Практическая работа по "Информатике"
Автор: nefretti • Сентябрь 21, 2021 • Реферат • 296 Слов (2 Страниц) • 311 Просмотры
№1 тақырып. Практикалық жұмыс
1.Ақпараттық революцияның екпінді дамуы нәтижесінде ақпарат мемлекеттік басқарудың басты ресурсына айналды. Қазақстан Республика Президентінің жарлығымен 2013 жылы 8 қаңтарда «Ақпараттық Қазақстан -2020» Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарлама біздің елдің ақпараттық қоғамға толыққанды ауысуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бағдарламаның басты міндеттері мыналар: Мемлекеттік басқару жүйесінің тиiмділігін қамтамасыз етуі, Ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету,АКТ-ны енгізу арқылы тіршілік ету сапасын және шарттарын арттыру,Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
2. Байқап қарасақ, ақпараттық қоғамды дамыту арқылы біз еріксіз әрбір саланың дамуына күш салмай-ақ серпін береміз.Жалпы АКТ жайлы айтатын болсақ қазір 3G,4G,5G технологияларын жылдам енгізу жүргізілуде. 2015 жылдан бастап Қазақтелекоммен бірге «Ауылға оптика» бағдарламасы жұмысын бастау жоспарда болды. Операторлар 250-ден астам халқы бар ауылды елді мекендерге «оптика» салды.
3.Біздің өмірімізде АКТ-ның пайда болуы қоғамды өзгертті.Мысалға:Телефондық жұмыстар пайда бола бастады,Ақпaрaттық қызметтер мен өнімдерге қолжетімділік бaғaсының төмендеуі, Іскерлік aқпaрaттaрғa қолжетімділік серіктестіктер, мaтериaлдaр, технологиялaр және оларды іздеу үшін шығындaрды aзaйтуғa мүмкіндік берді.
4.АКТ-ол ақпараттарды түрлендіруге және өңдеуге арналған технология.АКТ-ға:дербес компьютерлер,жергілікті есептеу жүйелері,көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары,терминалдық құралдардың жинақтары,мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары жатады.
5. АКТ-ның негізгі мақсаты – білім алушының қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни білім алушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу.
...