Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тест по "Анатомии"

Автор:   •  Январь 3, 2022  •  Тест  •  1,989 Слов (8 Страниц)  •  666 Просмотры

Страница 1 из 8

1.Рефлекстың морфологиялық негізі: рефлекторлыдоға

  1. Нейрондар өзара бір бірімен байланысады: синапстармен+
  2. Жұлынның жоғарғы шекарасы:үлкен шүйде тесігінің деңгейінде+
  3. Жұлынның артқы мүйіздерінде орналасқан талшықтар: сезімтал
  4. Жұлын-ми түйіндерінің орналасуы: омыртқа аралық тесік деңгейінде
  5. Жұлынның бүйір мүйіздері орналасқан бөлімін көрсетіңіз (2 жауап): 
  • тораколюмбалды бөлімінде (С 8-L 2, 3)
  •  сакралды бөлімінде (S 2-4)
  1. Жұлынның құйымшақ бөлімінде орналасқан:бір сегмент+
  2. Бас миының анатомиялық бөлімдері (2 жауап): сопақша ми(myelencephalon), артқы ми(metencephalon), ортаңғы ми(mesencephalon), аралық ми(diencephalon), алдыңғы ми(prosencephalon)
  3. Бас миының функционалдық бөлімдері (3 жауап):.ми сабауы, мишық, жамылғы ?
  4. Жұлынның сұр затында ядролардың орналасуы (қызметі бойынша)(3 жауап):алдыңғы мүйізде – қозғалтқыш, артқы мүйізде – сезімтал, бүйір мүйізде – вегетативті
  5. Көпірдің жоғарғы шекарасы:Ортаңғы ми+
  6. Ромб тәрізді мидың қуысы болып табылады:.ІУ қарынша+
  7. Ромб шұңқырының бүйір бұрыштарын құрайды:төртінші қарыншаның бүйір қалталары+
  8. IV қарынша түбінде орналасқан бассүйек нервтерінің ядролары: V-XII+
  9. Торлы формация орналасқан:ми сабауының орталық бөлімдерінде
  10. VII жұп бассүйек  нервтерінің ядролары:n. motorius, n. solitarius, n. salivatorius superior
  11. Ромб тәрізді шұңқыр шектелген:жоғары және төменгі мишық аяқшаларымен+
  12. Ми аяқшасының негізі мен жамылғы арасындағы шекара:қара зат+
  13. Ортаңғы мида орналасқан бассүйек нервтерінің  ядролары: III-IV+
  14. Төрт төмпектің жоғарғы екі төбешігінде орналасады:қыртыс асты көру орталықтары
  15. Төрт төмпектің төменгі екі төбешігінде орналасады:қыртыс асты есту орталықтары+
  16. Таламус аймағының бөліктері: (3 жауап)thalamus, metathalamus, epithalamus+
  17. Эмоция орталығы орналасқан:гипоталамуста+
  18.  Аралық ми көпіршігінің қалдық қуысы: III – қарынша+
  19. III қарыншаның жоғарғы қабырғасы: тамырлы өрім+
  20. Сильвиев су құбыры байланыстырады:III және IV қарыншаларды
  21. Соңғы ми келесі құрылымның туындысы болып табылады:prosencephalon+
  22.  Тарихи дамуына сәйкес бас миының бөлімдері:иіс сезу миы, қыртыс астылық, қыртыстың сұр заты+
  23.  Сезімтал анализатордың қыртыс ұшы орналасады:артқы орталық қатпарда+
  24. Жарты шардың тұрақты терең жүлгелері:(3 жауап) орталық, латералды, төбе-шүйде
  25. Негізгі ядроларға жатады:(3 жауап) жолақты дене, шарбақ, бадамша тәрізді дене
  26. Жартышарлар ақ заттары құралған:(3 жауап)ассоциативті, комиссуралды және проекциондық талшықтармен
  27. Ішкі капсула орналасады: бір бөлігі – жасымық тәрізді ядро арасында, екінші бөлігі – құйрықты ядромен және таламус арасында+
  28. Қыртыс қабаттарының саны:6
  29. Ми құрылысының адами белгілері:бас миының – жұлыннан басымдылығы
  30. Соңғы мидың қуысы:бүйір қарыншалар+
  31. Ми жартышарларының негіздік ядролары: Бадамша тәрізді дене+
  32. Үлкен ми жартышарларының ақ затында ажыратады: Комиссуральды талшықтар 
  33. Ішкі капсула бөлімдері:3 
  34. Бүйір қарыншаның алдыңғы мүйізінің медиальды қабырғасын құрайды:Мөлдір қалқа
  35. Бүйір қарыншада ажыратады:Орталық бөлімін 
  36. Көз-қозғалтқыш нервісі нервтендіреді:// (2 жауап)жоғарғы қабақты көтеруші бұлшықетті, көз алмасының жоғарғы тік бұлшықетін, көз алмасының төменгі қиғаш бұлшықетін
  37. Жоғарғы жақсүйек нервтің (V жбн) тармақтарын атаңыз://(3 жауап)n.infraorbitalis, n.zygomaticus, rr.ganglionares
  38. Бет өзегінде басталатын бет нервісінің тармақтарын атаңыз://(3 жауап)

