Италия
Автор: ainura__009 • Февраль 14, 2019 • Реферат • 1,982 Слов (8 Страниц) • 733 Просмотры
Дәріс №3 Италия
- Жалпы мәлімет
- Табиғи жағдай мен ресурстар
- Тариғи-географиялық ерекшеліктер
- Мемлекеттік құрылысы және саяси-әкімшілік бөлінісі
- халқы
- Шаруашылықтың жалпы сипаттамасы
- Ауыл шаруашылығы
- Транспорт
- Туризм
Италия, Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет.
- Жер көлемі – 301,2 мың км2.
- Халқы – 57,5 млн. адам (1998).
- Халқының 94%-ы италиялықтар.
- Мемлекеттік тілі – италиян тілі.
- Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. -- Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.),Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан.
Италия-әлемнің ең көне мемлекеттерінің бірі сонымен қатар салыстырмалы түрде жас мемлекет. Яғни, саяси картада пайда болғанына не бары жүз жылдан асады. Саяси картада тарихи аумағында тұрақталған мемлекет болып 1871 жылы жарияланған еді. Ал қазір батыстың дамыған жеті мемлекетінің қатарына еніп отыр. Италияның экономикасы мен беделі әсіресе соңғы жүз жылда қарқынды көтерілді.
Италияның танымалдылығын тек қана Жерорта теңізінің әсемдігі емес, сонымен қатар Альпінің жарқыраған шыңдары, Сицилияның апельсин бақтары, Тоскан мен Лацио жүзімдіктері де халықтың қызығушылықтарын арттыруда. Бұған қоса сансыз көп италияндықтар мәдениетінің ескерткіштері мен мемлекетте шығатын автокөлік түрлері, химия өнеркәсібінің өнімдері, сәнді киімдер мен аяқ киім өнімдері және де кино индустриясы болып табылады.
Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 жылы) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады.
Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында.
Елдің басты өзені – По (ұзындығы 652 км) (Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан.
Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м-ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі.
Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.
Климаты, негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 – 22°С-тан (солтүстікте) 28°С-қа дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0°С-тан (солтүстікте) 12°С-қа (оңтүстікте) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста –15 – 20°С аяз болады. ар.
Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-ге (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін.
Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында.
Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Шамамен 98%. Өзге ұлттар: немістер (Трентино-Альто-Адидже облысында), француздар (Валле-д`Аоста), словендер (Триесте-Гориция). Рим империясының кезінен бері еврей қауымы тараған. Қазіргі Италияда үшінші әлемнің босқындары көптеп тұрып жатыр, олар көбіне арабтар мен албандар. Италиядан тыс әлемде 20 млн.италияндар бар, олар көбіне АҚШ және Батыс Еуропада. Қала халқы 67%. Халық тығыздығы 192,5 адам/км2.
...