Гиббс энергиясы
Автор: Obidjan • Ноябрь 1, 2023 • Реферат • 3,384 Слов (14 Страниц) • 264 Просмотры
1.3 ТАҚЫРЫП. ГИББС ЭНЕРГИЯСЫ
1 сабақ. Гиббс энергиясын есептеу (1-бөлім)
Ұзақтығы: 90 минут
Сабақтың мақсаты: Гиббс энергиясын есептеу, химиялық потенциалмен байланысты анықтау, химиялық реакциялардағы G өзгерісін есептеуде тиімді жұмыс формасын қолдану
Оқы мақсаттары:
10.3.1.6 Гиббстің бос энергия өзгерісін түсіндіру және анықтамалық деректер арқылы есептеу;
10.3.1.7 термодинамикалық мәндер бойынша реакцияның өздігінен жүру бағытын болжау
Күтілетін нәтиже:
Н.1. Гиббс энергиясын есептей алады
Н.2. Химиялық потенциалмен байланысты анықтай алады
Н.3. Химиялық реакциялардағы G өзгерісін есептеу үшін білім алушылардың теориялық білімі мен тиімді жұмыс формасын қолдана алады.
Сабақтың қысқаша жоспары
С1 Кезеңі. Біріктіру (Бұл тыңдаушы ҚАЗІРДІҢ өзінде не біледі?)
Кезеңнің қысқаша мазмұны. Табысқа жетудің жұмыс атмосферасын құру.
Оқу белсенділігі
Атауы | Уақыты 5-7 минут | Сипаттамасы |
Мотивациялық видео "Барабан" әдісі арқылы топқа бөлу | 5 минут | Тыңдалушылар видеоны көріп, пікір алмасады. Топқа бірігеді. |
С2 Кезеңі. Теория (тыңдаушы тақырып бойынша не білуі керек?)
Кезеңнің қысқаша мазмұны
Теорияны зерттеу: Гиббс энергиясын және химиялық реакцияның энтропиясын есептеу. Гиббс энергиясын есептеу. Химиялық потенциалмен байланысты анықтау.
Гиббс энергиясы және реакция бағыты.
Оқу белсенділігі
Атауы | Уақыты | Сипаттамасы |
"Фильм көру" әдісі арқылы жаңа тақырып түсіндіріледі | 20 минут | Көрсетілген видео материал бойынша жаңа сабақтың мазмұны түсіндіріледі. |
«Домино» әдісі |
C3 кезеңі. Нақты тәжірибе (тыңдаушы мұны қалай жасайды, үйретеді?)
Кезеңнің қысқаша мазмұны.Термохимиялық теңдеулер арқылы есептеу есептерін шешуде теориялық және әдістемелік аспектілерді қолдану. Химиялық реакциялардағы G өзгерісін есептеу үшін теориялық білімдерін қолдану.
Оқу белсенділігі
Атауы | Уақыты | Сипаттамасы |
«Ойлан, жұппен, бөліс» әдісі Деңгейлік тапсырмалар | Топтық жұмыс. Термохимиялық теңдеулер есептерін шешеді. А деңгей [pic 1] | |
В деңгей [pic 2] [pic 3] | ||
С деңгей[pic 4] | ||
«Пікір алмасу» (Showdown) | Әр топқа тақырыпқа байланысты 5 сұрақтан дайындалады. Жабысқақ қағаздың (стикер) бір жағына сұрақ жазылады, келесі бетіне сұрақтың жауабы жазылады да, келесі топпен алмасады. Топ басшысы сұрақтарды оқиды, топ мүшелері сұрақтарға жауаптарын дайындап жазып алады. Көшбасшының берген белгісі бойынша барлығы өз жауаптарын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады. | |
Creately графикалық органайзерін толтыру | 20 минут | Топтарда одан әрі кәсіби қызметінде пайдалану үшін тақырып бойынша материалдармен Creately Graphic Organizerді (https://creately.com/) толтырады. |
“Бутерброд” | 10 минут | Студенттер өз топтарына жиналып, «Бутерброд» әдісі арқылы химиялық реакциялардағы G өзгерісін есептеу үшін теориялық білімдерін қолдану бойынша барлық топтарға (өзінен басқа) формативті баға береді. |
...