n.petrosus major, chorda tympani, n.stapedius

  1. Кезбе нервтің бас бөлігінен шығатын тармақтарын атаңыз://(2 жауап)

r.meningeus, r.auricularis+

  1. Иық өрімі түзіледі:С5-С8 және Th1 жұлын-ми нервтерінің алдыңғы тармақтарына+
  2. Иық өрімінің қысқа тармақтарына жатқызамыз:(2 жауап)

n. dorsalis scapulae, n.thoracicus longus, n.subclavicus, n. axillaris, n. subscapularis, n. suprascapularis, n.thoracodorsalis, n.pectoralis lateralis et medialis

  1. Иық өрімінің ұзын тармақтарына жатқызамыз: (3 жауап)

 n. medianus, n. ulnaris, n. radialis

  1. Иық буыны капсуласының нервтендірілуі: (2 жауап)

n. axillaris, n. suprascapularis

  1. Қол басы терісінің нервтендірілуі:(2 жауап)rr. superficialis n. radialis
  2. Ақырғы тармағы бас бармақтың дөңестігіне дейін жететін нервті атаңыз:   n. Musculocutaneus+
  3. Инфекциялық бөлімге  42 жастағы наукас түсті. Жалпы қарауда: дене қызуы жоғары, менингиальді симптомдары айқын. Жұлын ми сұйықтығын зерттеуге алу үшін дәрігер жұлынның торлы кеңістігіне пункция жасау керек. Жұлынды зақымдап алмау үшін инені қайдай омыртқа арасына енгізеді?// III және IV бел омыртқа арасында//+

