Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Основа сметного расчета

Автор:   •  Ноябрь 14, 2020  •  Методичка  •  1,342 Слов (6 Страниц)  •  425 Просмотры

Страница 1 из 6

1 ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕУ

1.1 Жұмыс көлемдерін есепетеу ережелері

Жергілікті және объектлік сметаларды жасау үшін орындалатын жұмыстар тізімін анықтау және олардың көлемдерін  есептеп алу қажет. Жұмыстар көлемін есептеуді кестелік формада жүргізу ұсынылады.

Кесте 1 – Жұмыстар көлемінің тізімі

Жұмыстар атауы

өлшем бірлігі

Есептеу формуласы

Жұмыс көлемі

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

Кесте 1 –дің 2 графасында орындалатын жұмыстардың атауы олардың  объектідегі технологиялық кезектілігімен көрсетіледі. Келесідей негізгі құрылыстық процесстер тізімі ұсынылады: 1 – топырақтың өсімдік қабатын кесу, 2 – жер жұсымтарының өндірісі, 3 – фундаменттерді орнату, 4 – сыртқы және ішкі қабырғаларды орнату, 5 – ғимарат каркасын жинақтау, 6 – қалқаларды орнату, 7 – тақталарды жинақтау, 8 – баспалдақ марштарын жинақтау, 9 – терезе және есік ойықтарын толтыру, 10 – шатыр орнату, 11 – еден орнату, 12 - өңдеу жұмыстарының өндірісі, 13 – басқадай ескерілмеген жұмыстар мен шығындар.    

Екінші бөлімнен бастап он екінші бөлімге дейін объектінің конструктивтік шешімдеріне байланысты жұмыстар қарастырылады. Мысалы «Фундаментті орнату» бөлімінде объектінің конструктивтік шешімінде ұсынылған фундаменттің барлық түрлерін көрсету керек: ленталық, монолитті немесе құрама темірбетонды фундаменттерді орнату, колонна астындағы фундаменттер стаканын орнату, фундамент астына құмды негіз дайындау, фундаментті судан оқшаулау және т.б.

Жоғарыда көрсетілген бөлімдерде көрсетілген жұмыс атаулары Бірыңғай Аудандық Бірліктік Бағаламалар (БАББ) бойынша осы жұмыстардың атауына сәйкес болуы тиіс. Кесте 1-гі 3 графадағы өлшем бірліктер де БАББ қабылданған өлшем бірліктерге сәйкес болуы тиіс.

4 графаға студент жұмыс көлемін есептеуде қолданатын формуланың сандық көрінісін жазады. 5 графаға жұмыс көлемінің есептеулерінің нәтижесі енгізіледі.

Жер жұмыстарының көлемін есептеу ережелері. Территорияны жоспарлаудан (м2) басқа жер жұмыстары м3 өлшенеді

Территорияны жоспарлаумен байланысты жұмыс көлемі құрылыс алаңының келтірілген ауданы бойынша анықталады (ғимарат мөлшеріне әр жағынан 5 м қосып құрылыс ауданын анықтайды).

Топырақтың өсімдік қабатын кесу құрылыс ауданынан 20-50 см тереңдікте орындалады.

Котловандар мен траншеяларды өңдеуде жұмыс көлемі котлаван ауданын оның тереңдігіне көбейту арқылы анықтайды. Тереңдігі 1,5 м-ден үлкен котловандарды өңдеуде оның қабырғаларын тақтайлармен бекіту жұмыстарын қарастыру керек.

Топырақты төгу және нығыздау бойынша жұмыс көлемдері котлован көлемі мен фундамент көлемінің айырмасы ретінде анықталады. Топырақты қолмен өңдеу жұмысының көлемі фундаменттің астын құммен дайындау көлемінің есебімен механикаландырылған жұмыс көлемінінің 3-7% мөлшеріне тең етіп қабылданады.

Скрепер немесе бульдозермен топырақты өңдеуде әдетте құрылыс ауданында топырақтың орнын ауыстыру және тегістеу жұмыстары қарастырылады, яғни артық топырақ көлемі котлован көлемі мен кері төгуге кететін топырақ көлемінің арасындағы айырма ретінде анықталады.

Көлік құралдарына тиеу арқылы орындалатын топырақты өңдеуде топырақты әкетумен байланысты шығындарды ескеру керек. Тиелетін топырақ көлемі т-км өлшенеді (м3-тен т-км өту коэффициенті – к=1,2).

Фундаментті орнату бойынша жұмыс көлемін есептеу ережелері. Фундаментті орнату бойынша жұмыс көлемін есептеу конструктивтік шешімдерге тәуелді болады. Монолитті, буто, темір бетонды фундаменттерд үшін жұмыс көлемі м3 анықталады. Ленталық фундаменттерді орнатуда жұмыс көлемі қабырға ұзындығын фундамент еніне (қабырға қалыңдығы қосу 0,2м) және фундамент биіктігіне көбейтумен анықталады. Колонналар астына фундаменттерді орнатуда жұмыс көлемі фундаменттің келтірілген қимасын (колонна мөлшері қосу 0,2м) фундамент биіктігіне көбейтумен анықталады.

...

Скачать:   txt (19.8 Kb)   pdf (77.8 Kb)   docx (13 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club