Сынауды автоматтандыру қажеттілігі
Автор: Alem_0009 • Июль 21, 2021 • Реферат • 783 Слов (4 Страниц) • 639 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым министрлігі əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
СРС
СЫНАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАРДЫ ƏЗІРЛЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
АЛМАТЫ 2020жыл
Сынауды автоматтандыру қажеттілігі.
Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) – жобалау функцияларын орындайтын ақпараттық технологияны іске асыратын автоматтандырылған жүйе. Персоналдан жəне автоматтандырудың техникалық, бағдарламалық жəне басқа құралдарынан тұратын жобалау үрдісін автоматтандыруға қажет ұйымдастырушы-техникалық жүйе болып саналады.
Автоматтандырылған жобалау жүйесіне (орыс тілінде САПР - система автоматизированного проектирования) түрлі түсініктер беріледі. Мысалы:
«САПР – система автоматизации проектных работ», яғни «жобалау жұмыстарының автоматтандыру жүйесі» деген түсінік дұрыстау, бірақ сирек қолданылады;
«САПР – система автоматического проектирования», яғни «автоматты жобалау жүйесі». Бұл түсінік дұрыс емес, себебі «автоматты» түсінігі жүйенің адамның қатысуынсыз жеке жұмысын көздейді, ал автоматтандырылған жобалау жүйесінің функцияларының бір бөлігін адам орындайды, қалған жеке операциялар мен процедуралар автоматты түрде атқарылады. Сондықтан «автоматты» сөзімен салыстырғанда «автоматтандырылған» түсінігі жобалау үрдісінде адамның қатынасы бар екендігін білдіреді.
«САПР – программное средство для автоматизации проектирования», яғни «жобалауды автоматтандырудың бағдарламалық құралы» деген түсінік толық мазмұндама бермейді. Себебі жобалау іс-шараларын тек қана қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен атқару мүмкін емес. Сондықтан əдебиет көздерінде жəне мемлекеттік стандарттарда «автоматтандырылған жобалау жүйесіне» кең ауқымды түсінік беріледі.
Сынаудың автоматтандырылған жүйесін құру принциптері
Автоматтандырылған жобалау жүйесін ағылшын тіліне аударғанда CAD аббревиатурасын жиі қолданады.
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңында Массачусетс технологиялық институтында (АҚШ) алғашқы рет CAD түсінігі пайда болды. Сол ғасырдың 70ші жылдары ол есептеу техникасын қолданып, құрастыру жұмыстары технологиясының халықаралық белгіленуі ретінде таралды. Мұнда CAD ретінде машиналық графика құралдарымен мəліметтерді өңдеу мағынасы түсіндірілді.
CAD аббревиатурасы басым түрде Computer Aided Design деген сөздерден құралған. Оның мағынасын ЭЕМ көмегімен жобалау жəне құрастыру деп түсінуге болады. Көбінесе CAD Computer Aided Drafting, аудармасы «компьютер көмегімен сызба жұмыстарын орындау» (автоматтандырылған сызба жұмыстары) мағынасын білдіреді.
Автоматтандырылған жобалау түсінігін, автоматтандырылған жобалау жүйелерінің кеңінен қолдануының жəне солардың мүмкіншіліктерінің дамуының арқасында, көп жағдайларда графика шығару мүмкіншіліктері бар кез келген жүйелерді белгілеу үшін негізсіз пайдаланды. ЭЕМ көмегімен құрастыру жəне сызу – автоматтандырылған жобалау жүйелері орындайтын аз ғана қызметтер бөлігі. Жүйелердің көбісі едəуір көп қызметтер атқарады.
Мысалы:
CAE (Computer Aided Engineering) – инженерлік есептерді автоматтандыру, физикалық үрдістерді талдау жəне имитация жасау құралдары;
...