Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Уголовному праву"

Автор:   •  Март 19, 2024  •  Шпаргалка  •  4,126 Слов (17 Страниц)  •  99 Просмотры

Страница 1 из 17

99-бап Адам өлтіру

106-бап Денсаулыққа қасақана зиян келтіру

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жагдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негіз- гі құрам - бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне (99-баптың 2-тармағы) жатпай- тын құрам. Негізгі құрамға (99- баптың І-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жа- тады: кызғаныштан, төбелес кезінде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбірленушінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, жеке карым-катынас не- гізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру оқиғалары. Ауырлататын жағдайлардагы адам өлтіру - Қылмыстык кодскстің 99-бабының 2- тармағында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі эр түрлі. Топка бөлу үшін көбінесе қылмыс құрамының элементтері пайдаланылады. 2014 жылғы Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір тәртіппен орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге және объективті жаққа қатысты жағдайлар, сонан соң субъективтік жакка және субъектіге катыстылары келтіріледі. Сондықтан адам өлтірудің ауырлататын жағдайлары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабында қалай орналастырылған болса, сол бойынша қарастырылады. 1) екі немесе одан көп адамды өлтіру (ҚК-тін 99-бабы, 2-тармағынын «1» тармақшасы) Адам өлтірудің бұл түрі кінэлі екі немесе одан көп адамды өмірінен айырған жағдайда болады. Мұндайда кінэлінің екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығы, яғни бірыңғай қасақана ниетінің болғандығын анықтау керек. Дұрысында жәбірленушілердің өлуі бір мезгілде болады. Мынадай жағдайдың да болуы мүмкін: кінэлі әуелі бір адамды өлтіреді, содан соң біршама уақыт өткеннен кейін, әдетте көп кешікпей, басқа адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы бар. Мұндайда эр адамды өлтіру себептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін, ол мысал үшін - кек алу мақсатында, ал екін- шісін бірінші кісі өлтіруді жасыру мақсатында өлтіреді. Сонымен бірге - екінші адамды өлтіру ниеті бірінші кісі өлтіруден кейін емес, оған дейін пайда болды. Осы жагдайларда кінэлінің әрекеті осы «а» 252 тармақшасымен сараланады. Егер екі немесе одан көп адамды өлтіру ниеті бола тұра бір адам өлтірілсе жэне екіншісінің өміріне қастандык жасалған болса, мұнда екі немесе одан көп адамды өлтіру аяқталмағандықтан, кінэлінің әрекеті ҚК-тің 24-бабының 3-тармагы жэне 96-бабының 2- тармағының «а» тармақшасы бойынша саралануы тиіс. 2) адамнын қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру (ҚК-тін 99-бабы, 2- тармагының «2» тармақшасы). Мұндай адам өлтіру кінэлінің жәбірленушіні немесе оның жақын туыстарын олардың кызметтік немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі келтіру максаттарында, немесе олардан осындай әрекеттері үшін кек алу мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғаргы Сотының 2007 жылгы 11 маусымдагы «Адамның өмірі мен денсаулыгына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы № 1 нормативтік каулысында кез келген адамның қызмет аясына жататын жүмысын қызметтік борышты орындау, ал қогамдык борышты орындау деп - арнайы жүктелетін қогамдык міндеттердің орын- далуын айтады. Сондай-ақ қоғам немесе жеке адамның мүддесіне бола (заңды бұзуга жол бермеу, дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өкімет органдары- на хабарлау және т.б.) жасалған баска әрекеттер де коғамдық міндеттер болып таны- лады. Қылмысты саралау үшін жәбірленушінің қызметтік немесе қогамдық іс-әрекет жасағаннан бері өткен уақытының маңызы шамалы. Ең бастысы, кінэлінің адам өлтіруі олардың осындай функцияларды атқаруына байланысты болады. Адам өлтірудің осы түрі бойынша жәбірленушілер болып қызметтік немесе когамдық функция атқарган адамның өзі немесе олардың жакын туыстары болуы мүмкін. Жақын туыстардың түсінігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тиісті баптарында берілген. Олар - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бірге тұрған және бірге тумаған туыс ага-інілері мен апа-сіңлілері, агасы, әжесі, немерелері. Егер кызметтік немесе қогамдық борышын орындаумен байланысты олардың өзін не- месе жақын туыстарын өлтіргені үшін заңда арнаулы бап көзделген болса, онда кінэлінің әрекеті осы арнаулы норма бойынша саралануға жатады (ҚК-тің 408-бабы). 