Тест по "Медицине"
Автор: SamatMuhamedi • Сентябрь 7, 2020 • Тест • 702 Слов (3 Страниц) • 439 Просмотры
Мухамеди Самат 340-ЖМ
Тест тапсырмалары.
- Психотроптық дәрілердің ішінде лизергин қышқылының диэтиламиді, мескалин, псилоцибин не себепті емдік мақсатта қолданылмайды?
-Көзге елестер пайда болады. Бір қолданғанның өзінде жан-дүниелік өзгерістер, психоздар дамиды. Олар жүйке жүйесінің қызметін бұзады. Вегетативтік реттелулердің бұзылыстарынан, тыныс алу орталығының салдануынан адам өледі.
2. Көңіл-күйге, жан-дүниеге әсер ететін затты қабылдамаса тұра алмайтын адамның жағдайы қалай аталады? Бұл жағдайдың пайда болуы немен байланысты?
-Тәуелдік синдромы. Оның дамуының қарқыны алғаш рет қабылдау кезіндегі көңіл-күйі мен рахаттану сезімдеріне байланысты.
3. Қандағы этанол деңгейінің ағза үшін әсері?
- 50мг% көңіл-күйдің қобалжуын басады
50-150мг% - қимыл-қозғалыстың үйлесімділігі бұзылады
150-200мг% - ауыр уыттану, организмнің қатты қозу
300-400мг% - естен тану
400мг%-дан асса, өлім
4. 5-15 жыл ішімдік көп және күнделікті ішкен адамдарда «Доғару синдромы» қандай көрініс береді?
- Қол басы мен саусақтардың қалтырауы, ұйқының қашуы, тәбеттің жоғалуы, бас айналуы, бас ауруы, көз қарашығының кеңеюі, полиневриттер, қимыл-қозғалыстардың бұзылыстары.
5. Психостимулятор – «Экстази» таблеткаларын қабылдаудан фенаминдік нашақорлық жиілейді. Бұндай нашақорлық организмде қандай өзгерістерге алып келеді?
- Серотонин, дофаминге жауап қайтаратын жүйелерге әсер етіп, оларды бұзады.
1.Рухани әуестік дамуымен және оны қабылдағанда көңіл күйін шаттандыратын әсері бар,2-6 ай көлеміне созылатын нашақорлық сатысы.
- физикалық тәуелділік сатысы;
- ақырғы сатысы;
- бастапқы сатысы;
- қайталану сатысы;
- доғарусиндромы;
Дұрыс жауабы: с. Себебі бастапқы сатыда жан-дүниеге әсерлі затқа рухани әуестік оянып,оны қабылдауға деген қызығушылық артады.Есіркінің көлемін арттырған сайын ләззаттанып,көңіл-күйі шаттанады.Және де бұл саты 2-6 айға созылады.
2.Уытқорлар (токсикоманиялар) дегеніміз кімдер ?
- морфин,героин,промедол заттарын қабылдаушылар;
- марихуанна,гашиш заттарын қабылдаушалар;
- erythroxylon coca өсімдігінің жапырақтарынан алынған кокаин қабылдаушылар;
- есірткіге жатпайтын заттарды қабылдаушылар;
- темекіге әуестігі басым адамдар;
Дұрыс жауабы: d. Уытқорлықтар – есірткіге жатпайтын заттарды қабылдаушылар.Ең жиі қолданатын заттарына психотроптық дәрілер,көңіл-күйді сергітетін заттар,химиялық реактивтер,желім жатқызылады.
3.Апиындық нашақорлықты (морфин,героин,промедол)сипаттайтын мәлімет.
- есірткілік заттары Үндістан,Қазақстанның Шу ойпатында өсіріледі.
- қандағы pCO2 -ның деңгейіне тыныс алу орталығының сезімталдығын төмендетеді.
- есірткілік заттарын гүл тозаңынан және кендір жапырағынан алады;
- қан тамырларын тарылтатын, бензилэкгониннің метилді әтірі болып есептеледі.
- нейрон мембранасы арқылы биогендік аминдердің тасымалдауын бөгейді.
Дұрыс жауабы: b. Себебі,апиын тектестер барлық тіндерде,соның ішінде жүйке тінінде,ОЖЖ-де апиындық рецепторлармен байланысудан бірнеше жағдайлар орын алады.
-ауырсыну сезімі азаю;
-мидағы лимбиялық жүйені әсерлендіру;
...