Балдырлардың биологиясы
Автор: toqatoqa • Март 11, 2022 • Лекция • 2,008 Слов (9 Страниц) • 383 Просмотры
Лекция 16. Балдырлардың биологиясы
1. Балдырлар: морфологиясы, көбеюі, өмірлік циклі.
2.Көкжасыл балдырлар: көбеюі, таралуы, экологиясы
Оның шаруашылықта белгілі бір сапалық артықшылығы болады және ол қасиеті келесі ұрпағына беріліп отырады. Өсімдіктер дүниесін арнайы бекітілген таксондардың рамкасынан тыс төменгі және жоғарғы сатыдағы деп бөледі. Туыстық жағынан жақындығы бар бірнеше бөлімдерді өсімдіктер дүниесінің жартылай тармағына біріктіреді.
3. Көк –жасыл балдырлар бөлімі-Cyanophyta
III. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидті тармағы (төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер)-Thallobionta eucaryota. Бұл тармақтың құрамына «балдырлар» деген жалпы атпен белгілі өсімдіктердің суда өсетін 9 бөлімі және қыналар бөлімі кіреді.
4. Жалтырауық сары балдырлар бөлімі-Chrysophyta.
5. Cары –жасыл балдырлар бөлімі-Xanthophyta.
6.Диатомды балдырлар бөлімі-Diatomophyta.
7.Терафитті балдырлар бөлімі-Pirrophyta
8.Эвгленалы балдырлар бөлімі-Euglenophyta
9. Қоңыр балдырлар бөлімі- Phaeophyta
Көк –жасыл балдырлар бөлімі. Көк жасыл балдырлар өте ертеде пайда болған өсімдіктер. Түрлерінің жалпы саны 1,4 мың шамасында болған. Құрылысы. Бұлар негізінен колониялы және көп клеткалы, сиректеу бір клеткалы, түсі алуан түрлі болып келетін организмдер ( көк-жасыл, сарғыш, қанықтау жасыл) . Олардың түрлері клеткада әртүрлі мөлшерде болатын әртүрлі пегменттердің: көк жасыл түсті фикоцианның, хлорофилдің, каротиноидтардың және қызыл түсті фикоэритриннің орайласып келуімен тікелей бпйланысты болады. Көк-жасыл балдырлардың клеткаларында қалыптасқан ядросы, хроматофорасы және клетка шырынына толы вакуольдері болмайды. Клетка қабықшасы негізінен пектинді заттардан тұрады және аздап шырышпен қапталған. Клетка қуысы цитоплазмамен
толтырылған, ол екі қабаттан тұрады: қатты клетка қабықшасына жақын жатқан, мембраналар мен пигменттерден тұратын, көк-жасыл түске боялған қабат-хроматоплазмадан және ДНК-дан тұратын, түссіз ортаңғы бөлік-центроплазмадан. Клеткасының құрылысының осындай қарапайым болып келуі, көк-жасыл балдырларды дробянкалармен көп жақындастырады.
Көп клеткалы көк-жасыл балдырлар әдетте жіп тәрізді болып келеді. Жіптерінің ұзындыққа өсуі клеткалардың жай екіге бөлінуі арқылы жүзеге асады. Жіп тізетін біртектес клеткалардың ішінде гетероциста деп аталынатын біршама үлкен, қабықшалары қалың, клетканың ішіндегі тірі заттарынан айрылған, сарғыш-қоңыр түсті дөңгелек өлі клеткалар болады. Көп жағдайда бір клеткалы және жіп тәрізді көк-жасыл балдырлар өз бойынан шырышты заттар бөліп шығарады және бірігіп біршама үлкен колония түзеді. Қоректенуі. Көк-жасыл балдырлар автогрофты жолмен қоректенеді. Алайда олардың көпшілігі шіріген қалдықтары мол ластанған суларда өмір сүруіне байланысты миксотрофты (аралас) қоректенуге қабілетті болып келеді. Яғни фотосинтезбен бірге, органикалық заттарды да өз бойына сіңіре алады. Артық қор заттар ретінде гликопротеид (гликогенге ұқсас), валютин (белок) немесе көк-жасыл балдырларға тән цианофицин (липопротеид) түзеді.
Лекция 17. Балдырлардың систематикасы
1.Жасыл балдырлар .
2.Хара балдырлар
3.Пирофитті балдырлар
4.Диатомды балдырлар
5. Қызыл балдырлар Кілегейлілер бөлімі
Жасыл балдырлар типі — табиғатта жиі кездесетін, көп тараған балдырлардың бірі. Олардың 6000-дай түрі белгілі. Бұл типке: монада, коккоида, пальмеллевидтік, жіп тәрізді, пластинкалы және сифонды құрылысы бар әр түрлі балдырлар жатады. Осынша алуан түрлілігіне қарамастан, бұлардын, бір-біріне көптеген ұқсастық белгілері бар. Өздерінің аттарына байланысты хроматофораның түсі жасыл болып келеді. Онда хлорофилдің а,в пигменттері мен бірге, каротин және ксантофилл пигменттері болады.клетканың көбінесе тығыз целлюлозалы, кейде пектиндізаттардан тұратын қабықшасы болады, клетканың қабықшасына пектин сіңгенде, ол кілегейленіп тұрады. Қейбір карапайым өкілдерінің (дуналиеллада) клетка қабықшасы болмайды. Қлеткасы протоплазма, ядро, хроматофора, пиреноид және вакуолядан тұрады. Протоплазмасы әдетте клетканың кабықшасына жақын орналасады да, клетканың орталық бөлімінің ішін шырынға толы ірі вакуоля алып жатады. Протоплазмада бір не бірнеше хроматофора болады. Ол өсімдік түріне қарай пластинка, лента, жұлдыз, дән тәрізді және тағы басқа да пішінді болып келді. Хроматофораның құрылысы жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлорофилінің құрылысындай. Олар хлорофилл сіңген түссіз белокты стромадан құралған. Хроматофораларында белокқа бай дөңгелек тығыз денелер — пиреноидтар болады. Бұлардың айналасында көбінесе қоректік заттардың қоры ретінде крахмал, өте сирек болса да май тамшылары жиналады. Жасыл балдырлардың көбісінде клетка бір ядролы кейде көп ядролы болады. Ядро хроматофорадан әрірек клетканың ортаңғы бөлімінде вакуоля қуысының жанына орналасады. Мұндайда чдроны протоплазманың сыртқы қабатына қарай созылған жіптері ұстап тұрады.
...