Жүк көтергіш электржетектері
Автор: nursultan_8888 • Ноябрь 27, 2020 • Реферат • 284 Слов (2 Страниц) • 326 Просмотры
Жүк көтергіш электржетектері
Крандық механизмдер электржетектерін қарапайым жүк көтергіш сызбасымен оқуды бастайық. Жүк көтергіштер әсіресе өнеркәсіптік кәсіпорындар ішінде және ашық жерлерде мотажды және жөндеу жұмыстары кезінде жүк және машина бөлшектерінің орнын ауыстыру керек болған кезде қолданылады. Сонымен жүк көтергіш - әрі көтеру, әрі орын ауыстыру функцияларын атқарады.
Жүк көтергіштер электржетегінде тұйықталған ротормен шамалы қуатпен АҚ қолданылады. (7,5 кВт дейін). Жүк көтергіш электржетектің типтік сызбасын қарастырайық (4.6сурет). Үш фазалы желі кернеуі ажыратқыш және балқығыш сақтандырғыш арқылы АД1 жетек қозғалтқысы аспабына (КП көтеру және КС түсіру магнитті іске қосу түйіспелері көмегімен) және жүк көтергіш қозғалу АД2 механизміне әкелінеді (қосқыштар түйіспесі көмегімен КВ алға және КН артқа). Статордың АД1сыртқа шығарылған өткізгіштеріне ТМ электрмагниті қосылады, ол статорға кернеу берілген кезде тежегіш қалыптарын ажыратады. Жүкті жоғары ілу қозғалысы соңғы ажыратқыш КВП-мен шектеледі. Сызбада әр қозғалтқыштың реверсивтік қосқыштарын бір уақытта екі тізбекті баспамен және ажыратушы түйіспелермен қосудан оқшаулау. Жүк көтергіш механизмдерін жүк көтергішке ілінген батырмалық бекет көмегімен еденнен басқарады. Қозғалтқыштардың жұмыс істеуі үшін үздіксіз сәйкес батырманы басып отыру керек, ол операторға батырмалы станциядан алыстауға мүмкіндік бермейді және жүк көтергіш жұмысын мұқият қадағалауды талап етеді.
Жүкті байсалды отырғызу үшін немесе жүкті дәл тоқтату үшін қажет төмен жылдамдықтың болмауынан, операторға оның қозғалтқыштарын периодты түрде қосып, ағытып отыру керек, ал ол қосылулар санын көбейтеді және орамалардың қызуына әкеледі, сонымен қатар түйістіргіштердің тозуға төзімділігін төмендетеді. Сондықтан кейбір жүк көтергіштерде белгіленген және төмен екі жұмыс жылдамдықтарымен көтеру және қозғалу электржетектері бар, олар бір жылдамдықты немесе қосымша микрожетектің орнына, екіжылдамдықты асинхронды қозғалтқыш
...