3) кінэлі адамга дэрменсіз күнде екені көрінеу белплі адамды, сол сиякты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұінтасқан кісі олтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармагынын 3- тармақшасы) Жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл-есінен уакытша айрылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болган, оның дене мүшелерінің немесе психикалык жай-күйінің салдарынан кінэліге қарсылық көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай- күиі деп гүсіну керек. Мұндаи жаи-күи алкогольден, сол сиякты есірткіден мас болудың жэне жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірленушіні мұндай жағдайға кімнің душар еткендігінің, бұған қандай себеп болғандыгының ешбір мәні жоқ. Адамды ұрлаумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау процесінде жэбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған кылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру болган кезде орын алады. Адамды ұрлау (ҚК-тің 125-бабында) жэне кепілдікке алу (261-бапта) түсінігі берілген. Адамды ұрлау касакана өлтірумен ұштаскан жағдайда, не адам өлтіру осы істе- ген қылмыстарды жасыру әдісі, болса мұндай әрекеттер дербес қылмыс кұрамын құрайтындықтан, кінэлінің әрекеттері қылмыстың жиынтыгы бойынша сараланады (ҚК-тің 125, 99-бабы, 3- тармағының «в» тармақшасы, 261, 99-бабы, 2-тармағының «3» тармақшасы). 253 4) кінәлігежүкті екендігі белгілі әйелді олтіру (ҚК-тін 99-бабының 2-тармагынын «4» тармакшасы) Адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрыкша жағдайына орай көтеріңкі коғамдык қауіптілікпен сипатталады. Осы құрамның болуы үшін ең алдымен екі міндетгі белгінін болуы шарт. Жәбірленуші кез келген ұзақтықтағы жүктілік жагдайында болуы жэне ол туралы айыпкердің білуі керек. «Белгілі» деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен хабардар болғандығын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық растыгына оның күмәнінің болған-болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол жәбірленушінің жүкті екендігі туралы жәбірленушінің өзінен немесе бұл туралы басқалар арқылы хабар- дар болады. Бұл жерде жүктілік мерзімі, ұрықтың өміршең еместігі, эйелдің жүкті екен- дігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте тұргантұрмағандығының оған катысы жоқ' Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес эйелді жүкті әйел екен деп өлтірсе, онда оның әрекеті кылмыстық ниеттің бағытына карай осы тұрғыдагы кылмыска окталғандық ретінде сараланады (ҚК-тің 24-бабы, 3-тармағы, 96-бабы, 2-тармағының «в» тармақшасы). 5) аса катмгездікпен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-іармаіынын «5» тармақшасы) Адам өлтірудің өзі қатыгездік эрекет. Осы тармақ бойынша эрекетті саралау үшін айрыкша қатыгездік талап етіледі. Бұл жөнінде, ең алдымен адам өлтіру әдісі айғактама болады. Адамды өмірінен айыру жэбірленушіні айрыкша корлау мен кинауга байланыс- ты әдіспен жасалады: көптеген жарақат салу, тірідей өртеу, алдын ала, біртіндеп дене мүшелерін кесу, азапты эсер ететін уды қолдану, ұзак уакытка судан, жылудан айыру және басқалар. Айрықша қатыгездікпен адам өлтіруге, сондай-ақ жәбірленушіні оған жақын адамдардың: балаларының, ата-аналарының, қалыңдығыныңжэнет.б. көзінше, кінэлінің өз әрекеті аркылы оларды ерекше күйзеліс пен қайгы-қасіретке әкелетінін біле тұрып, өлтіруі де жатқызылады. Жэбірленушіге туыс адамдар ғана емес, қалыптаскан өзара карым-катынастағы сый- лас адамдар да (заңды некеде жок ерлі-зайыптылар, жігіт пен қалыңдық, камқоршылар мен бағып-қағуға алгандар, солардың қолындагылар, т.