Контрольная работа по "Политологии"
Автор: 8700000 • Сентябрь 19, 2021 • Контрольная работа • 4,340 Слов (18 Страниц) • 280 Просмотры
1.Ежелгі дəуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель, Цицерон).
Адамзат қоғамы сияқты , ғылым мен білім , мəдениет пен əдебиет біркелкі дамымады. XV ғасырға дейін Шығыс мəде ниеті Батыс мəдениетінен шоқтығы кеш жоғары болып , өрке ниеттіліктің үлгісін көрсетті . Ең алдымен математика , геометрия , астрономия , медицина сияқты нақты ғылымдар ба сым дамыды .
Шығыс елдерінде жоғарғы билік шектелместен монархтын ( халиф , хан , патша , сұлтан , король , император жəне т.т. ) қолында болды . “ Жерге мемлекет иелік етеді , ал мемлекет бүкіл халык тың игілігі үшін қызмет етеді ” деген көзқарас қалыптасты. Қоғамда орнатылған тəртіп өмір бақи өзгерместей көрінді . Ондағы өзгерісті адамдардың құдай қағидаларын орын дамағандықтан туып отыр деп ұқты .
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде катты дамыды . Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда коп жағ дайда карама - қарсы өрістеді , Греция ол кезде саяси бытыранкы күн кешкен ел еді . Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып са налған қалалар құрды . Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық жəне құл иеленушілік демократия орын алды . Билеу турі сан алуан болатын жəне жиі ауысып отырды .
Кене гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойылдар көп. Бірақ солардың ішінде ең көрнекті екі өкіліне - Платон мен Аристотельге тоқталсақ.
Платон б . з . б . 427-347 жылдарда өмір сүрді , Шын аты Арис токл . Жасында спортпен көп шұғылданды , жоғары көрсеткіштерге де жетті . Жауырыны кең болды . Сондықтан оны Платон ( кең жауырынды ) деп атап кетті .
Платонның екі жүздей еңбектері бар . Олардың ішінде біздің ғылымымызға тікелей қатысы бар шығармалары “ Мемлекет " , " Саясатшы ” , “ Заңдар " , " Софист " , “ Парменид " жəне т . б . Платонның ойынша , адамдар қажеттіліктерін жеке - дара өтей алмайды . Олар өмір сүру үшін тамак , киім өндірулері , үй салу лары жəне т . т . жасаулары керек . Біреулері егіншілікпен , екінші лері тігіншілікпен , үшіншілері құрылысшылықпен , тергінінілері етікшілікпен жəне т . с . с . айналысады . Сөйтіп , олардың бəрі бiрirin кана қажеттіліктерін өтейді . Осы бірігудің арқасында қоғам , мемлекет пайда болады . Мемлекет аламдарды алаламай , байына да , кедейіне де , азына да , көбіне де қарамай — бəріне бірдей əділ қызмет етуі керек . Бірақ бұдан Платон адамдардың берін теңдестірген екен деген ой тумауы керек . Керісінше , ол адамдарды үш үлкен əлеуметтік топқа: 1 ) əкімдер ; 2 ) қорғаушылар ; 3 ) өндірушілер етіп бөлді .Əкімдерге фалсафашыларды жатқызды .
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді : аристократия , тимократия , олигархия , демократия жəне тирания . Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды . Онда ақыл - естілік , парасаттылық билейді , оның принциптері — адамгершілік , абырой , ар - намыс деп санады.
Ертедегі гректердің саяси ой - пікірлерін одан əрі дамытып , фалсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель ( б . з . б . 384-322 ж . ж . ) болды. Ол 17 жасында аты шыққан Платон ака демиясын іздеп келіп оқуға түседі . Саясаттануға қатысты “ Саясат ” , “ Афиналық полития ” , “ Эти ка ” , “ Риторика " деген еңбектері бар .
Аристотель саясатқа кең мағына берді . Оған этиканы да , экономиканы да енгізді . Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі , оның мақсаты – адамды , мемлекетті жаксы тұрмысқа , молшылыкка , бақытқа жеткізу деп білді . Сөйте тұра , ол құл ие ленушілікті қолдады , құлдар мен ерікті кедейлерге саяси құкык бергісі келмеді .
Аристотельдің ойынша , мемлекет — қауымның дамыған түрі , ал қауым — отбасының дамыған түрі . Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді . Ол мемлекетті дұрыс жəне бұрыс түрлерге бөлді . Дұрыс түріне монархияны , аристократияны жəне политияны ( Аристотель дəуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс ) жатқызды . Ал тирания , олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі деп санады . Мемлекеттің дұрыс түрінде əкімдер халық , ел пайдасын ойлайды , билік қоғамға қызмет етеді . Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді .Ұлы ойшыл басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді .
...