Электромагнетизм
Автор: Ботакөз Құдайберген • Сентябрь 23, 2021 • Лабораторная работа • 22,798 Слов (92 Страниц) • 422 Просмотры
Лабораториялық сабақтар
Лабораториялық сабақтар жоспары
Электромагнетизм пәні бойынша өткізілетін лабораториялық сабақтар маңызды теориялық мәселелерді және тәжірибе жасау тәсілдерді бекіту мен игеру үшін жүргізіледі. Бұл сабақтарда қарапайым электр тізбектрі мен қондарғыларын құрастыру дағдылары қалыптастырылады.
Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе сабақта студенттер техника қауіпсіздігімен танысады (қолдарын қояды), жұмыс топтарын құрады және жұмысты жүргізу кестесі жасалады.
Келесі сабақтарға студенттер өздігімен дайындалады. Жұмыстың теориялық бөлімінде негізгі формулалар, анықтамалар, және жұмыста қарастырылатын физикалық шамалардың негізгі өлшемдері міндетті түрде болуы керек. “Тәжірибе деректері” бөлімінде өлшеу нәтижесін енгізетін кестелер болуы керек. Оларды өңдеу және қателіктерді есептеу тәсілдері кіріспе сабақта айтылады. Қосымша мәліметтерді /13/-і әдебиеттен алуға болады. Әр бір жұмыс соңында тәжірибеде алынған нәтиженің қорытындысы болу керек. Студент жұмысқа, әдістемеде келтірілген, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға дайын және конспекттері болғанда ғана жіберіледі.
Сұрақнама
Жұмысты нәтижелі орындауға қажет сұрақтар әдістемелік нұсқауларда толығырақ келтірілген. Олар мына түрде болуы мүмкін.
- Кирхгоф ережелерін қолданып, есептеуге арналған негізгі теңдікті қорытып шығару.
- Тәжірибедегі потенциометр мен реостаттың ролі қандай.
- Уинстон көпірін сипаттаушы математикалық теңдеулерге талдау жаса.
- Жұмыс қателігі реохордтағы қозғалғыш орнына тәуелді ме?
- Көпірлер әдісін тағы қайда қолдануға болады.
- Айнымалы ток І-дің С, ω, L параметрлерінен тәуелділігі қандай?
- Ток амперметрдің жалғану орнына тәуелді болады ма?
- R, С, L –тер тізбектеліп жалғанғанда толық кедергі Z-ті графиктік тәсілмен қалай анықтауға болады?
- Көп жағдайда Z-тің теориялық және эксперименттік мәндері бір біріне сәйкес келмейді. Бұл Ом заңына қайшы келмейді ме?
- Жердің магнит өрісінің вертикаль құраушысын қалай анықтауға болады?
- Магнит тілшенің өлшемі мен қателік байланысы қандай.
Лабораториялық жұмыстар тізімі
- Ток күшін өлшеу.
- Көпірлер схемасы әдісімен кедергілерді өлшеу.
- Вольтметр және амперметр әдісімен кедергілерді өлшеу.
- Алмастыру,Омметр және Вольтметр әдістерімен кедергіні өлшеу.
- ЭҚК-ін және потенциальдар айрымын электродинамикалық
әдіспен өлшеу.
- ЭҚК-ін және кернеулерді компенсация әдісімен өлшеу.
- Электрохимиялық эквивалентті, Фарадей санын және бірвалентті
ионның зарядын табу.
- Конденсатордың сыйымдылығын балластикалық әдіспен анықта
- Жердің магнит өрісі кенеулігінің горизонталь құраушысын анықтау.
- Осцилографтың көмегімен магниттелу қисық сызығын және гестерезис
тұзағын салу.
- Айнымалы ток үшін Ом заңын тексеру
Лабораториялық жұмыстар
Лабораториялық жұмыс №1.
ТОК КҮШІН ӨЛШЕУ.
Құралдар мен жабдықтар: гальванометр, кедергілер магазині, ток көзі, микрометр, кілт, шунт (өткізгіш сым), дәлдік класы жоғары вольтметр мен амперметр.
Жұмыстың мақсаты: ток өлшеуіш құралдардан кез келген мәндегі токқа жарамды амперметр жасап үйрену.
Жұмысқа жіберілер алдында студенттердің білуге тиісті сұрақтары:
1. Құралдың өлшеу шегі, шунт деген не?
2. Шунт кедергісі қалай есептеледі?
3. (4) формуланы қорытып шығарыңдар.
Теориядан қысқаша мағлұматтар
1. Ток шамасын өлшеу үшін амперметрлер, миллиамперметрлер және микроамперметрлер қолданылады. Электр тізбегіндегі токты өлшегенде ток өлшеуіш құралдар тізбектей қосылады.
Сондықтан оларды тізбекке қосқанда тізбектің кедергісі артады да, ондағы ток өзгереді. Осыдан мынандай талап туады: токты өлшеуге арналған құралдардың ішкі кедергісі оларды тізбекке қосқанда тізбектегі ток күші өзгермейтіндей аз болуға тиіс. Егер ток өлшеуіштің шкаласы амперге, миллиамперге (1 mA=10-3 A), микроамперге (1 mA=10-6 А) градуирленсе, онда олар амперметр, миллиамперметр, микроамперметр деп аталады. Өте аз токтарды, кернеулерді және электр мөлшерлерін (10-6 А, В, Кл-нан аз) өлшеуге арналған сезгіш ток өлшеуіштер гальванометрлер деп аталады.
...