  1. Науқас бел аймағының ауырсынуына шағымданды. Дәрігер омыртқа маңылық  нүктелердегі ауырсынуды анықтап «бел радикулиті» диагнозын қойды. Жұлын түбіршегінің қысылған аймағының топографиясын көрсетіңіз.// бел омыртқа бөліміндегі омыртқааралық тесік+
  2. Суға сүңгу кезінде  науқастың омыртқасы зақымдалып, қолдың толық салдануы басталды.    Жұлынның қай бөлімі зақымдалған ( зақымдалуы мүмкін).// мойын бөлімі
  3. Тәжірибе барысында жануардың жұлынының артқы түбіршігін кесіп тастады.Нервтендірілу аймағында қандай өзгерістер байқалады.// нервтенуі аймағында сәйкес сезімталдықтың жойылуы//+
  4. Балаға неврологиялық бөлімшеде «полиомиелит» диагнозы қойылды. Ауру тірек-қимыл жүйесі қызметінің бұзылысымен қатар жүреді. Бұл бұзылуды қай жүйке құрылымдарының  деструкциясымен  түсіндіруге болады.// Жұлынның алдыңғы мүйізшелерінің сұр затын құрайтын нейрондардың+
  5. Науқаста жұлын жарақатынан кейін терең сезімталдық пен оң аяғының қозғалысының жоғалуы пайда болды. Жұлынның қай бөлімі зақымдалды.// оң жақ жартысы құрылымында немесе милық конус conus medullaris
  6. Көлік апаты нәтижесінде 50 жастағы науқастың v кеуде омыртқасы зақымдалды. Бұл жағдайда жұлынның қай сегментті зақымдалуы мүмкін.// кеуделік 4-5 сегмент
  7. 68 жастағы науқас кене шағуынан кейін менингиальды симптомдармен инфекциялық бөлімге түсті. Диагнозды нақтылау мақсатында люмбальды пункция жасалды. Ине liguor-ға(жұлын ми сұйықтығы) шыққанға дейін қандай анатомиялық құрылымдардан өтеді.// тері, тері асты май клетчаткасы, lig.flavum, spatium epidurale,dura mater,spatium subdurale, arachnoidea spinalis, spatium subarachnoidale+
  8. 65 жастағы науқаста L5-S1 деңгейінде алдыңғы түбіршектерді қысатын  жұлын жарығы  (грыжасы) анықталды. Мүмкін болатын бұзылыстарды және олардың орналасуын анықтаңыз.// қозғалыс аяқтарда?
  9. 35 жастағы науқаста эпидуральді абцесс (эпидурит) – жұлынның эпидуральді кеңістігінде іріннің  жиналуы анықталды. Паталогиялық процесстің орналасуын анықтаңыз.// сүйек қабығы (надкостница) мен мидың қатты қабығы арасында+
  10. Жұлын ми сұйықтығын өндіретін факторлар:// (2 жауап) қарыншаның тамырлық өрімі, қарыншаның эпендималық клеткалары, ми қабығының мезотелиальды клеткалары+
  11. Жұлынның алдыңғы жіпшелеріндегі өткізгіш жолдардың орнын көрсетіңіз:// алдыңғы буда+
  12. Жұлын түйіндерінде қандай нейрондар орналасатынын көрсетіңіз:// сезімтал нейрондар
  13. Пирамидалық қиылысты құраушы жолдарды көрсетіңіз:// tractus corticospinalis lateralis+
  14. Жұлынның бүйір жіпшелерінде орналасқан өткізгіш жолдарды көрсетіңіз://  (2 жауап)  алдыңғы және артқы жұлын-мишықтық жол (говерс және флексига  түйіні) tractus spinocerebellaris anterior et posterior, латеральды жұлын-таламусты жол tractus spinothalamicus lateralis, қыртыс-жұлын tractus corticospinalis немесе пирамидалық жол, қызыл ядро-жұлындық жол (пучок фон Монакова, tractus rubrospinalis)
  15.  Жұлынның алдыңғы жіпшелерінде орналасқан өткізгіш жолдар:// (2 жауап) алдыңғы қыртысты жұлын жол(tractus corticospinalis, s. pyramidalis, ventralis seu anterior) , реткулярлы жұлынды жол (tractus reticulospinalis), алдыңғы жүлыс таламус жолы(tractus spinothalamics, s. anterior), төбе жұлын жолы (tractus tectospinalis), кіреберіс жұлын жолы(tractus vestibulospinalis)
