Микробиология
Автор: Muhamedali Muhamedali • Сентябрь 3, 2020 • Контрольная работа • 448 Слов (2 Страниц) • 966 Просмотры
ДжураевМухаммадали 2-008топ
- Микробиология нені зерттейді.
Микробиология- өте ұсақ болатын, яғни көзге көрінбейтін жануар немесе өсімдік сияқты өте ұсақ тіршілік түрлерінің, микроорганизмдердің экологиясын, олардың құрылысын, сонымен қатар экологиясын зерттейді.
- Микробиология неше бөлімнен тұрады.
Микробиология жалпы және жеке бөлімдерден тұрады. Жалпы микробиология микроорганизмдердің құрылысын, қоршаған ортамен байланысын зерттейді. Ал жеке бөлімдеріне ауыл шаруашылық, теңіздік,медициналы, ветеринарлық, космостық түрлері жатады.
- Микробиология қарастыратын сұрақтары.
Алдымен микроорганизмнің тудыратын ауыруларды, және олардың клиникалық көрінісін, және тарауын.
Жұқпалы аурулардың алдын алуды және емделуді қарастырады.
Микроорганизнің патогенез бен жұқпалы аурулар этиологиясындағы орнын.
Сонымен қатар микроорганизмдердің физиологиялық қалпын және де морфологиясын, патогенді микроорганиздердің қоректенуін, тыны алуын, зат алмасуын, көбеюді және өсуді , сонымен қатар генетикалық ерекшелікті қарастырады.
Патогенді микроорганизмнің потологиясын зерттейді.
- Дәрігердің еңбегіндегі микробиологияның мәні.
Микробиология пәні дәрігер мамандығында алатын орны зор. Себебі қандай да потологиялық жағдай болса оның бәрі микробиология ілімімен байлланысты.
- Микробиологияның даму кезеңдері.
Микробиология даму тарихы 3 кезеңге бөлінеді.
Эвристикалық кезең: Бұл кезеңде көптеген қоздырғыштарды көру үшін микроскоп өадет болды. Ол Левенгукпен бйланысты. Бұл кезеңді морфологиялық кезең дейді. Сонымен қатар Варрон, Фракасторо, Гиппократ есімімен байланысты.
Физиологиялық кезең:Бұл кезеңде шіріту, ашыту, пастерицазия жәәне т.б процестер жүрды. Бұл кезеңде Пастердің еңбегі көп. Сонымен қатар ИВановский вирусты ашты. Ал Л.Монтанье Р.Галло ЖПИТС-ті ашты
Иммунологиялық кезең: иммунды жүйенің ашылуымен сиппаталады, яғни антидененің түзілуі, жоғары сезімталдық, фагоцитоз.
- Микроорганизмдердің биологиялық құрылымына байланысты бөлінуі.
Микроорганизмдердің биологиялық құрылымына байланысты прокариоттар мен эукариоттарға бөлінеді. Эукариоттарға ядросы және органеллары бар біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жатады. Прокариоттар ядролық мембранасы жоқ, тіршіліктің ядроға дейінгі біржасушалы қарапайымдар.
- Адам организміне әсер етуі бойынша микроорганизмдердің бөлінуі.
Адам организміне зақым келтірмейтін (патогенді емес неемесе сапрофиттер) және потологиялық процестерді тудыратын(патогенді) микроорганизм топтары болып болып бөлінеді. Сапрофиттер – өлі организмнің органикалық заттарымен қоректенсе, патогенділер органикалық субстрат арқылы қоректенеді.
...