Контрольная работа по "Анатомии"
Автор: Mansiaersin • Февраль 3, 2024 • Контрольная работа • 2,212 Слов (9 Страниц) • 123 Просмотры
Билет №18
Сұрақ №1: Кіші қан айналым жүйесін сипаттаңыз. Жауап: Кіші қан айналым жүйесіне көшпей тұрып, ең алдымен қан айналым жүйесі туралы айтып кету қажет. Қан айналым жүйесі – қанның және оның құрамындағы қажетті заттардың денеде тасымалдануын, оның айналымын қамтамасыз ететін дененің ең маңызды жүйелерінің бірі болып есептеледі. Қан айналым жүйесінің өзіне тән функциялары, маңызды жақтары бар. Бұл жүйе жүрек пен қан тамырларынан тұрады. Жүрек – насос секілді қызмет атқаратын, қанды қан тамырларына айдайтын бұлшықетті мүше. Қан тамырлары – қанды бүкіл денеге тасымалдайтын, бүкіл ағзаны торлап тұратын мүше. Жалпы, қан тамырлары артерия, вена және капилляр деп жітеледі. Артерия қанды жүректен алып, бүкіл денеге таратады. Вена қанды денеден жүрекке апарады. Ал капилляр тамырлар ұлпалық деңгейде газ алмасуын қамтамасыз етеді. Қан айналым жүйесі келесі түрде жұмыс атқарады. Жүрек жиырылып, босаңсиды. Бұл қайталана беретін процесс. Бұның әсерінен қан денеге тарайды. Бүкіл дене оттегі және қоректі заттармен қамтамасыз етіліп, кері қарай қайтады. Қан айналым жүйесі маңызы зор. Себебі, ол тасымалдау, температураны реттеу, қорғаныс қызметтерін атқарады. Қан айналым шеңберлері қан айналым жүйесінің негізі деп айтсақ та болады. Жалпы, 2 түрлі қанайналым шеңбері бар. Олар: үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Үлкен қан айналым шеңбері жүректің сол жақ қарыншасынан басталып, одан кейін бүкіл мүшелерге барып, оң жақ жүрекшемен аяқталады. Кіші қан айналым шеңбері оң жақ қарыншадан басталып, өкпеге барып, жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады. Кіші қанайналым шеңбері өкпемен тығыз байланысқан қан айналым шеңбері болып саналады. Өкпемен байланысты болғаны үшін, бұл шеңбер газ алмасуға әсер ете алады. Алдыңғы абзацта айтылғандай, ол оң жақ қарыншадан, сол жақ жүрекшеден тұрады. Бұған тағы да өкпе артериясы мен венасы кіреді. Бұлардың әрқайсы белгілі бір қызмет атқарады. Қызметтерін қан айналым шеңбері реті арқылы айтсақ былай болады: 1) Оң жақ қарынша қанды өкпе артерияларына айдап бастайды; 2) Қанды оттегімен қанықтыру үшін қанды өкпеге айдайды; 3) Өкпе венасы оттегімен қаныққан қанды сол жақ жүрекшеге жібереді; 4) Сол жақ жүрекше оттегімен қаныққан қанды қабылдайды. Кіші қан айналым шеңбері барлық ұлпаларға қалыпты мөлшерде оттегі баруын бақылайды. Бұл қан айналым шеңбері өкпе артериясындағы қысымды үнемі қалыпты жағдайда ұстап тұрады. Қорытай келе, мынадай қорытынды жасауға болады. Кіші қан айналым шеңбері газ алмасуды, организм тіршілік етуін қамтамасыз ететін қан айналым жүйесінің маңызды бөлігі. Оның анатомиясын білу адам өмірін сақтап қалу үшін өте маңызды.
