Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Экологии"

Автор:   •  Август 28, 2025  •  Курс лекций  •  54,652 Слов (219 Страниц)  •  1,809 Просмотры

Страница 1 из 219

ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚА ЖИНАҒЫ

Тақырып 1

Кіріспе

Дәріс мақсаты: Экология  туралы түсінік бере  отырып, экологияның  бөлімдерін, оның  зерттеулер  бағытын және  экологияның даму  кезеңдері  туралы   ұғындыру.

Қолданылатын сөздер: экология, экологиялық факторлар түрлері, әлемдік экология, адамзат экологиясы.

        1. Қазіргі   заманғы  экологияның мәні  мен  міндеттері

        Экология – ағзалардың арасында болатын қарым-қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды табиғи заңдылықтарды, биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс-әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.

Экология ғылымдарының осы кездегі мазмұны мен міндеттері өте күрделі. Дара ағзасы (особь) мен айналаны қоршаған ортаға бейімделу (адаптация), популяциялар арасындағы қарым – қатынастар биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымдарымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақтың физикалық, химиялық және биологиялыққұрамы, абиотикалық факторларға байланысты ағзалардың бейімделуі биологиялық зерттеулерге ұласады. Ал антропогендік факторлар экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар әлемдік экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-биосфера- қоғам арасындағы қарым – қатынасты зерттеу, бақылау және баға беру (мониторинг) оның айналаны қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек.  

        Экология ғылымдарының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.

        Экология ғылымының зерттеу мөлшері -  биологиялық және химиялық микро және макрожүйелер (түрлі популяциялық,биоценоз,  экожүйелер т.б.) мен оның уақытпен кеңістікке қатысты тіршілік тәуліктің маусымдық жылдық ырғағы.

       

        2. Экология  ғылымының  негізгі  зерттейтін  бағыттары

       Экология ғылымдарының негізгі зерттейтін бағыттары:

1. Ағзалардың бір-бірімен қарым – қатынастары мен айналаны қоршаған табиғи ортасы.

2. Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістіккебайланысты туындайтын өзгерістері.

3. Табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми – теориялық негіздері.

4. Адам-биосфера- қоғам арасындағы гормониялық байланыстарды зерттеу.

5. Биосфера шегіндегі биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру.

6. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың әлемдік нормаға жеткізу.

         3. Экологияның  зерттеу  әдістері          

         Экология – биология ғылымдарының көрнекті  және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экология - гректің (oikos – үй, тұрақ, мекен және logos – ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым – қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді.

        Адам экологиясы және халықтық экология (этноэкология)   бағыттары дами түсуде.

        Биосферада, ноосферада, экожүйелерде, табиғи және жасанды ландшафтарда фитоценоздардың тұрақты сақталуы- адамзат баласының ақыл-оймен, іс-әрекетімен тікелей тәуелді.

          Экология ғылымының негізгі мақсаты – биосфера мен ноосфера, экожүйе, биогиоценоз тұрақтылығын сақтап ол үшін халықтың барлық деңгейінің экологиялық білімі, мәдениеті мен тәрбиесі жоғары болуына өзіндік үлес қосу.

        Келешек жеткіншектерге  экологиялық білім мен тәрбие берудің даму кезеңдеріне тоқталатын болсақ, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО білім және мәдениет туралы) проблемалардан туындайды.1971ж. Швейцарияда 1-ші Европалық конференция ашылып онда, «Айналаны қоршаған табиғи орта», «Табиғат қорғау» проблемалары талқыланды.

...

Скачать:   txt (763.1 Kb)   pdf (1.8 Mb)   docx (631.2 Kb)  
Продолжить читать еще 218 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club