Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Арнайы арналымды материалдар және магнитті-қатты материалдар

Автор:   •  Май 16, 2022  •  Реферат  •  1,676 Слов (7 Страниц)  •  288 Просмотры

Страница 1 из 7

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

«ІТ–технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті

Кафедра «Энергия үнемдеу және автоматика»

«Электротехникадағы материалдар» пәнінен

Реферат

Тақырыбы : Арнайы арналымды материалдар және магнитті-қатты материалдар

Орындаған: Қулмахамбет М.Б.

Топ студенті: ЭЭ-209К

Тексерген: Дюсенбаев Т.С

Алматы, 2022 ж.

Жоспар

Магнитті-қатты материалдар ..............................................................................

Қатты магниттік материалдар түрлері ....................................................................

Легірленген болаттар ...............................................................................................

Ұнтақты қатты магнитті материалдар ....................................................................

 Қатты магнитті ферриттер ....................................................................................        

Темір және теміркобальтты магниттер ..................................................................

Пластикалық деформацияланатын магниттер .......................................................

Серпімді магниттер ..................................................................................................

Магнитті ақпарат тасымалдаушылар .....................................................................

Арнайы арналымды материалдар ......................................................................

Тік бұрышты гистерезис контуры бар материалдар …………………………….

Микротолқынды құрылғыларға арналған ферриттер …………………………...

Әлсіз өрістердегі магниттік өткізгіштігінің тұрақты мәні бар материалдар жатады ……………………………………………………………………………...

Пайдаланған әдебиеттер ..........................................................................................

Магнитті-қатты материалдар.

Табиғи магниттер табиғатта магнит кен байыту орындарында кездеседі. Тартуск университетінде ең үлкен табиғи магнит бар. Оның салмағы 13 кг және ол 40кг жүкті көтеруге қауқарлы. Жасанды магниттер- адам қолымен жасалған магниттер, олардың негізі болып әр түрлі ферромагнетиктер саналады. Ал «ұнтақты» деп аталатын магниттер (темірден, кобальттан және басқа әр түрлі қоспалар) өз салмағынан 5000 есе ауыр салмақты көтере алады.

Қатты магнитті материалдар - коэрцитивтік күшінің жоғарғы мәні бар магниттік материалдар (орташа түрде 4 кА/м-ден асады). Қатты магнитті материалдардың магниттік қаттылығы жоғары коэрцитивті күйі, магниттік анизатропия тұрақтысының жоғары мәндеріне байланысты болады және магниттік домендердің шекараларының жылжуынан немесе материал ішінде кері полярлы домендердің пайда болуына кедергі жасайтын құрылымның пайда болуынан туындайды. Қатты магнитті материалдарға әр түрлі белгілері бойынша бірнеше топтарға бөлінген материалдар жатады.

«Магниттік қатты»  және «магниттік жұмсақ» деген терминдер материалдың механикалық құрылысына қатысты емес. Кейбір механикалық қатты материалдар «магниттік жұмсақ» класқа жатуы мүмкін, ал механикалық жұмсақ материалдар «магниттік қатты» класқа жатуы мүмкін.

[pic 1]

Қатты магниттік материалдар түрлері:

  • Легірленген болаттар.
  • Ұнтақты қатты магнитті материалдар.
  • Қатты магнитті ферриттер
  • Темір және теміркобальтты магниттер.
  • Пластикалық деформацияланатын магниттер
  • Серпімді магниттер.
  • Магнитті ақпарат тасымалдаушылар

Легірленген болаттар.

Бұл топқа  Fe—Ni—Al (ални) және Fe—Ni—Co—Al-дің әр түрлі қосымшамен түрлендірілген қоспалар жүйесі жатады. Коэрцитивті күші жоғары құйма қоспалар тұрақты магниттерді дайындауда негізгі өндірістік материал болып табылады. Олар көптеген құрылғылардың белсенді элементі болып табылады және өндіру құны мен магниттік қасиеттері бойынша жақсы үйлесімді.

...

Скачать:   txt (27.6 Kb)   pdf (216.4 Kb)   docx (72.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club