б.) оның жакындары деп танылуы мүмкін26 27 6) баска адамдардын оміріне кауіпті тәсілмен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2- тармаі ының «6» тармақшасы) Адам өлтірудің осы түрін жасаған кезде кінэлі бір адамның ғана емес, көпшіліктің өміріне қауіп тудыратын тәсілді қолданады. Мұндай тәсілдерге адамдар көп болатын жер- лерде жарылыс, өрт қою, су қаптату т.б. жатады. Кей жағдайларда көптеген адамдардың өміріне кауіп келтіру атылатын қаруды, улы заттарды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы да жүзеге асырылады. Көп адамдардың өміріне кауіпті тәсілге кінәлінің белгілі бір адамды өлтіру мақсатымен ол тұрған топка қарай мылтык атуы, немесе айдап келе жатқан автокөлігін топ ішін- де тұрған сол адамға қарай зор жылдамдықпен бұрып, басып өтпекші болу әрекеттері де жатады. Мұндай ретте кінэлінің әрекетін дұрыс саралауға кісі өлтіру үшін таңдап алынған қылмысты істеу тәсілі мен қару колданудың орнын дұрыс аныктаудың маңызы айрыкша. Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2- тармағының «е» тармақшасымен жауапқа тарту үшін кінәлінің ниеті нақты бір адамды өлтіруге бағытталғанын, оны өлтіру үшін көп адамдардың өміріне қауіпті тәсіл қолданылып отырылғанын, нәтижесінде басқа адамның өмірі мен денсаулығына накты зиян келтірілетінін сезетінін анықтау кажет. Осындай істелген іс-эрекетті көп адамдардың өміріне кауіпті тәсілмен жасалган деп тану үшін, нақты кісіні өлтіру кезінде кауіпті жағдайда қалган басқа адамдарға зиян келгеніне немесе келмегеніне қарамастан жүзеге асырылады. Егер осындай жалпыға қауіпті тэсілді колдану нәтижесінде адам өлімінен басқа адамға қасакана дене жарақаты келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті нақты жағдайларға байланысты қылмыстардың жиынтығы бойын- ша сараланады. ' Қачакстан Республикасы Жогаргы Соты Пленумының каулылар жинагы. Алматы, 1997. 1-том. 92-бет. 27 Қазакстан Республикасы Жогаргы Соты Пленумының каулылар жннагы. Алматы, 1997. 1-том. 90-бет. 254 7) адаімдар тобы, алдын ала сөз банласу аркылы адамдар тобы немссс кылімыстық гоп жасаған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «7» тармакшасы) Адамдар тобы, алдын ала келіскен адамдар тобы немесе қылмыстык топ деген түсінікті айқындау үшін қылмысқа қатысудың аталған нысандарына түсінік берілген Қылмыстық кодекстің 31-бабын қарау керек. Егер адам өлтіруге екі немесе одан көп орындаушы күні бұрын уәделеспей бір- лесіп қатысқан болса, адамдар тобы жасаған адам өлтіру болып танылады. Мұндайды қасакана адам өлтіруге багытталған жэне жәбірленушіні өмірінен айыру процесіне тікелей қатыскан, бірлесе эрекет жасаган адамдар тобы деп тану керек. Бұл жағдайда тұлғаны кісі өлтіруді орындаушы деп тану үшін өлімнің барлық адамдар тобы бірлесіп келтірген жарақаттан, немесе солардың ішіндегі біреуінің тікелей келтірген жарақатынан болғандығы маңызды емес. Ең бастысы, барлық қылмысқа катысушылардың күні бұрын уәделеспесе де ашыктан-ашық, өзара күш біріктірумен қасакана адам өлтіруге бағытталған әрекет жасағандығын айкындау кажет. Егер адам өлтіру жөнінде орындаушылар бірлесіп қылмыс жасау туралы алдын ала сөз байласкан болса, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының адам өлтіргені белгілі. Егер адам өлтіруді бір немесе бірнеше адам өлтіру үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған адам өлтіру деп таныла- ды. Адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп адам өлтіру туралы алдын ала келісіп кана қоймай, сонымен бірге бір немесе бірнеше кылмысты жасау үшін алдын ала бірлесетін тұракты адамдар тобын ойластырған болса, қылмыстықтоптың адам өлтіруі орын алады. 8) пайда табу максатымен немесе жалданып, сол сияқты каракшылыкпен, коркытып алу немесе бандитизммен ұштаскан адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2- тармағынын «8» тармакшасы) Қылмыстык кодекстің 99-бабы 2-тармағының «8» тармакшасы бойынша кінэлі немесе баска адамдар үшін материалдық пайда алу немесе материалдык шығындардан құтылу мақсатында жасалған қасакана адам өлтіруді саралайды. Материалдық пайда: ол акша, мүлік немесе мүлікке, тұрғын үйге, үшінші адамнан сыйақы алуға кұкықты алу түрінде болуы мүмкін. Материалдык шығыннан кұтылу, карызды өтеуден, мүлікті кайтарудан, көрсетілген қызметке акы төлеуден, алимент төлеуден т.