Бронхоэктаз
Автор: Nurbanu123 • Декабрь 11, 2023 • Реферат • 1,087 Слов (5 Страниц) • 127 Просмотры
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ- ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ «ПРОПЕДЕВТИКА ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР» КАФЕДРАСЫ
[pic 1]
БӨЖ
Тақырыбы:Бронхоэктаз
Орындаған:Исмайл Нұрбану
Тобы: ЖМ-012
Қабылдаған:
Түркістан-2023
Ситуациялық есеп
Науқас М, 22 жаста, стационарға келесі шағымдармен келіп түсті: Жөтел, тәулігіне 300 мл ге дейін іріңді қақырықтың бөлінуі,кейде қан аралас, күш түскенде пайда болатын ентігу, кеуде аймағының ауыруы, дене температурасының 38,5 С қа дейін көтерілуі,салмақ жоғалту, жалпы әлсіздік, қызба, бас айналу, тершеңдік, тәбеттің төмендеуі,бас айналу,көздің қарауытып.
Ауру тарихы
Өзін бала кезінен ауру санайды. Бала кезінде жиі суық тиіп,бронхитпен,оң жақ өкпенің бірнеше рет қайталанған пневмониясымен ауырған. 2 жылдан бері созылмалы бронхитпен ауырады, Осы жылы қызылшаның өршуіне байланысты қыркүйек айының ортасында қызылша жұқтырып емделген,Қазан айының 18-і күні салқын су ішкен,кешкісін терезе ашық қалып суықтап қалған, ауруын осымен байланыстырады
Науқастың өмір тарихы (Anamnesis vitae):
Балалық шағында ауырған аурулары: 5 жаста эпидемиялық паротит, 8 және 12 жаста пневмония;9 жаста бас жарақаты – баспалдақтан құлаған Отбасында екіншісі перзент.Әкесі брохтық астмадан қайтыс болған, Анасында АГ 2 дәрежелі,Жұмыртқаға аллергиясы бар. Науқас орта мектепті бітіргеннен кейін жүк тасымалдаушы ,курьер болып жұмыс істеген, оқымаған.4 адам тұратын жеке үйде тұрады. .Тамақтануы нашар себебі үйде анасы ғана жұмыс істейді Жаман әдеттері жоқ.Өзінде және туыстарында АИТВ, вирустық гепатит, ісік, безгекті жоққа шығарады.20 жасынан бастап темекі тұтынады,
Обьективті тексеру:
Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Сана анық. Дене қызуы 37,7С. тамақтануы төмен.Саусақтары барабан таяқшалары тәрізді,тырнақтары сағат әйнегі тәрізді. Шамалы акроцианоз,терісі бозғылт ТАЖ минутына 24. Пульс 96. АҚ 120/70. Бойы 165 см, салмағы 48 кг. Терісі таза, бозғылт, ұстағанда ылғалды. Ісіну жоқ. Алдыңғы мойын лимфа түйіндері пальпацияланады, біршама ұлғайған, ауырсынусыз және айналасындағы тіндермен біріктірілмеген. Кеуде пішіні бөшке тәрізді деформацияланған, кеуденің сол жақ жартысы тыныс алу актісінен артта қалады. Пальпацияда кеуде қуысы орташа ауырсынады, сол жақ өкпе үстінде дауыс треморы әлсіреген. Сол жақта перкуссияда- өкпе дыбысының қысқаруы. Аускультацияда – қатқыл тыныс,сол жақта: әртүрлі көлемдегі ылғалды сырылдар.Жүрек шегарасы солға ығысқан,Пальпациялағанда іші жұмсақ, ауырсыну жоқ ,тілінің шырышты қабатының атрофиясы байқалады,Бауыр қабырға доғасының шетінде пальпацияланады: шеті үшкір, беті тегіс, ауырсынусыз. Курлов бойынша бауыр өлшемдері 9см-8см-7см.Өт қабы пальпацияланбайды.Көкбауыр пальпацияланбайды.
Қосымша зерттеу әдістерінен алынған мәліметтер.
Жалпы қан анализі:
Эритроциттер-3,7х10 /л
Гемоглобин-85 г/л
Түс көрсеткіші-0,72
Тромбоциттер-1 мкл қанда 300 000 мың.
Лейкоциттер-12,0х10 /л
Базофилдер-0
Эозинофилдер-2%
Лимфоциттер-16%
Моноциттер-4%
ЭТЖ-36 мм/сағ
Жалпы зәр анализі:қалыпты
Жалпы қақырық анализі : іріңді, көп мөлшерде нейтрофилдер мен макрофагтар анықталған
Рентгенография: Сол жақ өкпе түбірі төмен қарай ығысқан,ортаңғы бөлікінде инфильтрация ошағы,сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде компенсаторлық гипервентелияция ,өкпе суреті күшейген,өкпенің жоғарғы және төменгі бөліктеріндегі плевра төмен және артқа қарай ығысқан,өкпенің төменгі бөлігі үшбұрыш тәрізді көлеңкеленген
...