Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құрылыс ауданының техникалық-экономикалық құрылымы

Автор:   •  Май 11, 2019  •  Курсовая работа  •  14,543 Слов (59 Страниц)  •  560 Просмотры

Страница 1 из 59

Мазмұны

Кіріспе        5

1 Құрылыс аймағының сипаттамасы        6

2 Шығарылатын бұйымдардың номенклатурасы        7

3 Шығарылатын бұйымдарға қойылатын негізгі талаптар        9

4 Технологиялық бөлім        11

4.1 Цехтың жұмыс істеу режимі        11

4.2 Зауыттың өнімділігі        12

4.3 Шикізат және жартылай дайын өнімдер        13

4.4 Бетон құрамын есептеу        17

4.5 Шикізаттар мен жартылай дайын өнімдер шығыны        19

4.6 Қоймалардың есептемесі        21

4.7 Өндірістің технологиялық үдерісі        24

4.8 Негізгі технологиялық және тасымалдау қондырғыларының есептемесі        29

4.9 Энергиялық ресурстар қажеттілігінің есептемесі        32

4.10 Технологиялық үдерісті және дайын өнімнің сапасын бақылау        32

5 Еңбек және қоршаған орта қауіпсіздігі        35

Қорытынды        37

Қолданылған әдебиеттер тізімі        39

Кіріспе[pic 1]

Ел экономикасы үшін құрылыс саласының мән-маңызы айтарлықтай рөл ойнамақ. Дамыған елдерде құрылыс материалдарының өндірісі экономиканың аса маңызды салаларының құрамына кіретін құрылыс кластерінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерген. Ал бізде құрылыс индустриясын 700-ге тарта өнеркәсіптік кәсіпорындар құрайды. Олардың қызметі құрылыс материалдарын өндірумен ғана шектеліп отыр. Құрылыс индустриясы объектілерін жекешелендіру, құрылыс ұйымдарын қайта құру және мемлекет иелігінен алу кезеңінде құрылыс жұмыстарының көлемі күрт төмендегенімен қоса, құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдеріне сұраныс та азайып кетті. Бұл осы саладағы көптеген ірі кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына және жойылуына алып келді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, аталмыш саланың өнеркәсіптік өндірістегі үлесі 2,2 пайызды құрады. «Қазақстан-2050» стратегиясы бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында елімізге инвестицияларды тарту, жаңа технологияларды игерген, бәсекеге қабілетті, үлкен тәжірибеге ие алпауыт компаниялардың шикізат секторынан тыс өндірісті дамыту және импортты азайтып, экспортты көбейту мәселесіне сәйкес индустриялық және арнайы экономика аймақтарының инфрақұрылымын дамытуға көптеген қаржы бөлінді. Бұл саладағы мемлекеттен қолдау тапқан бастамаларға білек сыбана кіріскенмен, елдегі құрылыс жағдайының оңалып кетуі екіталай күйде тұр. Таяуда Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған Құттықожа Ыдырысов құрылыс саласына қатысты мәселенің мән-жайына назар аударып: «Қазіргі таңда елдегі бірқатар аймақтарда әртүрлі бағыттарға икемделген өндіріс зауыттарын іске қосу көзделіп отыр. Сонымен қоса, біршама заңдық құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

2017 жылғы 1 тамызда Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес 6 басымдық өңдеуші өнеркәсіп көзделіп, соның ішінде 14 сектор, ал оның ішінде өндіріс құрылыс материалдары айқындалған. Дегенмен де, елімізде құрылыс материалдары бағасының өсуі және сырттан келетін импорттың едәуір өсуі байқалады. Бәсекеге қабілетті отандық өндірушілер саны азаюда, оның себебі бірегей өнімдердің шығарылмауы, көптеген бағытқа арналған құрылыс материалдарды өндеу жұмысының жолға қойылмауы, еңбектің төмен өнімділігі және аспаптар мен технологиялардың ескі екендігіне байланысты болып отыр. Осыған орай табиғатымыздың шикізаттары рәсуа болып, негізінде тек қана құрылыс материалдары өңделуде, оның ішінде цемент және кірпіш өндірісі ғана енді бір жүйеге келіп отыр. Елімізде металургия комбинаттарын қайта жаңғырту және кеңейту бағдарламалары қабылданып, энергетика салалары да дамуда, жалпы айтқанда ауқымды индустриализациялануға бағыт алған. Үлкен қалаларымызда аяқ басатын жер қалмай, көлік тұрақтары тұратын жердің қажеттілігі сезілуде, сонымен қатар орталықта аулалардың таршылығына байланысты халықаралық стандарттарға сай автоматтандырылған көп қабатты көлік тұрақтары тұратын ғимараттарды салу мәселесі тезірек шешімін табу қажеттігі жайлы көп жылдар бойы айтылып келеді. Жоғарыда атап көрсетілген барлық жоспарланған және айтылған нысандардың құрылысына негізінде 50 пайыздан 80 пайыз аралығында құрылыс материалдарының басым бөлігі жоғары сапалы өңделген темір-болат бұйымдарынан жасалатыны бәрімізге де айқын. Атап айтқанда, өндіріс орындары, зауыттар мен комбинаттар өздерінің жұмыстарында ауыр крандар, гидравликалық қондырғылар және әртүрлі аспаптарды қолданады. Дамыған елдердің басым бөлігінде осы жаңа технологиялармен өнделген темір-болат конструкция өнімі 60-пайыздан аса әр өндіріс экономикасында қолданылып келеді. Неге десеңіз, ең алдымен қауіпсіз әзі арзан, икемді және жоғары сапаға сай болып отыр. Қосымша артықшылығын қарап көрсек, баға жағы, сапасы, көпке шыдамдылығы және жедел құрылыс жасауға икемділігі жақтарынан басқа құрылыс өнімдеріне қарағанда едәуір жоғары болып келеді. Қазақстанның сыртқы экспортының ішінде осы атап айтқан металқұралымның өндірісі 0,02 пайыздан аспайды, яғни жыл санап азаюда және жоғарыда көрсетілген ауқымды құрылыстарды ескерсек, онда импорт пайызы едәуір өсіп кетуі әбден мүмкін.

...

Скачать:   txt (179.6 Kb)   pdf (715.3 Kb)   docx (166.9 Kb)  
Продолжить читать еще 58 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club