б. босану мақсатымен адам өлтіруде пайдакүнемдік мақсатты білдіреді. Адам өлтірудін осы түрінің мазмұнына пайда табу мақсатымен каракшылыкпен қорқытып алу немесе бандитизммен ұштасқан жагдайлар да жатады. Қасакана адам өлтіру каракшылык, шабуыл жасау, қоркытып алу немесе бандитизм кезінде жасалған болса, істелген әрекет аталған қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануга жатады. Іс-әрекетті пайда табу мақсатында жасалган адам елтіру ретінде саралау үшін кінэлініи мұндай ойы адам өлтіргенге дейін болғандығын айқындау кажет. Егер бұл жағдай бол- маса, (мысалы, адам өмірінен айырылғаннан кейін оның мүлкін иемдену) пайда табу максаты болмаған адам өлтіру құрамы мен ұрлык кұрамын кұрайды. Жәбірленушіні қаракшылыкпен шабуыл, коркытып алу немесе бандитизм жасалғаннан кейін омірінен айыру аталған қылмысты жасыру мақсатында істелуі де мүмкін. Мұндай жагдайда адам өлтіру Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағынын «10» тармакшасы бойынша са- раланады. Пайда табу мақсатымен адам өлтірген жағдайда кінэлінің материалдык пайда алу не- месе материалдық шығыннан құтылу ниетінің болғандығын айқындау кажет. Егер бұл белгі айқындалмаса, онда адам өлтіруді пайда табу мақсатында деп саралауға болмайды. Жалдану бойынша адам өлтіру, негізінде, белгілі бір төленетін акыға жәбірленушіні «алып тастауды» қалаган адамның шақырған («жалдаған») ада.мы жүзеге асырғандыктан, пайда табу мақсатында адам өлтірудің бір түрі болып табылады. 9) бүзақылық ниетпен адам өлтіру (ҚК-тін 99-бабы, 2-тармагының «9» тармақшасы) Бүзақылық ниетпен адам өлтіру қоғамды және жалпыға бірдей қабылданған моральдық 255 нормаларды ашықтан-ашық сыйламаудың негізінде жасалады, кінэлінің мінез-күлқы қогамдық тэртіпке ашық қарсы шыққан жэне өзін төңірегіндегілерге қарсы қою, соларға деген қарсылығын көрсету мақсатында жүзеге асырылады. Көбінесе бүл қылмыс себепсіз немесе болар-болмас нәрсені адам өлтіруге ілік ретінде пайдаланумен жасалады. Бұзақылық ниет - барынша күрделі түсінік. Оның өзге эр түрлі түрлі ниеттері бола- ды, солардың әсер етуімен кінәлінің адамдарды, қоғамды сыйламайтындыгын ашықтан- ашық көрсету ниетін тудырады, өзінің менмендігін көрсету, адамдарды қорлау, өзінің ұлтсыздыгы мен қатыгездігін көрсету жолымен қоғамдық тәртіпке қарсы шыгады. Осы сезімдердің әсер етуімен белгілі бір, кейде тіпті елеусіз себептерден кінэліда ашу, ыза, кек қайтаргысы келетін көңіл-күй пайда болады. Осы сезімдер кінэлінің мінез-қүлқының итермелеуші күшіне айналады. Сөйтіп кінәлінің ниетінде қоғамдык пікірге қарсы шығу, моральдың қарапайым нормаларын, адамның жеке басын сыйламаушылық қалыптасады. Мүндай бүзақылық ниет ең соңында адам өлтіруге әкеліп согады. Егер мұндай ниеттер анықталмаса, ал кінэлінің қылмыстық мінез-құлқы жэбірленушімен өзара жеке қарым- қатынасы бойынша ғана пайда болса, онда бұл жағдайда адам өлтіру оның жасалған орнына қарамастан, бұзақылық мақсатта адам өлтіру ретінде саралануы мүмкін емес. Мұндай әрекет өзара ерегістен кісі өлтіруге жатады (99-баптың 1-тармагы). Көбінесе бұзақылық ниетте адам өлтіру ұрыскеріс пен төбелестің нэтижесінде болады. Бірақ бұл ұрыс-керіс немесе төбелесте болған кез келген адам өлтіру өзінен-өзі бұзақылық ниетте адам өлтіру ретінде саралануы тиіс дегенді білдірмейді. 10) баска қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатындағы, сол сиякты зорлау немесе сексуалдық сипатындағы күш колдану әрекеттерімен ұштаскан адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «10» тармақшасы) Бұл тармақта адам өлтіруді саралайтын екі дербес жагдай көзделген (зорлауды жэне жыныстық катынас сипатындағы эрекетті олардың ұксастыгына орай бір жагдай ретінде біріктіруге болады). Басқа қылмысты жасыру мен оны жасауды жеңілдету өздерінің мазмұны бойынша бір-бірінен айырмашылығы бола тұрса да, көп жағдайларда өзара қабаттасып байланы- сып тұрады. Негізінде кінэлі жасалып болган қылмысты жасыру үшін немесе оны жа- сауды жеңілдету үшін адам өлтіреді (оны жасағанга дейін