  16.  Жұлын нервтерінің қалыптасуы:// алдыңғы және артқы түбірлерден
  17.  Эпидуральді және субдуральді кеңістіктерді бөлетін қабықшаны  көрсетіңіз: // мидың қатты қабығы (dura mater)+
  18.  Емізікше тәрізді денелер ми сауабының  қай  бөлімінде орналасатының көрсетіңіз:// аралық ми(Diencephalon),+
  19.  Нейросекреторлы ядролар орналасқан бас ми  бөлімін көрсетіңіз:// ортаңғы гипоталамуста егер бұл жауап болмаса аралық ми(Diencephalon
  20.  Шатыр ядросы орналасқан бас ми бөлімін көрсетіңіз:// мишық (cerebellum)
  21. IX жұп бассүйек нервтерінің ядроларының орналасу орнын көрсетіңіз: сопақша мидың (medulla oblongata) ретикулярлы формациясында және ромб тәрізді шұңқырдың төменгі жартысында, 
  22.  Трапеция тәрізді дене ядросының орналасу орнын көрсетіңіз:// көпір (pons) +
  23.  Аралық мидың вентральді бетіндегі алдыңғы шекараны көрсетіңіз:// Көру қиылысының алдыңғы беті (Hiasma opticus) +
  24.  Метаталамус қандай құрылымдармен құрылғаннын көрсетіңіз:// медиалды, латералды иінді денелер+
  25. III қарыншаның латеральді қабырғалары немен түзілгенін көрсетіңіз:// таламустың медиальді беті+
  26.  Иіс сезу миының перифириялық бөліміне не кіреді:// (2 жауап) bulbus olfactorius (иіс сезу буылтығы), tractus olfactorius(иіс сезу жолы), trigonum olfactorium (иіс сзу үшбұрышы), substantia perforata anterior
  27.  Сүйелді денені түзейтін талшықтарды көрсетіңіз:// комиссуралық+
  28. Ми жартышарының доға тәрізді талшықтарын түзейтін өткізгіштерді көрсетіңіз:// қысқа ассоциативті талшықтар+
  29.  Латеральді жүлгенің шетің қамтитын қатпарды көрсетіңіз:// жиек үстілік қатпар (gyrus suprаmarginalis)
  30.  Сынаны тіл қатпарынан бөлетін жүлгені көрсетіңіз:// топшылық (calcarinus)
  31.  Тісті қатпар қай жүлгенің тереңінде орналасқаның көрсетіңіз:// гипокампалды жүйе+ (s.һipocampialis)
  32.  Ішкі  капсуланы латеральды жағынан шектейтін құрылымды көрсетіңіз://жасымық тәрізді ядро Nucleus lentiformis+
  33.  Үлкен ми сыңарларының қанмен қамтамассыз етілуі:// a.cerebri anterior, media, posterior+
  34.  Бас миынан веналық қанның ағысы://(2 жауап)
  35.  IV қарыншаның төбесін құрайды:// мидың жоғарғы және төменгі желкені Velum medullare superius et inferioris
  36.  Мойын өрімінің терілік тармақтары://(3 жауап) n.occipitalis minor кіші шүйде, n.auricularis magnus үлкен құлақ, n. transversus colli көлденең мойын, n.supraclaviculares бұғана үсті
  37.  Иық өрімі түзіледі:// С5-С8 және Th1 жұлын-ми нервтерінің алдыңғы тармақтарына+
  38.  Сегізкөз өрімі түзіледі:// бесінші  бел және төрт сегізкөз жұлынми нервтерінің алдыңғы тармақтарына.+
  39.  Шынтақ буынының нервтендірілуі:// n.muscuiocutaneus бұлшық ет терілік нервтін шынтақ буындық тармағы
  40.  ІІІ жұп бассүйек нервінің құрамында қандай талшықтар болады://
  41.  Көздің қиғаш бұлшықетін нервтендіреді:// шығыршық нерві nervus trochlearis
  42.  V жұп бассүйек нервтің құрамындағы талшықтар болады://сезімтал мен қозғалтқыш+
  43.  Ымдау бұлшықеттерінің нервтендірілуі:// Бет нерві, n.facialis+
