Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құрылыстық керамика

Автор:   •  Сентябрь 20, 2019  •  Лабораторная работа  •  7,894 Слов (32 Страниц)  •  459 Просмотры

Страница 1 из 32

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым  министрлігі

М. Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік   Университеті

«Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларының         технологиясы»  кафедрасы

Ақылбекова А.У.,Қалшабекова Э.Н

«Құрылыстық  керамика-1»

пәні бойынша  лабораториялық жұмыстарды  орындауға арналған

әдістемелік нұсқау

5В073000 «Құрылыс  материалдары, бұйымдары   мен  конструкцияларын    өндіру» мамандығы студенттері үшін  

Оқу формасы: күндізгі, сырттай

                                                                ШЫМКЕНТ- 2014

   Лабораториялық жұмыс 1

Керамикалық  материалдарының құрылысына және пайдалану аймағына байланысты   жіктелуі

  Минералдық шикізаттан, оны қалыпқа салып, өте жоғары  температурада күйдіру арқылы алынатын тас  бұйымдар  керамикалық зат  деп аталады.   «Керамика»  термині  ежелгі  Грецияда  саздан  бұйымдар  жасау  өнерін  бейнелеген  «Керамейс» сөзінен  шыққан.  Керамикалар – барлық  жасанды   тас  бұйымдардың   ішіндегі   ең  ежелгісі.  Қарабайыр  керамикалық  бұйымдардың   қалдықтары   тас   ғасырына   жататын   қоныстар орнынан табылуда. Құрылыс материалы   ретіндегі   керамикалық бұйымдардың  жасы   5000 жылдардан асады. Керамикалық құрлыс материалдары өздерінің   құрылысына  орай  негізгі  екі  топқа   бөлінеді:  кеуекті және  тығыз.

         1. Кеуекті  зат 5% - тен астам  ылғал  тартады. Орташа  есеппен  олардың  ылғал  тартуы   салмақ  бойынша 8–20%,  көлем  бойынша 14–36% құрайды. Қабырғалық,  шатырлық  және қаптама  материалдар,  сондай–ақ дренажды материалдардың, құбырлардың қабырғалары, т.б. кеуекті құрылымға  ие.

         2.  Тығыз  қасиетке   ие  керамикалық   заттар - 5%-тен аз  ылғал   тартады, ол   көп  жағдайда   салмақ бойынша  1-4 %,  көлем  бойынша 2–8%-тен аспайды.  Еден плиталары,  жол  кірпіштері,  канализация    қабырғалары,  т.б.  тығыз  құрылымды  келеді.

         Өзінің   арналғандығына  орай   керамикалық  материалдар  мен  заттардың   түрлері  көп:

       - қабырғалық  бұйымдар (кірпіш, іші бос жасанды тастар  және   олардан  жасалған  панельдер);

       - шатырлық заттар;

       - бөлу  элементтері;

       - ішкі  және сыртқы   каптамалық  материалдар (бет кірпіш, шағын  көлемді  және   басқа   плиткалар,  жиынтық  панельдер, архитектуралық–көлемдік  бөлшектер,  көзі бар  плиталар  және   оларға   арналған  сәндік   бұйымдар – қалқанша,  бұрыштама, белдеуше);

       - жеңіл  бетондарға   арналған   толтырғыштар (керамзит, аглопорит);

       - жылу  доғарғыш  бұйымдар (ұялы керамика, диатомитті, перлитті керамика  және  басқалар);

       - санитарлық–техникалық  бұйымдар (жуыну столдары, ванналар,  унитаздар);

       - еден  плиткалары,  жол кірпіш,  отқаққыштар;

       - қышқылға  төзімді   бұйымдар (кірпіш,  плиталар, құбырлар және оған  қажетті  сәндік  бөлшектер);

       - жер  асты  жүйесіне қажетті  бұйымдар (канализациялық және дренаждық құбырлар);

       - арнайы керамикалар.

       Бұл келтірілген   жүйелеу   құрылыстағы  керамикалық   бұйымдар   мен  материалдардың  индустриялық   құрылыс   үшін   олардың   бәрі   бірдей  маңызды  болмаса  да, кең  таралғанын көрсетеді. Индустриялық  қолданыстағы   материалдар  мен бұйымдар өндіру  ісі жедел  дамуда (бетонға арналған тесікті  толтырғыштар, қас беттік керамика, жылу  сақтағыш  бұйымдар).

КЕРАМИКАЛЫҚ  БҰЙЫМНЫҢ  ЫЛҒАЛ  ТАРТУЫН  АНЫҚТАУ

       а)  Бұйымның ылғал  тартуын  анықтау  үшін заттың бес  үлгісін  105-110ºС температурада  тұрақты  салмаққа  дейін  кептіреді. Бөлменің  температурасына  дейін  салқындаған  соң  кептірілген  үлгілерді  таразыға  тартып, ыдыс  түбіне  тік  тұрғызып  қояды. Үстіне  заттың жоғары  жағынан  деңгейі  2 см асып  тұратындай  етіп  су  құяды. Осы  қалыпта  үлгілер 28 сағат  ұсталады. Одан  кейін  оларды  дереу  жұмсақ  ылғал  шүберекпен сүртіп, таразыға  тартады. Заттың   ылғал  сіңіргіштігін  бес  үлгінің  орта  арифметикалық  көрсеткіші  ретінде  мына  формула бойынша   процентпен есептеп  шығарады:

...

Скачать:   txt (73.1 Kb)   pdf (901 Kb)   docx (127.3 Kb)  
Продолжить читать еще 31 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club