немесе жасау үстінде). Адам құқық қоргау органдарына белгісіз өзі жасаган қылмысты жасырады. Зорлаумен ұштасқан қасақана адам өлтіруді зорлау процесінде немесе оны жасы- ру мақсатында, сондай-ақ зорлау кезінде қарсылық көрсеткені үшін кек қайтару үшін жасалган адам өлтіру деп түсіну керек. Бұл жагдайда өз алдына дербес екі қылмыс жасалады. Сол себепті саралау Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағының «10» тармакшасы бойынша жэне Қылмыстык кодекстің 120- бабының тиісті тармагы бойын- ша жүргізіледі. Егер бұл кылмыстардың біреуі аяқталмаган болса, онда саралау кезінде Қылмыстык кодекстің 24-бабына сілтеме жасалады. Адам өлтіру тек қана зорлаумен емес жэне сексуалдық сипатындагы күш көрсету әрекетімен де үштасуы мүмкін. Мұндай әрекетке еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстык катынасы жэбірленушіге немесе баска адамдарға жәбірленушінің дәрменсіз жагдайын пайдалана отырып күш қолданумен немесе оны қолданумен коркытып жасалған жыныстық катынас сипатындағы өзге де әрекеттер жатқызылады. Егер мұндай әрекеттерді жасау процесінде немесе оларды жасыру үшін немесе оларды жасау кезін- де қарсылық көрсеткені үшін адам өлтірген болса, онда зорлау кезіндегі сиякты екі қылмыстың жиынтығы бар екендігі белгілі (ҚК-тің 121-бабы жэне 99-бабының «10» тармақшасы). 11) әлеуметтік, үлттық, нэсілдік, дінге байланысты жек көрушілік немесе араздық не канды кек уәжі бойынша адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармагынын «11» тармақшасы) Адам өлтірудің мүндай түрі соңғы уақытта барған сайын кең тарала түсуде, эсіресе бұл ұлттык жек көрушілік немесе араздык себептері бойынша адам өлтіруге катысты. Ьүған көбінесе дұрыс оиластырылмаған үлттык саясат итермелеиді. Ьарған саиын үлттың өзін-өзі дәріптеу идеясы өршіп 256 барады. Бұл идеялар табиғи құбылыс болып табылады және үлтаралық араздык пен алауыздықты бұл идеялар тудырмайды (әрине, егер олар әсіре ұлтшылдық пен экстремизмге айналмаған жағдайда). Бірақ, окінішке орай, ұлттык жеккорушілік пен алауыздықты тұтандыруға мүдделі күштер бар. Егер мұндай ниеттер адамды өмірден айыруға бағытталу негізінде жүзеге асырылса, онда мұндай жағдайдағы адам өлтіру Қылмыстык кодекстің 99-бабының 2-тармағының «11» тармақшасы бойын- ша сараланады. Мұнда адам өлтіру үшін сылтау барынша эр түрлі болуы мүмкін: жәбірленушінің немесе өзге адамдардың құкыкка карсы әрекеттері (мұндай әрекеттер заңды да болуы мүмкін), діни жеккөрушіліктің немесе араздықтың салдарынан нэсілдік белгілері бойынша адам өлтірудің негізінде де осындай жағдайлар болады. Осы тармакта көзделген қанды кек себебі бойынша адам өлтірудің бірнеше ерекшелік- тері бар. Қанды кек, әдетте, кінәлінің туыскандарын өлтірген адамдарға жарияланады. ^ Іұндайда қанды кектің кұрбандары осы канды кек жарияланған адамның өзі, сол сиякты оның туыскандары, сондайақ өзге де адамдар болуы мүмкін. Бұл қылмыстың субъектісі қанды кек әдет-ғұрып болып табылатын жерлердегі этникалық топқа жататын адам ғана болуы мүмкін. Саралау жасау үшін кылмыс жасалған жер маңызды рөл атқармайды. 12) ждбірденушіііін агзаларын немссе тінін пайдалану максатында жасалган адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармагының «12» тармакшасы) «Жәбірленушініңағзаларын немесетінін пайдалану мақсатындажасалғанадамөлтіру» туралы белгі кылмыстык заңда бірінші рет көзделді. Бұл қазіргі өмір шындыктарынан туындап отыр. Егер адамның агзаларын немесе тінін пайдалану максатында адам өлтірілсе, ол Қылмыстык кодекстің 99- бабының 2-тармағының «12» тармақшасы бойын- ша сараланады. 