  44.  Кезбе нерв құрамындағы ядролар://
  45.  Вегетативтік нерв жүйесі  нервтендіреді://(2 жауап) ішкі мүшелердегі бірыңғай салалы бұлшықеттерді, қан тамырларын, теріні, жүрек пен бездерді
  46.  Вегетативті рефлекторлық доғадағы 2-ші нейронның  денесі орналасады:// жұлынның бүйір мүйіздерінде
  47.  Қара заттың орналасу орны:// mesencephalon+
  48.  Ортаңғы ми құрамына кіретін құрылымдар:// Tectum mesencephali(ортаңғы мидың төбесі) , Tegmentum mesencephali ( ортаңғы ми жамылғысы), Basis pedunculi cerebralis ( ми аяқшасының негізі)
  49.  Аралық миды құрайтын бөлімдер:// .thalamencephalon,  hypothalamus, III ventriculus+
  50. Базальды ядролар түсінігі біріктіреді://  nucleus caudatus et lentiformis, claustrum, corpus amigdaloideum+
  51.  Сүйелді дененің негізгі бөлімдерін көрсетіңіз:// genu (тізесі), truncus(сабауы) ,splenum (артқы шеті), rostrum+
  52.  Жұлын ми сұйықтығы ми қуыстарынан қайда өтеді:// canalis centralis et subarachnoidalis encephali
  53. Соңғы мидың ақ заты қандай талшықтардан тұрады:// ассоциативтік, комиссуралық, проекциялық+
  54.  Кәрі жілік жүйкесі иықта не арқылы өтеді:// canalis humeromuscularis
  55.  Талшықтар құрамы бойынша үшкіл нервтің қай тармағы аралас болып табылады:// n.mandibularis төменгі жақ нерві+
  56.  Жұлын өзегі жоғарыда байланысатын ми қарыншасын көрсетіңіз://4+
  57. Шүйде сүйегі аймағында бас-ми жарақатын алған пациентте жүру және тепе-теңдіктің бұзылысы байқалады. Тепе-теңдік орталығы болатын, бас миының бөлімін көрсетіңіз://Мишық
  58. Клиникаға бас сүйегі негізінің құлдилау (скат) аймағының зақымдануымен науқас түсті. Тыныс алу және қантамырлар орталықтары орналасқан, бас ми бөліктерінің ісінуінің алдын алу мақсатында интенсивті терапия берілді. Осы орталықтардың қайда орналасқанын көрсетіңіз://сопақша ми medulla oblongata
  59.  Иық өрімінің артқы будасынан қандай нерв басталады:// n.radialis (кәрі жілік)
  60. Бас миы қабықшалары:// қатты милық қабық (dura mater), торлы қабық (tunica arachnoidea), жұмсақ немесе тамырлы қабық (pia mater, tunica vasculosa).
  61. Жұлынның артқы  шылбырында қандай өткізгіш жолдар орналасады:// Голли будасы (fasciculus gracilis), сына тәрізді немесе Бурдах будасы(fasciculus cuneatus)+
  62.  Мишықтың тығын және шар тәрізді ядролары зақымдалғанда қандай қызмет бұзылады:// Мойын мен тұлға бұлшық еттерінің жұмысы
  63. Бас ми жартшарының сұр заты неден түзілген:// жарты шар қыртысынан және негіздік ядродан+
  64. Тоқпан жіліктің хирургиялық мойнынан сыну кезінде қандай нерв зақымдалуы мүмкін екенін көрсетіңіз:// Қолтық жүйкесі    n. Axillaris+
  65. Білектің төменгі үштен бірінің алдыңғы бетінде орналасқан, сіңірге ұқсас нервті көрсетіңіз:// n.medianus - ортаңғы нерв+
  66. Науқаста бас-ми жарақатынан кейін, жұлын-ми сұйықтығының пунктатында қан анықталды. Қандай кеңістікте қан құйылу болғанын көрсетіңіз:// торлы қабық асты кеңістек+
  67. Науқаста бас ми қатты қабығының үңгірлі қойнауы аймағында ісік анықталды. Осы жағдайда зақымдалуы мүмкін бас ми нервтерін атаңыз:// III, IV, V бірінші тармағы, VI+
  68. Қандай бас ми нервінің зақымдалуында беттің кенеттен ассиметриясы байқалады ?// Бет нерві, n.facialis
