Кедергі термометрлері
Автор: Uekm87233150900 • Апрель 6, 2018 • Лекция • 859 Слов (4 Страниц) • 1,938 Просмотры
Приложение 3
Форма «Поурочный план»
САБАҚ ЖОСПАРЫ
№ 16 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Кедергі термометрлері.
Сабақ мақсаттары:
1. Білімділік: Кедергі термометрлерінің құрылымы, жұмыс принципі және
түрлерімен таныстыру
2. Дамытушылық: Өлшеудің әр түрлі жағдайлары үшін аспаптарды қолдану
3. Тәрбиелік: Тыңдау және есте сақтау қабілетін дамыту
Пәнаралық байланыс: электроника, ЭТН, ЭТМ
Сабақтың түрі (типі): Теориялық, дәріс-әңгімелесу, жаңа материалды оқып үйрену сабағы
Көрнекіліктер, жабдықтар, ОТҚ: интерактивті тақта, презентация
Сабақтар АКТ қолдауымен өткізілгенде:
- бағдарламалық қамсыздандыру - Microsoft Word PowerPoint.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастырушылық: Студенттерді түгендеу. Сабақтың құрылымымен және міндеттерімен таныстыру
II Өткен тақырыптарды актуалдандыру: Ауызша сұрау:
- Манометрлік термометрлер құрылғысы?
- Манометрлік термометрлердің жұмыс принципі неге негізделген?
- Манометрлік термометрлер қандай болады?
- Манометрлік термометрлердің өлшеу диапазоны?
III Жаңа материалды зерделеу/ іскерлік, жаңа дағдылар қалыптастыру: Кедергі термометрлерінің құрылымы және жұмыс принципі. Кедергі термометрлердің түрлері:
Мыстық кедергі термометрлері;
Платиналық кедергі термометрлері;
Жартылай өткізгішті кедергі термометрлері.
Кедергі термометрлерінің негізгі сипаттамалары.
IV Жаңа материалды бекіту /жүйелендіру, қолдану/
1 Кедергі термометрінің жұмыс принципі неге негізделген
2 Кедергі термометрінің құрылғысы
3 Аспаптың артықшылықтары мен кемшіліктері
4 Кедергі термометрін қандай материалдар жасайды?
V Үйге тапсырма. Мурин Г.А., §2-9, 158 бет
Әдебиеттер / Интернет-ресурсы:
Мурин Г.А. Теплотехнические измерения
№16 ДӘРІС
Тақырыбы: Кедергі термометрлері
Сабақ жоспары:
1 Кедергі термометрлер құрылғысы және жұмыс принципі
2 Аспаптың артықшылықтары мен кемшіліктері
3 Кедергілер термометрлерінің түрлері (платиналы, мыс, жартылай өткізгіштік)
Құрылғысы және жұмыс принципі
Денелердің электрлік кедергісі олардың температуралары өзгергенде өзгереді. Бұл ерекшелік кедергі термометрлері деп аталатын құрылғыны құруға мүмкіндік берді. Термометрдің сезгіш элементі металл сым болып табылады. Сымды (қаңқаға электроқшаулау материалы – слюданың, кварцтың, пластмассаның) орайды да қорғалған арматураға бекітеді. Бұндай сымның электрлік кедергісін өлшей отырып, ол қызған температура туралы айтуға болады.
Өлшеу қондырғысына: кедергі термометрінің өзі, жалғау сымдары және электр кедергісінің шамасын өлшеуге арналған көрсететін аспап кіреді. Көрсететін аспаптар логометрлер мен көпірлер болуы мүмкін, кедергі термометрлерінің көмегімен от —200 до + 650° С дейінгі температураны өлшеуге болады.
Кедергі термометрлері термоэлектрлік термометрлерге қарағанда жоғары емес температураларды өлшеуге жарамды, өйткені термоэлектрлік термометрлердің 300°С төмен температурада қателігі жоғары болады.
Артықшылықтары мен кемшіліктері
Кедергі термометрлерінің артықшылықтарына: көрсеткіштерді қашықтықтан жіберу және арнайы ауыстырып қосқыштардың көмегімен бірнеше кедергі термометрлерінен бір көрсететін аспаппен температураны өлшеу мүмкіндігі жатады.
Кедергі термометрлерінің кемшіліктері термоэлектрлік термометрлермен салыстырғанда күрделі құру және үлкен инерттілік болып табылады.
Кедергі термометрлерінің түрлері
Өнеркәсіп, жұмыстық сымының материалы жағынан айырмашылығы бар кедергі термометрлерінің екі түрін шығарады – платиналы және мыс.
...