Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Терінің косметика әсерінен зардап шегуі

Автор:   •  Май 12, 2023  •  Лекция  •  1,746 Слов (7 Страниц)  •  194 Просмотры

Страница 1 из 7

ӘОЖ 61.574

Тынысова Ж.Р.Химия-биология 2 курс 3 топ студенті,

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы, jangulimtynysova@gmail.com 

Узакова А.Б.Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің PhD оқытушысы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы,

а7_uzakova@mail.ru

Терінің косметика әсерінен зардап шегуі

Аңдатпа. Мақалада бүгінгі күнде сұранысқа ие болып отырған косметиканың адам денсаулығына соның ішінде теріге зиянды екені қарастырылған.Косметикалық құралдардың химиялық құрамын зерттей келе,олардың адам денсаулығына едәуір зиян тигізетінін білді. Косметиканы көп қолдану уақыт өте келе денсаулыққа кері әсер етіп,аллергиялық аурулар ушығып  кетуіне дейін ауқымды.Қазіргі уақытта қыз-келіншектер күнде бірнеше түрлі косметикалық құралдарды көп пайдаланады,алайда оның химиялық құрамын ешкім зерттемейді.Күнделікті бетті әрлеуге арналған және тері күтімі мен шаш күтіміне арналған заттардың денсаулыққа кері әсер ететіндігі осы мақалада қарастырылған. Мұндай өнімдердің пайдасынан зияны жетерлік.Мақалада шетелден экспортталатын косметикаға сұраныстың артуы және оның химияға бай қоспасы денсаулыққа кері әсер ететіндігі атап өтіледі.Сәндік косметикадан туындайтын ауруларға баса назар аудара отырып,мақалада табиғи өнімді қолдану арқылы қалай әдемі болып көріну,денсаулыққа зиян келмейтіндігі және сау,жарқыраған теріге қалай жететіндігі туралы түсіндіріледі.Сонымен қатар,мақалада косметиканың құрамына кіретін химиялық заттар,олардың денсаулыққа және теріге қалай әсер ететіндігі жөнінде көптеген ақпараттар беріледі.

Түйін сөздер: косметика,табиғи өнім,аллергия,дерматит

Кіріспе Косметика және жеке күтім өнімдері біздің өмірімізде мыңдаған жылдар бойы маңызды рөл атқарып келеді. Бүгінгі таңда артып келе жатқан өнім түрлері  мақсатты аудиторияға ие болды және бұрын көп көңіл бөлінбейтін топтарға ерекше назар аударыла бастады. Инновация, шығармашылық ойлау және проблемаларды шешу косметикалық салада қажетті дағдылар. Әлемдегі әйелдердің көпшілігі әдемі болып көріну үшін бір дәрежеде сәндік косметиканы пайдаланады. Олардың көпшілігі косметикасыз бір күнді елестете алмайды. Сәндік косметиканы қолдану немесе қолданбау - бұл әр қыздың өз таңдауы. Ең бастысы - аллергия тудырмайтын және терінің күрделі проблемаларын тудырмайтын жоғары сапалы өнімдерді таңдау.            Косметиканы пайдалануды екі жүзді қылыш деп айтуға болады. Себебі косметиканы қолданудың мақсаты терінің дұрыс жұмыс істеуіне мүмкіндік беру және әдемі, сау жарқыраған теріні сақтау үшін оның гомеостазын қолдау болып табылады. Алайда, екінші жағынан, бұл косметиканың кейбір ингредиенттері теріге зиянды және тері ауруларына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Материалдар мен әдістер

Қазіргі заманғы косметика - бұл көптеген ингредиенттерден тұратын күрделі өнімдер және олардың әрқайсысы жағымсыз кері реакцияларды тудыруға қабілетті.Көбінесе асқынулар тері күтімі, шаш және макияж өнімдерінен туындайды. Жағымсыз кері реакциялар белгілі бір өнімді бір рет қолданғанда да, бірнеше рет қолданғанда да пайда болуы мүмкін, алайда косметикаға аллергия мен бет терісінің құртылуы оларды қолдану жиілігіне тікелей байланысты.[1]

Косметиканы қолдану кезінде жағымсыз реакциялардың клиникалық көріністері көбінесе дерматит түрінде болады. Бастапқы кезеңдерде байланыс дерматиті және аллергиялық байланыс дерматиті ұзақ уақыт бойы сақталатын құрғақ тері түрінде көрінеді. Кейінірек везикулярлы бөртпелер, жарықтар, терінің мацерациясы, көпіршіктер пайда болуы мүмкін. Жеңіл жағдайларда, контактілі дерматитпен, терінің зақымдануы шамалы және құрғақтық пен қышумен көрінеді.Америкалық дерматология академиясының мәліметі бойынша, ересек адам күніне кемінде 7 косметикалық өнімді пайдаланады.АҚШ-та косметикадан туындаған тері зақымдануы бар науқастардың саны 1-3% құрайды немесе жылына шамамен бір жарым миллион жағдай. Ұлыбританияда әйелдердің 23% және ерлердің 13,8% косметикаға (дезодоранттар, парфюмерия, тері немесе шаш күтімі құралдары, тырнақ косметикасы және т.б.) қатысты жағымсыз тері реакцияларына тап болады. Жиі аллергендер парфюмерия,дәретхана суы, одеколон, сондай-ақ консерванттардың құрамдас бөлігі болып табылады. Консерванттармен бірге хош иістендіргіштер, парафенилендиаминдер және глицеол монотиоглюколат аллергиялық контактілі дерматиттің жалпы себебі болып табылады. Косметикалық өнімнің құрамындағы бір немесе басқа химиялық аллергенге жоғары сезімталдық көптеген факторлармен анықталады, бірақ бәрінен   бұрын - иммундық жүйенің күйі әсер етеді. Аллергиялық ауруларға тұқым қуалайтын бейімділігі бар адамдарда немесе  иммунитеттің  шиеленісуін тудыратын созылмалы инфекция ошақтары бар адамдарда реакция оңайырақ дамиды. Кейбір жағдайларда жүйке-психикалық бұзылуларға байланысты организм сезімтал болады. Химиялық аллергендерге сенсибилизация процесінде терлеу мен терінің сезімталдығының жоғарылауы маңызды рөл атқарады.Осылайша, оның жұқаруы арқылы дерматит тезірек және жиі пайда болады.

...

Скачать:   txt (24.9 Kb)   pdf (151.9 Kb)   docx (206.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club