Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Инженерному делу"

Автор:   •  Май 5, 2021  •  Курс лекций  •  6,823 Слов (28 Страниц)  •  308 Просмотры

Страница 1 из 28

Лекция 1

Инженерлік ізденістер – құрылыс объектілерін жобалау, тұрғызу немесе салу және экплуатация жүргізу үшін жасалынатын арнайы жұмыстар кешені.

Инженерлік-геодезиялық ізденістер инженерлік құрылыстарды(ғимараттар мен имараттар) жобалауға, салуға және эксплуатацияға әсер ететін шарттардың кеңістіктік-геометриялық сипаттамаларын анықтайды.

Экономикалық ізденістер құрылыс объектісін салуға немесе бар (существующий)  құрылысты кеңейту немесе реконструкция жасау үшін экономикалық тиімділігін және орналасатын географиялық ауданын анықтау үшін жүргізіледі.

Техникалық ізденістер жергілікті жерде ғимараттардың дұрыс және тиімді орналасуы үшін құрылыс ауданының табиғи қолайлық шарттарын жан-жақты зерттей отырып, жобалау мен құрылыс жұмыстарына қатысты тиімді шешімдер қабылдау үшін жүргізіледі.

Ізденіс жұмыстарының негізгі міндеттері:

Құрылыстың техникалық мүмкіндіктері мен экономикалық пайдалылығын анықтау

Объектінің оңтайлы(тиімді, оптимальный) орналасу вариантын таңдау

таңдалынған участікте ғимараттар мен құрылыстарды  орналастыру

Құрылыстың тұрақтылығы мен функционалдық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін негізгі техникалық сипаттамаларын анықтау.

Инженерлік-геодезиялық ізденістер (ҚР ҚН 1.02-02-2008) құрамына келесі жұмыстар кіреді:

өткен жылдарда жасалған инженерлік ізденістердің материалдарын, топографиялық-геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірімдік және басқа да материалдар мен деректерді жинау және сараптап өңдеу;

аймақты алдын ала тексеріп білу;

тірек геодезиялық желілерін, сонымен бірге құрылысқа арналған геодезиялық желілерін құру (дамыту);

жоспарлы -биіктік түсірім геодезиялық тораптарын құру;

1:10000-1:200 масштабтарында топографиялық (жер бетіндегі, аэрофототопографиялық, стереофотограмметриялық және т.б.) түсірім, сонымен бірге жер асты және жер үсті құрылыстардың түсірімін жүргізу;

топографиялық (инженерлік-топографиялық) және кадастр жоспарларын 1:10000-1:200 масштабтарында, графикалық, сандық, фотографиялық және басқа пішіндерде жаңарту;

инженерлік-гидрографиялық жұмыстар жүргізу;

таудағы қуыстар мәселесін, геофизикалық нүктелерді және инженерлік ізденістер жүргізу барысында анықталған басқа нүктелерді даладағы нақты жағдаймен байланыстыру;

қауіпті табиғи және техно-табиғи үрдістер дамитын аймақтардағы ғимараттар мен құрылыстардың табандарында, сондай-ақ жер беті мен топырақ қабаттарында пайда болатын деформацияларды геодезиялық стационарлық құралдармен бақылау;

Қоныс-мекендер мен мемлекеттік (қала құрылысы және т.б.) кадастрлардың геомәліметтік жүйелерінің (ГМЖ) инженерлік-геодезиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

инженерлік-топографиялық жоспарларды, кадастрлық және тематикалық карталар мен жоспарларды, арнайы атластарды (графикалық, сандық және басқа пішіндерде) жасау және басып шығару (тарату);

далада жиналған мәлеметтерді кеңседе талдап өңдеу (камералық өңдеуден өткізу);

техникалық есеп (түсіндірме хат) жасау

Лекция 2

Рекогносцировка - топографиялық түсірілімдерді негіздеу үшін астрономиялық және геодезиялық тірек пункттерінің орнын таңдау мақсатында жергілікті жерді тексеру және зерттеу

Репер - абсолютті биіктігі белгілі, жер бетінің белгілі бір нүктесінде орналасқан геодезиялық белгі.

Геодезиялық қызметтің негізгі міндеттеріне мыналар жатады (ҚР басшылық құжат 1.03-01-2018):

  • құрылыс өндірісін жобалау, дайындау және геодезиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру кезеңдеріндегі жоба авторларымен жобалау және құрылыс шешімдерін талқылау және келісу;
  • құрылыс ұйымдарымен әзірленген жұмыс жүргізу жобаларын талқылауға және келісуге қатысу. геодезиялық бөлу жұмыстарын жүргізу және бақылаудың технологиялық карталарын талқылау және келісу;
  • жобалау ұйымдарынан объектінің бөлу негіздері мен техникалық құжаттамасын акті бойынша қабылдау, оларға далалық тексеріс жүргізу;
  •  ұйымдарға геодезиялық бөлу негіздерін, сұлбаларды, сызбаларды түсіндірме жазбахатпен акті арқылы өткізу; топографиялық-геодезиялық жұмыстарды орындау, аяқталған техникалық операцияларды аспаптық қабылдау, құрылыс объектілерін геодезиялық қамтамасыз етуді тексеру, техникалық құжаттаманы есепке алу және сақтау, өлшеу құралдарының жағдайын бағалау;
  • өлшеу жүргізудің және топографиялық-геодезиялық жұмыстарды бақылаудың жаңа әдістемелер мен техникалық карталарды құрылыс процесіне енгізу және құру;

Инженерлік-геодезиялық ізденістерді орындау нәтижесінде келесідей жұмыстар қамтамасыз етіледі:

құрылыс үшін арнайы тағайындалған геодезиялық желілер құрамына кіретін тіректік геодезиялық желілерді дамыту;

 топографиялық және инженерлік-топографиялық жоспарларды жаңарту;

инженерлік-топографиялық жоспарларды (графикалық, сандық, фотографиялық және басқада түрде), құрылысқа жобалық дайындық негіздемесіне арналған көріністер мен басқада топографиялық-геодезиялық мағлұматтар мен деректерді (қалақұрылысы құжаттамалары, құрылыстағы инвестиция негіздемесі, жоба және жұмысқұжаттамасы) құрастыру;

...

Скачать:   txt (107.7 Kb)   pdf (271.2 Kb)   docx (181.3 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club