ДО постының ТБ, ТС сұлбаларының өңделуі
Автор: kuralai89 • Июнь 24, 2018 • Курсовая работа • 11,799 Слов (48 Страниц) • 593 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | 6 | |
1 | Мәселенің қойылуы | 8 |
1.1 | Мәселенің қазіргі жағдайы | 8 |
1.2 | Мәселеге талдау жасау | 10 |
1.3 | Тиімді вариантын, нұсқасын таңдау | 20 |
1.4 | Осы тұрғыдағы ғылым мен техниканың даму бағыты | 20 |
1.5 | Мәселені қоюды негіздеу | 21 |
2 | Теориялық бөлім | 22 |
2.1 | Жүйесінің сипаттамасы | 22 |
2.2 | Орталық пост | 27 |
2.3 | ДО постының ТБ, ТС аппаратуралары | 28 |
2.4 | Желілік пункттің ТБ, ТС аппаратуралары | 31 |
2.5 | Жүйенің техникалық қамтылуы | 32 |
2.6 | Кодалық желі өшулігінің есебі | 33 |
3 | Практикалық бөлім | 36 |
3.1 | ДО постының ТБ, ТС сұлбаларының өңделуі | 36 |
3.2 | Желілік пункт ТБ, ТС сұлбаларының өңделуі | 40 |
Шешімдер мен қорытындылар | 47 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 48 | |
Қосымша | 50 | |
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы Қазақстан темір жол желісін автоматика және телемеханика құрылғыларымен жаңғырту барлық деңгейде тасымалдау процесін тиімді басқаруда және телімнің өткізу қабілеттілігін қамтамасыз етуде шешуші фактор болып табылады.
Пойыздар қозғалысын басқару үшін арналған телемеханика жүйесін кеңінен қолдану темір жол көлігі алдында тұрған мәселені шешуге ат салысады. Бұл мәселелерге темір жолдың өткізу қабілеттілігін арттыру, локомотивтар мен вагондардың айналуын қысқарту нәтижесінде пайдалану шығындарын азайту, сонымен қатар жұмыс өнімділігін арттыру мен темір жолшылардың еңбек шарттарын жақсарту сияқтылар жатады.
Автоматика және байланыс құрылғылары еліміздің темір жол көлігі инфрақұрылымының қажетті элементі болып табылады. Оларсыз саланың қалыпты жұмыс істеуін елестету қиын. Темір жол көлігінде технологиялық процессті жетілдірудің тиімді бағыты – диспетчерлік және бекеттік кодалық орталықтандыру жүйелерін қолданумен тасымалдау процесін басқаруды концентрациялау.
Жеке пунктер қатарындағы бұрмалар мен сигналдарды бір пунктен басқаруды; басқару аппаратурасында бұрмалардың жағдайын, аралықтың бос болмауын, бекет жолдарын және ондағы блок-телімлерді, сонымен қатар кіру, маршруттық және шығу бағдаршамдарының белгілерінің қайталануын; пойыздарды қабылдау және жөнелту бойынша бекеттегі бұрмалар мен сигналдарды қосымша басқаруға беруді; маневрлік жұмыста немесе маневрлер үшін бұрмаларды жергілікті басқаруға беруді; пойыздардың атқарылған қозғалыс графигінің автоматты жазылуын; ЭО және автоблокировкаға қойылатын талаптарды орындауды ДО құрылғылары қамтамасыз етуі тиіс. Диспетчер ЭО құрылғыларын басқарады және пойыздар қозғалысын ұйымдастыру бойынша шешім қабылдайды, егер пойыздық жағдайда конфликт пайда болса. Бұл пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін толық қамтамасыз етумен телімнің өткізу қабілеттілігін өте жақсы қолдануға мүмкіндік береді [2].
Диспетчерлік телімдегі бекеттердің бұрмаларын, сигналдарын және басқа да объектілерін орталықтандырылған диспетчерлік басқару үшін арналған темір жол автоматика, телемеханика және байланыс құрылғыларының кешені диспетчерлік орталықтандыру деп аталады. Пойыздар қозғалысын реттеудің едәуір жетілдірілген және тиімді жүйесі болып «Гипротранссигналсвязь» және «Транссвязь»зауытының қатысуымен ВНИИЖТ-те өңделген «Луч» диспетчерлік орталықтандыру жүйесі табылады. Қазіргі күнде бұл ДО жүйесі еліміздің темір жол желісінде кеңінен қолданыс тапқан [5].
...