  69. Науқаста мишықтың nucleus fastigii зақымдалуы анықталды. Қандай қызметтердің бұзылатындығын көрсетіңіз:// дененің тепе теңдігі бұзылады+
  70. Науқаста сол орталық арты қатпардың жоғарғы бөлімінде қан құйылу анықталды Қандай бұзылыстар болуы мүмкін:// оң жақ аяқтың қозғалыс белсенділігі бұзылады+
  71. Орталық нерв жүйесінің бөлімдері:// жұлын мен бас миы 
  72.  Латералды ілмекті құрайтын талшықтар:// Есту талшықтары+
  73. Қозғалыс анализаторының қыртыс шеті орналасады:// ?gyrus precentralis?
  74. Көз-қозғалтқыш нервтің парасимпатикалық ядросы орналасады://ортаңғы ми (mesencephalon)
  75. Кезбе нервтің вегетативті ядросы орналасқан:// ромбтәрізді шұңқырдың trigonum n. vagi
  76. Аралық мидың қуысы:// 3қарынша (ventriculus tertius)
  77. Иық өрімінің қысқа тармақтары:// n.dorsalis scapula, n thoracicus longus, n.suprascapularis,n.pectoralis medialis et lateralis.+
  78. Шайнау бұлшықеттерінің нервтендірілуі:// Төменгі жақсүйек нерві - п. mandibularis-тің тармағы Шайнау нерві, п. massetericus, немесе rr.muscularis n.mandibularis+
  79. N.abducens нервтендіреді:// көз алмасының сыртқы тік бұлшықетін+  
  80. Жұлын-ми нервісі келесі тармақтарға бөлінеді:// (2 жауап) 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құйымшақ немесе дорсальды (артқы)r.dorsalis seu posterior, вентральды (алдыңғы, қарыншалық) r.anterior r.ventralis
  81. Тілжұтқыншақ нервісінің тармақтары:// (2 жауап) Дабыл нерві, n.tympanicus, Біз-жүтқыншак тармағы, r. т. stylopharyngei, Таңдай бадамшасы тармактары rr. Tonsilares, Тілдік тармактар, rr. linquales, Жүтқыншақтық тармақтар, rr. pharyngei, қойнау тармақ r.sinus carotici
  82. Көру нервісінің топографиясы:// бас сүйек қуысына көру өзегі арқылы кіреді және көру қиылысын түзеді/
  83. VII жұп бас-ми нервісінің құрамы:// (3 жауап) қозғалыс ядросы  nucleus motori nervi facialis , сезімтал ядросы nucleus solitarius, секреттік ядро nucleus salivatorius superius
  84. IV қарынша қуысын  III қарынша қуысымен байланыстыратын құрылым:// суарна немесе суқұбыры, водопровод aqueductus cerebri
  85. Жұлынға қызыл ядролардан төмендеген өткізгіш жолдар жүреді:// Жұлынның алдыңғы мүйізінің сұр заты құрамында+
  86. Жұлынның артқы мүйіздерінің сұр затында орналасқан ядролар:// кеуделік ядро nucleus thoracicus,меншікті ядро nucleus proprius +
  87. Бас сүйек нервтерінің жіктелуі://(3 жауап) қозғалтқыш, сезімтал, аралас
  88. Сезімтал бас сүйек нервтерін атаңыз://(3 жауап) Иіс сезу нерві, п. olfactorius (I), Көру нерві, п. opticus (II), Кіреберіс - үлу нерві, п .vestibulocochlearis(VIII),
  89. Қозғалтқыш бас сүйек нервтерін атаңыз: (3 жауап) Көзкимыл нерві, п. oculomotorius (III), Шығыршық нерві, п. trochlearis (IV), Әкететін нерв, п. abducens (VI), Тіласты нерв, п. hypoglossus (XII)
  90. Аралас бас сүйек нервтерін атаңыз: (3 жауап)

Үшкіл нерв, п. trigeminus (V), Бет нерві, п. facialis (VII), Тілжұткыншак нерві, п. Glossopharyngeus (IX), Кезбе нерв, п. vagus (X),Қосымша нерв, п. accessorius (XI),

...

Скачать:   txt (27.9 Kb)   pdf (129.9 Kb)   docx (22.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club