Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жасушалық цикл

Автор:   •  Апрель 2, 2020  •  Лекция  •  300 Слов (2 Страниц)  •  573 Просмотры

Страница 1 из 2

Жасушалық цикл

Жасушалық цикл – жасушаның бөліну процессінің нәтижесінде пайда болған жас жасушаның келесі бөлінуге дейінгі немесе тіршілігін жоюға дейінгі аралық кезеңі.  Эпидермистің, аш ішектің ішкі бетіндегі эпителий ұлпалары түлеп орнына жаңа клеткалар түзіледі. Клеткалардың бөлінуге даярлық жасап,бөлініп,жаңа ұрпақ клеткаларының түзілу процестер жиынтығы митоздық цикл деп атайды. Және ол интерфазадан және митоздан тұрады.

Интерфаза – клетка бөлінуінің дайындық кезеңі. Ол 3 кезеңге бөлінеді:

  1. G1 немесе Пресинтетикалық кезең – бұл кезеңде клеткалардың өсу процессі жүреді, белоктардың,РНҚ мен АТФ синтезі іске асырылады. Хромосомдар жіңішке хроматин жіпшелері,әрқайсысында бір хроматид болады. Формуласы 2n2c, мұндағы n – хромосомдар саны, ал с – хроматин саны.
  2. 2) Синтетикалық немесе  S кезеңі – интерфазаның ең басты процессі репликация немесе екі еселену жүреді. Генетикалық формуласы 2n4c, осы кезед РНҚ мен белок синтезі күшейіп,гистондық белок синтезі жүреді. Әрбір хромосомалар екі хроматидке бөлініп өзара центромерамен байланысады. Хромосома және центриольдер саны  екi еселенедi.
  3. Пострсинтетикалық кезең немесе G2  -  РНҚ,АТФ және белок синтезделіп, митохондрия бөлінеді, бөліну ұршығы  түзіліп, центриольдер репликациясы жүреді. Хромосомалар мен ДНҚ 2n4c тең болады. М- стимулдаушы фактордың түзілуімен, клетка митоздық бөлінуге түседі.

Митоз -  ядроның тура емес бөлінуі. Ол 4 фазадан тұрады.Ол үздіксіз бірінен кейін біріне өтіп отырады.

  1. Профаза – ядрода хроматидтер қалыңдап,қысқарады, хромосомалар спиральданады,әр хромосома екі хроматидтен тұрады,олар когезин белогы арқылы байланысқан. Ядрошықтар жойылады. Центриолдар клетка полюстеріне тартылады. Ядроның мембранасы бірте-бірте көпіршіктерге айналады.
  2. Метафаза –хромосомалар ширатылу шегіне жетеді, қысқарған хромосомалар экваторүа жылжиды. Әрбір хромосома центромерасы арқылы байланысқан, екә хроматидадан тұрады.  Олар центромераларымен бөліну ұршығына жалғанады.
  3. Анафаза – митоздың ең қысқа кезеңі, Хромосомалардың хроматидалары бір-бірінен ажырап,полюстерге жинақталып хромосомаларға айналады. Түзілген клеткалардың әрқайсысында  хромосомалардың диплоидті жиынтығы болады.
  4. Телофаза – хромосомалар деспиралданады,ұзарады және микроскопта айқын көзге көрінбейді. Ширатылған жіпшелер бұзылып, полюстердегі хромосома айналасында ядролық қабықша түзеледі. Хромосомалар интерфазалық күйге өтуімен жаңа ядрошықтар қалыптасады.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (46.7 Kb)   docx (8.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club