Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұйқы артериясы

Автор:   •  Февраль 26, 2021  •  Реферат  •  4,095 Слов (17 Страниц)  •  1,601 Просмотры

Страница 1 из 17

Жалпы, сыртқы, ішкі ұйқы артериялары: топографиясы, проекциясы, тармақтары, қандандыру аймақтары. Бұғанаасты артериясы: топографиясы, проекциясы, тармақтары, қандандыру аймақтары. Мидың қанмен қамтамасыздануы. Сыртқы, алдыңғы. Ішкі мойындырық веналары: топографиясы, құйылыстары. Бұғанаасты венасы: топографиясы, құйылыстары. Бас пен мойынның лимфа тамырлары мен түйіндері.

Жалпы ұйқы артериясы

Жалпы ұйқы артериясы, a. carotis communis  (49-сурет), жүп, оң жақтан иық-бас сабауынан,truncus brachiocephalicus, ал сол жақтан тікелей қолқа доғасынан, arcus aortae,басталады. Сондықтан сол жалпы ұйқы артериясы оңнан бірнеше см ұзынырақ.Жалпы ұйқы артериясы вертикалді жоғары кеуденің жоғарғы тесігінен мойын аймагына көтеріледі.

Бұл аймакта артерия мойын омыртқалардың көлденең өсінділері меноларды жабатын бұлшықеттердің алдыңғы бетінде, кеңірдек пен өңештің бүйірінде, төс-бұғана-емізікті бұлшықет пен құрамында жауырын-тіласты бұлшықеті орналасқан кеңірдек алды табақшасының артында орналасады. Жалпы ұйқы артериясының сыртында ішкі мойындырық вена, v. ju g u la ris interna, ал олардың аралыгындағы артқы қапталда кезбе нерв, п .vagus, орналасады.

Жалпы ұйкы артериясы өз жолында   тармақтар бермейді және қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегі деңгейінде:

1)сыртқы ұйқы артерияға, a. carotis externa,

2) ішкі ұйқы артерияға, a. carotis interna,бөлінеді.

Бөлінген жерінде кішкене түйіншек ұйқы шумағы, glomus caroticum, және жалпы ұйқы артериясының кеңейген бөлігі ұйқы койнауы, sinus caroticus,бар.

Ұйқы шумағы, glomus caroticum, мөлшері53 мм, ұйқы артериясының дәнекерлі қабығымен байланысқан және ерекшеленген«гломустық» жасушалары салынған дәнекер тіндерден тұрады.

Ұйқы шумағының құрамында көптеген мөлшерде тамырлар мен нервтер бар (қараңыз: «Параганглий»),

Ұйқы қойнауының қабырғасы, sinuscaroticus, ортаңғы қабығының нашар  дамуымен , ал дәнекерлі қабығының қалыңдығымен және көп мөлшерде созылмалы талшықтар мен сезімтал нерв соңдарымен ерекшеленеді.

Сыртқы ұйқы артериясы

Сыртқы ұйқы артериясы, a.carotis externa (50, 51-суреттер), бастапқыда ішкі ұйқы артериясының кішкене алдынан және медиалді жүріп, кейін оның сыртында жатады.

Сыртқы ұйқы артериясы басында тек мен мойын шандыр кабығының  беткей табақшасымен жабылып, беткей орналасады. Кейін, жоғары бағытталып, қосқарыншалы бұлшықеттің артқы қарыншасы мен төс-тіласты бұлшықеттің артынан өтеді. Ол кішкене жоғары төменгі жақсүйек арты шұңқырында жатып,шықшыт бездің қалыңдығына енеді және төменгі жақсүйектің буындық өсіндісі деңгейінде екіге болінеді:

1) жогаргы жақсүйек артериясы,a. maxillaris және

2) беткей самай артериясы, a. temporalis superficialis.

Сырткы үйқы артериясыныц тармақтары топографиялық ерекшеліктеріне байланысты 4 топка: алдыңгы, артқы, медиалді және соңғы тармақтарына бөлінеді.

Алдыңғы топ тармақтары.

1. Жоғаргы қалқанша артериясы, a thyroideasuperior (52-сурет), сырқы ұйқы

артериясынан тіласты сүйегінің үлкен мүйізі деңгейінде тармақталады. Артерия кішкене жоғары бағытталып, кейін доға тәрізді медиалді жаққа бұрылып, төмен жүреді. Қалқанша бездің бүйір үлесінің жоғарғы полюсында алдыңгы жэне артқы тармактарымен, rr anteriores et posteriores,аяқталады. Бездің қалыңдығында жоғарғы қалқанша артериясы төменгі қалқанша артериясының тармактарымен, a. Thyroidea (қалқанша-мойынсабауының,thyrocervicalis, тармағы, ол бұғана асты артериядан, a. subclavia.), анастомоз құрайды.

Жоғарғы қалқанша артерия өз жолында бірнеше тармақтар береді.

а) Тіласты тармағы, s infrahyoideus, тіласты сүйегін және оған бекитін бұлшықеттерді қанмен қамтамасыз етіп, қарсылас жатқан аттас тармақпен анастомоз түзеді.

б) Төс-бұғана-емізік тәрізді тармақ, r.sternocleidomastoideus,тұрақсыз артерия, аттас бұлшықетті қанмен қамтамасыз етеді.

в) Жоғарғы көмей артериясы, a. Laryngea superior, медиалді бағытталып,қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегінде, т. thyrohyoideus, астында орналасады және membrana hyothyroidea-uы тесіп өтіп, бұлшыкеттерді, көмейдің шырынды қабығын және тіласты сүйегінің бір бөлігін және көмей қақпашығын қанмен қамтамасыз етеді.

...

Скачать:   txt (58.2 Kb)   pdf (171.6 Kb)   docx (721.6 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club