13) бірнеше рет жасалган адам олгіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармагының «13» тармакшасы «13» тармақшаға сэйкес бұрын қасакана кісі өлгірген адамның алгашқы кылмысы бойынша сотталған сотталмағанына карамастан касакана адам өлтіру (абайсызда, кажетті корғану шегінен асу жағдайында немесе қатты жан күйзелісі үстіндс ашумен өлтіруден баскасы) сараланады. Бұрын жасаған қылмысы үшін кудалау мерзімі өтіп кетсе немесе сотталғандығы жойылса, иэ болмаса одан арылған болса, онда бұрын кісі өлтіргендігі есепке алынбайды. Егер айыпты Қылмыстык кодекстің 99-бабының 2-тармагына сәйкес келетін, бүрын кісі өлтіргені немесе өлтіруге оқталганы үшін сотталмаса, онда бұл әрекет жеке саралануға жатады (ҚКтің 24-бабы жэне 99-баптың 1 немесе 2-тармақтары), тиісті тармақтары көрсетіледі. Ал соңгы адам өлтіруі ҚК-тің 99-бабының 2-тармагының «н» тармақшасы бойынша саралануга жатады. Әр мезгілде жауаптылықты ауырлататын екі рет адам өлтіруге оқталған (ҚК-тің 24, 99-баптары) немесе жауаптылықты ауырлата- тын жагдайда екі рет қасақана адам өлтірген (ҚК-тің 99-бабының 2- тармағының тиісті тармақшалары) жэне олардын бірде біреуі үшін сотталмаған адамның әрекеттері тиісін- ше Қылмыстық кодекстің 24-бабы және 99-бабының 2-тармағының «н» тармакшасы бойынша, осылармен қатар кінэлінің қылмыстарын ауырлататын жағдайларды белгілей- тін тиісті тармақтар бойынша саралануга28 жатады. 14) көрінеу кәмелетке толмаган баланы өлтіру (ҚК-тің 99-бабы, 2-тармагынын «14» тармақшасы) Кінәлі адам жэбірленушінің көрінеу кәмелетке толмаганын біле түра оны тіке- лей касақаналықпен өлтірсе, өмірін жойса ол ҚК-тің 99-бабы екінші бөлігінің «14» тармагына сәйкес жауапка тартылады. Қылмыс объктивтік жагынан көрінеу кәмелетке толған баланың өмірін жоюға бағытталган, кылмыс кэмелетке толмаган баланың өмірін жойған сэттен аяқталған деп саналады. Төтенше ахуал (жер сілкінісі, су таскыны, баскадай зілзалар туындауы) немесе заңсыз жаппай үйымдастырылған тәртіпсіздік кезінде адам да қасақана өлтіру ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының, 15- тармақшасы бойынша саралануға жатады.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсак, ол былай делінген: «Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, кандай да болсын органнан айрылуға немесе органның кызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келмес- тей бұзылуына әкеп соккан денсаулыққа қасакана ауыр зиян келтіру, сондай-ак өмірге қауіпті немесе еңбек кабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліға мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулыктың бұзылуын тудырган, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасакана ауыр зиян келтіру». Осы 106-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: «Денсаулыққа келтірілген зи- янды сот- 269 медициналык бағалау Ережесі» 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан Республика- сы Білім, мәдениет жэне денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулык сақтау комитетінің № 240 жэне Қазақстан Республикасы Денсаулық сактау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы №875/1 бұйрығымен бекітілген. Осы ережелерге сәйкес: а) Адамның өміріне қауіпті зиянға - миға зақым келтірілместен бас сүйегіне кел- тірілген жарақат; бас сүйектерінің ашык немесе жабық сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде мига қан құйылуы; бел омыртканы ауыр зақымдау; адамның іш кұрылысын, ас қорыту, зэр шыгару органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т.б. жаракаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жоғарыда айтылған Ереженің 7-тармағында тұтастай көрсетілген. б) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айрылу - бұл адамның денсаулыгына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу ауыр дене жарақатының элементі болмайды, ягни ол орташа ауырлықтагы дене жарақаты болып табылады. Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір көздің көруінен айрылу салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 пайызга тарылады жэне бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп согады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынга соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір көзден айрылған адам мамандық түрін таңдаганда гана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздық жағдайлардың объектісі болуы да мүмкін. Сондықтан да көздің көру қабілетін 35 % мөлшерінде жоғалту немесе 2 метр қашықтықта бармактың санын көре алмауы денсаулықка ауыр зиян келтірілді деп есептелінеді жэне ауыр дене жарақаты ретінде багаланады. в) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айрылу - сөйлеу қабілетін, ол ойын айналасындагыларга түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу кабілетін біржо- ла жогалту. Дауысын жоғалту салдарынан, ягни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек кана сыбырлап жеткізе алады. Мүндай жағдайлар адамның еңбек ету кабілеттілігінің 25% мөлшерінде жогалтуына экеп соғады. Сөйлей алмау нәтижесінен адам қогамдагы қатынастарга активті түрде қатыса алмайды, барлық уақытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да тілден айрылу адам денсаулыгы үшін орасан зиянды болып табылгандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді. г) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей қалу деп мүлде айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден, құлағынан 3-6 см қашықтықтаайтқандагана ести алатындай жағдайда қалуы. Жалпы есту- адам агзасының сезім органдарының бірі. Күнделікті қарым-катынас, жүмыс, дем алу уақыттары, теле- дидардан, радиодан хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Екі құлақтың есітпей қалуы - ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді. Бір құлақтың есітпей қалуы - жалпы еңбек қабілетінің 15 пайызын, яғни кемінде үштен бірін жогалту емес, сондыктан ол денсаулықтың бұзылуына әкеп соққан жеңіл жарақат деп багаланады. л) Қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жогалтуга - аяқтың, колдың физикалык тұргыда денеден айрылып қалуын немесе сал (паралич) қалпында қалуы жатады және бүл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде багаланады. Жы- ныс қатынастарының қабілетін жогалту, екі ені де зақымданып, оларды алып тастауга әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу кабілетінен айрылу түқымдылық қабілетінен айрылу деп саналады да, ауыр дене жаракаты қатарына жатады. е) Сот медицинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның адам өміріне қауіптілігін (ми шайқалуы т.б.), сезім мүшелерінің зақымдануын және бет пішінінін қалпына келмейтіндей болып бүзылуын ескеру керек. Бет сиқының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы 270 дегеніміз - тыртық көлемінің кіші- реюі, табиги жагдайлардың нэтижесінде олардың өңінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардын әжімдерге, мойын қыртыстарына жэне т. б. үқсап түруы болып табылады, сондай-ак консервативгік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыган жатады. Ал егер консервативтік емдеу жақсы нэтижеге жеткізбей, закымданушыга косметикалык операциялар жасалса, жарақат операцияның нэтижесіне қарамастан, қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене жарақатына жатады, өйткені мүндай жагдайда орын алатын ішқүса болып қатты қайғыруға бетпішіннің өзгеруі ғана емес, адамның коғаммен байланысының бұзылу қаупі де негіз болады. и) Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұракты түрде жоғалту деп - жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке кабілеттілік айтылады. Еңбек кабілетінін үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат зардаптарының біршама жаксаруы организмдегі өзгерістермен бірге байланысты. Еңбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады. Жал- пы еңбек қабілетінің 33% мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кәсіптік еңбек қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің каулысы не- месе сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке қабілетті адамның еңбек қабілетін жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған жасқа, 1- топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: 1) балалардың кейін ол 10 жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дәрежеде жоғалтқаны көрсетіледі; 2) мүгедек адамның алынған жарақатка байла- нысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, ягни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді. к) Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екікабат екендігінің мерзімі- не қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Бұл орайда арнайы акушерлік- гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші организмінің жеке ерекшелік- теріне, яғни аурулығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оган дене жарақатының тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс. ж) Жарақат алуға байланысты ішқұса болу (психикасының бұзылуы) ауыр дене жарақатының белгісі болып табылады. Мысалы: бас сүйек жаракатына байланысты пайда болатын қояншық (эпилепсия) осындай ауру. Ішқұсаның диагнозын қою жэне оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-психиатриялық сарапшының құзыретіне жатады. з) Есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын туды- ру денсаулыққа қасакана ауыр зиян келтіру. Бұл есірткі немесе уытты у арқылы адамды соған душар етіп, оған ауыр дене жаракатын келтіру болып табылады. Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 106-бапка қайта оралып, оның 2-тармағына тоқталайық. Осы баптың 1-тармағындағы әрекеттер: 1) екі немесе одан да көп адамға қатысты жа- салса; 2) адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты жасалса; 3) кінэліға дэрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамға катысты жасалса; 4) аса қатыгездікпен жасалса; 5) адамдар тобы, алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 6) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша; 7) бұзақылық ниетпен; 8) элеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уэжі бойынша тұрғысында; 9) жэбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында; 10) бірнеше рет; 11) көрінеу кәмелетке толмаган балаға катысты қылмыстық кұкык бұзушылыктарды жасалса — деп атап көрсетілген. Осы 106-баптың 1 жэне 2-тармағында көзделген эрекеттер абайсызда жэбірленушінің өліміне әкеп согуы мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан жэбірленушінің өлімі бір кұрамдағы екі кінэ нысаны ретінде көрініс табады: 1) касақана ауыр дене жарақатын келтіру, 2) абайсызда жәбірленушіге өлім келтіру. 271 Ауыр дене жаракатының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соғатын кінәлінің әрекеттері тікелей баска адамның денсаулыгына кол сұгуға багытталады, сондыктан да жалпы кінәлілықорекеттеріадамденсаулығынақарсы қылмысқажатады. Жалпы кінэлінің әрекеттерінің субъективтік жагын карастырсақ, кінәлі өзінің қасақана әрекеттері аркылы жәбірленушінің денсаулыгына ауыр зиян келтіреді, мұндай әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп істейді, бірак бұл әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлімі абайсызда болады, ягни кінәлі жәбірленушінің өлуін тілемейді, ол өлмейді деген менмендік немесе немкұрайдылық қатынас түрінде болады. Егер абай- сызда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, мұның салдарынан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру қылмысы құрамын кұрайды. Со- нымен ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі келген жағдайга бай- ланысты жалпы заң бойынша 2 корытынды шыгаруга болады: 1) Егерде кінэлі тікелей немесе жанама қасақаналықпен өлтіруге багытталган эрекеттерді жасап, мұның салда- рынан жәбірленуші өлсе, онда кінәлінің әрекеті касакана кісі өлтіру қылмысы кұрамын құрайды. Егерде кінэлінің өлтіруге багытталган тікелей қасақаналык әрекетінің салда- рынан жэбірленушіге өлім келмей, оган тек ауыр дене жарақаты салынса, онда кінэлінің әрекеті кісі өлтіруге окталу ретінде есептелінеді, ал жанама қасақаналықта - дене жарақаты ретінде багаланады. Жэбірленушіге олім келтіруді мақсат тұтпай жанама касақаналыкпен жасалган дене жарақаты өлтіруге оқталу ретінде қарастырылмайды. 2) Егерде ауыр дене жаракатының салдарынан келген жэбірленушінің өліміне кінэлінің тікелей немесе жанама қасаканалық ниеті болмаган кезде, онда кінэлінің әрекеті тұтасымен 106-баптың 3- тармағымен сараланады. Қылмыстык кодекстің 106-бабының 3-бөлігінде осы қылмыс құрамының өте ауыр- лататын түрінің қатарына жаңа қылмыстык кодекс бойынша - осы баптың бірінше не- месе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді қылмыстық топ жасаса деп арнайы карастырылған. Қылмыстық топтың түсінігі ҚК-тің 3-бабының 24-тармакшасында берілген.

...

Скачать:   txt (57.9 Kb)   pdf (144.6 Kb)   docx (20.3 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club