Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақпараттық РНҚ-ның (а-РНҚ) құрылысы

Автор:   •  Декабрь 7, 2021  •  Реферат  •  388 Слов (2 Страниц)  •  570 Просмотры

Страница 1 из 2

Ақпараттық РНҚ-ның (а-РНҚ) құрылысы 
Бірінші нуклеотид үнемі 7-метилгуанилат, ол келесі нуклеотидпен пиррофосфаттық байланыс арқылы байланысқан. Келесі нуклеотидтер рибозаның 2
1 орны бойынша метилденген болып келеді. а-РНҚ-ның мұндай құрылымы оның 51 ұшын экзонуклеаза әсерлерінен қорғайды.

б) «қалпақшадан» (кэп) кейін 51 –трансляцияланбайтын учаске орналасқан –ол бірнеше ондаған нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол р-РНҚ кіші бөлшегіндегі бір бөлімге комплиментарлы болады және а-РНҚ –ның рибосомамен алғашқы байланысуын қамтамасыз етеді, бірақ өзі трансляцияланбайды.

в) инициаторлық кодон- ол барлық а-РНҚ-ларда бірдей –АУГ және метионин аминқышқылын анықтайды (код -инициатор).

г) инициаторлық кодоннан кейін а-РНҚ-ның негізгі бөлімі-мағыналы-кодтаушы (трансляцияланатын) учаске, яғни полипептид тізбегі туралы ақпарат жазылған учаске, орналасқан.

Эукариоттардың пісіп жетілген а-РНҚ –лары моноцистронды, ал прокариоттар (бактериялар) а-РНҚ-лары-полицистронды болып келеді.

д) а-РНҚ-ның-кодтаушы бөлімінен кейін кодон терминатар -3 мағынасыз кодонның –УАА, УАГ не УГА біреуі орналасқан.

е) кодон терминатордан кейін 31- трансляцияланбайтын учаске орналасқан, оның ұзындығы 5 -трансляцияланбайтын учаскеден әлде қайда ұзын.

ж) барлық пісіп жетілген эукариоттар а-РНҚ-сының (гистондық а-РНҚ-лардан басқалары) 31 ұшында 150-200 нуклеотидтерден тұратын поли-(А) –фрагмент орналасқан.

31–трансляцияланбайтын және поли-(А) фрагмент а-РНҚ молекулаларының тіршілік ұзақтығын реттеу қызметін атқарады, себебі а-РНҚ молекуласының бұзылуы 31 ұшынан бір-бірлеп нуклеотидтердің үзіліп түсіп қалуы арқылы жүреді.

а-РНҚ нуклеотидтерінің жалпы саны бірнеше мыңға жуық, оның ішінде кодтаушы учаскесіне тек 60-70% нуклеотидтер ғана тиісілі болады. Жасушада а-РНҚ-лар барлық уақытта ақуыздармен байланысып информосомалар деп аталатын кешен пайда етеді.


Тасымалдаушы РНҚ (Т-РНҚ) молекуласының құрылысы т-РНҚ қызметі:ақуыз синтезделетін кешенге аминқышқылдарын рибосомаға тасымалдап, жеткізіп отырады.

т-РНҚ ның жалпы саны 40-50ге жуық. Яғни әрбір аминқышқылына 1ден 5-ға дейін т-РНҚлар болады.

Т-РНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда 100 шақты нуклеотидтер кездеседі, олардың ішінде минорлық(модификацияланған) нуклеотидтер көптеп кездеседі- 13-15%, олар: гидроуридин, псевдоуридин, инозин, метилинозин, метилгуанозин, диметилгуанозин, диметилуридин.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (72.6 Kb)   docx (9.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club