндеу цехы, құрылысжөндеу цехы, техникалық бақылау бөлімі, сатып алып-жабдықтау бөлімі және ішкі режимді бақылау цехы. Бір-бірімен байланысты бұл бөлімшелердің бәрі бірлесе, келісе отырып жұмыс істейді.Филиалда автотасымалдау, экскавация және бульдозерлік техника қызметтерінің көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін тұйық циклде ұсақтау-сұрыптау учаскесі жағдайында "Молодежный" кенішінің фосфорит кенін ұсақтаудың оңтайлы сызбасы енгізілді; "Шолақтау" өнеркәсіптік алаңының қазандығын сұйықтықтан неғұрлым үнемді және экологиялық таза отын – табиғи газға ауыстыру жүзеге асырылды.  Кәсіпорында минералдық тыңайтқыш, сары фосфор, триполифосфат натрий, трикальций фосфат және басқа да химия өнімдерінің 20 түрі өндіріледі. Химия өнімдері әлемнің 33 еліне экспортталады. «Казфосфат» құрылғалы бері 14 жылдың ішінде 380 миллиардтан астам теңгенің тауары өндіріліп, Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі көшбасшы компанияға айналды. Өндіріске осы мерзімде 46,5 миллиард теңге инвестиция құйылған. Өткен жылы кәсіпорын 69,3 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, 66 миллиард теңгенің өнімін өткерген. Былтыр 2013 жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігі 22 пайызға артып, тауар сату 15 пайызға өскен. Әр жұмысшыға шаққанда 11,5 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Бүгінде компанияда 6087 адам еңбек етеді. Олардың орташа айлық жалақысы 96 мың теңгені құрайды.Компания өзінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндіруге және қалдықсыз технологиямен жұмыс істеуге күш салуда. Мұның өзі нәтижесіз емес. Осы мерзімде серіктестікте 30-ға жуық ірілі-ұсақты инвестициялық жобалар жүзеге асырылған. Олардың қатарында пеш газын кәдеге асыру, сары фосфорды зиянды қоспа – органикадан тазарту, құрамында фосфоры бар қалдықты кәдеге асыру, тағамдық фосфор қышқылы өндірісінің құрылысы, күкірт қышқылы өндірісі цехы құрылысы және түйіршіктелген натрий триполифосфаты өндірісі жобалары бар. Бүгінде мұнда Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында «Казфосфат» ЖШС Минералдық Тыңайтқыш зауыты Тараз филиалында экстрациялық фосфор қышқылы цехының құрылысы жүргізілуде. Қазір зауытта жылына орта есеппен 130 мың тонна минералдық тыңайтқыш өндірілсе, жаңа жоба жүзеге асқан кезінде оның көлемі бірнеше есеге ұлғаяды. Сондай-ақ келешекте пеш газынан этонол өндіру көзделуде. Мұның өзі қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар мөлшерін азайтумен қатар электр энергиясының тапшылығын жоюға игі ықпалын тигізетін болады. Осында индустриялық-инновациялық бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде халық шаруашылығына аса қажетті гексаметафосфат натрий, тағамдық қышқыл, тағамдық триполифосфат өндіруге қол жеткізілуде.

...

Скачать:   txt (95.6 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (923.8 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club