Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тест по "Медицине"

Автор:   •  Сентябрь 8, 2021  •  Тест  •  522 Слов (3 Страниц)  •  264 Просмотры

Страница 1 из 3

Жағдайлық есептер

1.Науқас 22 жаста, қызыл иектің ашып ауырып, қанайтындығына шағымданды. Қарап тексергенде қызыл иектің шырышты қабаты аш қызыл түсті, ісінген, шұқып тексергенде қанайды. Рентген суретінде өзгерістер жоқ.

Сұрақ:

  1. Диагноз қойыңыз?
  2. Салыстырмалы диагностикасын атаңыз?

Жауабы:

  1. Катаральды гингивит
  2. Салыстырмалы диагностика гипертрофиялық гингивиттен, ойық-жаралы гингивиттен ажыратылады.

2.Науқас 20 жаста, қызыл иегінің қышып, ашып қанауына шағымданады. Қарап тексергенде қызыл иек емізікшелері ісінген, көгерген, мөлшері ұлғайған, беткейі жылтыр, тигенде қанайды.

Сұрақ:

  1. Диагноз қойыңыз?
  2. Салыстырмалы диагностикасын атаңыз?

Жауабы:

  1. Гипертрофиялық гингивиттің ісікті түрі.
  2. Салыстырмалы диагностика гипертрофиялық гингивиттің талшықты түрінен, эпулистен ажыратылады.

3.Науқас 20 жаста, қызыл иегінің қышып, ашыйтындығына шағымданады. Қарап тексергенде қызыл иек емізікшелері қатты, қоңыр қызғылт түсті, шұқып тексергенде қанамайды. Тіс емізікшелері тіс сауытының ½ жауып тұр.

Сұрақ:

1.Диагноз қойыңыз?

2.Салыстырмалы диагностикасын атаңыз?

Жауабы:

1.Гипертрофиялық гингивиттің фиброзды  түрі, орта ауырлықтағы түрі

2.Салыстырмалы диагностика гипертрофиялық гингивиттің ісікті түрінен, эпулистен ажыратылады.

4.Науқас 19 жаста, тіс дәрігеріне қызыл иегінің қанайтындығына, ас шайнағанда ауыратынына, кейбір тістерінің қозғалатындығына шағымданды. Қарап тексергенде 4-5 мм болатын пародонт қалтасы бар, қызыл иек шеттерінің қатты қанталағаны, кейбір тіс түбірлерінің ашылуы байқалды. Рентген суретте тіс арасындағы биіктік  ½ төмендегені анықталып, остеопороз ошағы көрінеді.

Сұрақ:

1.Диагноз қойыңыз?

2.Салыстырмалы диагностикасын атаңыз?

Жауабы:

  1. Пародонтиттің орта дәрежесі.
  2. Салыстырмалы диагностиканы пародонтиттің жеңіл, ауыр дәрежесі, катаральды гингивиттен ажыратылады.

5. Науқас тіс дәрігеріне қызыл иегінің қанайтындығына, ас шайнаудың қиындығына, қызыл иегінің ауыратындығына, ацызынан жағымсыз иіс шығатындығына шағымданды. Қарап тексергенде қызыл иек шетіндегі кілегей қабаты ісінген, терең пародонт қалталары бар. Алдыңғы тістерінде 2-3 дәрежелі қозғалу, тіс түбірінің ашылуы бар. қызыл иегінің үстінде және астында тіс тастары көп. Рентгенде тіс арасындағы биіктік тіс түбірінің 2/3 дейін төмендеген, остеопароз белгілері көрінеді.

Сұрақ:

1.Диагноз қойыңыз?

2.Салыстырмалы диагностикасын атаңыз?

Жауабы:

  1. Пародонтиттің ауыр дәрежесі.
  2. Салыстырмалы диагностиканы пародонтиттің жеңіл, орта дәрежесі, катаральды гингивиттен ажыратылады.

6. Науқас тіс дәрігеріне тіс тазалағанда қызыл иегінің  қанайтындығына, ас шайнағанда ауыратынына шағымданды. Қарап тексергенде 3,5 мм болатын пародонт қалтасы бар, қызыл иек шеттерінің қатты қанталағаны, кейбір тіс түбірлерінің ашылуы байқалды. Рентген суретте тіс арасындағы биіктік  1/3  төмендегені анықталып, остеопороз ошағы көрінеді.

Сұрақ:

1.Диагноз қойыңыз?

2.Салыстырмалы диагностикасын атаңыз?

Жауабы:

  1. Пародонтиттің жеңіл дәрежесі.
  2. Салыстырмалы диагностиканы пародонтиттің орта, ауыр дәрежесі, катаральды гингивиттен ажыратылады.

7.Науқас тіс дәрігеріне жақтың және қызыл иектің ауыратынына, әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдылықтың артқанына шағымданды. Қарап тексергенде қызыл иек түсі ақшыл сұр түсті, анемиялық көрініске ие, қабыну белгілері жоқ. Тістер қозғалмайды. Жарақаттық окклюзия белгілірі жоқ. Рентген суретте тіс аралық қоршау 1/3 түбір ұзындығына төмендеген, түбірден ажырамай сақталған.

...

Скачать:   txt (9 Kb)   pdf (44.3 Kb)   docx (9.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club