Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекция по "Информатике"

Автор:   •  Май 23, 2023  •  Лекция  •  5,180 Слов (21 Страниц)  •  149 Просмотры

Страница 1 из 21

2. Ортанғы жағында «процессор» сөзі, оң жағында «шығару құрылғылары» сөзі орналасады.Жалпы,бұл Фон Нейман машинасы есте сақтау құрылғысынан (жады) – ЕЖ, арифметикалық-логикалық құрылғысынан – АЛҚ, басқару құрылғысынан – БҚ, сонымен қатар жоғарыда схемада көрсетілгендей енгізу және шығару құрылғыларынан тұрады. Енді, процессор мен шығару құрылғыларына тоқталамын. Процессор - бұл деректерді өңдеу операцияларын орындайтын және компьютердің перифериялық құрылғыларын басқаратын компьютердің орталық құрылғысы. Процессордың құрамына кіреді:басқару құрылғысы (UU);арифметикалық логикалық құрылғы (ALU);процессордың жады мен процессордың жады регистрлері негізінде сақтау құрылғысы (жад); сағат генераторы(GTCH)..Яғни,Процессордың бір бөлігі арифметикалық-логикалық құрылғы (АЛҚ), ал екінші бөлігі құрылғыларды басқару функциясын атқаратын басқару құрылғысы (БҚ) деп аталады. Әдетте бұл құрылғылар құрылымы бойынша бірге, тек шартты түрде ғана бөлінеді.Сонымен қатар, Процессордың құрамында регистрға тәуелді емес, көптеген мамандандырылған қосымша жады ұяшықтары бар. Регистр командалармен сандарды уақытша сақтау функциясын атқарады.Ішкі құрылымы электрлік қиын тізбектерден құралған  миллиондаған микроскопиялық транзисторлардан тұрады. Осылар мидың клеткалары сияқты барлық есептеулерді орындайды.Ақпаратты шығару құрылғылары дегеніміз - ақпаратты машина тілінен адамның қабылдауына қол жетімді формаларға аударатын құрылғылар.Яғни компьютерден ақпаратты шығаруға арналған құрылғылар.  Ақпаратты шығару құрылғыларына: монитор, видео карта, принтер, плоттер, дк, колонкалар жатады.  Шығару құрылғысы — компьютердегі деректерді мәтін, кескін, дыбыстық сигналдар және т.с.с. түрінде береді Жүйелік блокқа қосылатын ең маңызды шығару құрылғылары мыналар:Монитор,Принтер,Үндеткіштер.Мысалы, Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады.

3. Веб-камера Интернет арқылы тек дауысыңызды ғана емес, бейнеңізді де жіберетін, нақты уақыт режимінде кескіндеуді түсіруге қабілетті сандық бейне немесе фотокамера.Сонымен қатар, ол бейне ағынын жасауға қабілетті, бейне кескіндерді электрондық пішімге айналдыратын құрылғы болып саналады. Компьютерге арнайы порт арқылы қосылып, оған сурет немесе бейнені жолдауға арналған. Сондықтан да Интернет жылдамдығы видеосигнал жіберуге жеткілікті болуын талап етеді. Веб-камераның жалпы кіріктірілген микрофоныда болып жатады. Және Камера компьютерге USB-разъем арқылы қосылады.Яғни Компьютерге арнайы порт арқылы қосылып, оған сурет немесе бейнені жолдауға арналған.

Проектор- экран қызметін атқаратын диффузиялық беттегі заттардың нақты бейнесін жасауға арналған оптикалық құрылыс.  Күрделі пішінді беттері бар тетіктерді тексеруге арналған аспап. Бұл аспаптардың экрандарында тексерілетін тетіктің үлкейтілген кескіні түседі. Проекторлар өтетін немесе шағылысатын сәулелерде жұмыс істеуі мүмкін. Тетік өлшемдері арнайы есептеу құрылғылардың көрсеткіштері бойынша экранда үлкейтілген кескіндерді бірден өлшеу арқылы табылады. Проектор экранның орналасуына байланысты әртүрлі көлемдегі кескіндерді көрсете алады

4. Дербес компьютердің негізгі конфигурациясы - бұл компьютермен жұмыс істеу үшін жеткілікті жабдықтың минималды жиынтығы Бүгінгі күні дербес компьютерлері үшін базалық төрт құрылғы бар конфигурация болып табылады: монитор; жүйелік блок; тышқан; пернетақта.

         Жүйелік блок –  дербес компьютер жүйесінің ең негізгі құрылғысы,блогы. Бұл блокта ішкі құрылғылар болып табылатын құрылғылар орналасқан. Құрылғылар жүйелік блокқа ішінен қосылады Яғни, Оның ішінде жүйелік тақша, аналық тақша, процессор, жедел жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта,магниттік және иілгіш дискілермен оптикалық диск жинағыштары және басқа да құрылғылар орналасқан. Жүйелі блоктың артқы жағында қосымша құрылғылар орналасқан.Олар; принтер,модем,сканер,микрофон.

...

Скачать:   txt (75.2 Kb)   pdf (309.8 Kb)   docx (218.3 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club