Сұрақ №2: Ұлпа дегеніміз не? Жалпы сипаттама беріңіз. Жауап: Жалпы, адам анатомиясының зерттеу деңгейлерінде бізде келесідей сатылары бар. Олар: 1)ағзалық; 2)жүйелік; 3)мүшелік; 4)ұлпалық; 5)жасушалық; 6)субмикроскопиялық. Жасушалар өзара бірігіп ұлпаларды түзеді, ұлпалар бірігіп мүшелерді, ал мүшелер мүшелер жүйесін түзеді. Ұлпалық деңгейдің негізі ұлпа болып табылады. Ұлпа – организмдердің, дененің негізгі құрылыс материалы болып есептеледі. Ол олардың құрылысына, қызметіне тікелей әсер етеді. Ұлпалардың 4 түрі болады: 1)эпителий ұлпасы; 2)дәнекер ұлпа; 3)бұлшық ет ұлпасы; 4)жүйке ұлпасы. Олардың әрқайсысы белгілі қызмет атқарып, белгілі құрылымға ие болады. Эпителий ұлпасы – дене беткі бөлігін, ішкі мүшелер бетін қаптап тұратын ұлпа. Құрылымы бойынша апикальды және базальды болып келеді. Бұл ұлпа келесі қызметтерді атқарады: 1) Қорғаныш қызметі. Ол қақпа қызметін атқарады, инфекция, зиянды заттар енуіне төтеп беріп; 2) Сору қызметі. Сыптқы ортадан келетін заттарды сору қызметін атқарады; 3) Секрециялық қызметі. Кей эпителий бөліктері тер, сілекей, және т.б. секілді секрет бөледі. Эпителий ұлпалары жоғарғы регенерация және бейімделу қабілетіне ие болады. Олар зақымдалған соң тез қалпына келе алады. Сыртқы орта әсерлеріне тез бейім алады. Дәнекер ұлпасы – мүшелерді, солардың ішінде сүйек, шеміршек, дәнекер талшықтарын байланыстырады. Дәнекер ұлпасына коллаген талшықтар, эластикалық талшықтар, шеміршек және сүйек ұлпалары жатады. Коллагенді талшықтар қатты және берік болып келеді. Олар эластикалық талшықтармен бірігіп дәнекер ұлпалар басты негізгі құрылысшысы болады. Эластикалық талшықтар серпімділік және икемділік қасиет береді. Шеміршек - серпімді болып келеді және құлақ, мұрын пішінін сақтауда көмек етеді. Сүйек ұлпасы - ішкі мүшелерді қорғауда,, бұлшық еттер бекінетін орын болып табылады. Дәнекер ұлпасы байланыстырғыш талшықтар травмасы кезінде қалыпқа келуде үлкен рөл атқарады. Бұлшық ет ұлпасы – қозғалысқа жауап береді. Бұлшық етті ұлпалар түрі: біріңғай салалы, көлденең жолақты және жүрек бұлшық еті. Көлденең жолақты бұлшықет қаңқа қозғалысына жауап береді. Біріңғай салалы бұлшық ет ішкі мүшелердің бетін қаптап, қызметін реттеп отырады. Жүрек бұлшық еті жұрек қызметіне әсер етіп, оның қан айдауына әсер етіп отырады. Жалпы бұлшық еттер қызметі келесідей болады:1) Қозғалтқыш. Дене бөліктері қозғалысына жауап береді; 2) Жүрек жиырылуы. Жүрек жиырылуына әсер етіп, қан айналымын қамтамасыз етеді; 3) Ішкі мүшелер. Ішкі мүшелер перистальтикасына әсер етеді. Бұлшық еттер жүйке жүйесі арқылы берілетін импульстар көмегімен қозады. Жүйке ұлпасы – жүйелердегі ең қиыны, басты қызметі сигнал беру арқылы мүшелер арасындағы байланысты, қозғалысты реттеу. Негізінен жүйке ұлпасы нейрондардан тұрады. Нейрон өз кезегінде дендрит және аксоннан тұрады. Дендриттер басқа нейрондардан келетін сигналдарды қабылдап, синапстар көмегімен сигналдар аксондарға қарай өтеді. Аксондар сигналды басқа нейрондарға жеткізеді. Жүйке ұлпасы орталық және шеткі жүйке жүйесінен тұрады. Жалпы, бүкіл жүйке ұлпасы қызметі мынандай: 1) Дене мүшелер қызметін реттеу. Шеткі жүйке жүйесі ішкі мүшелер қызметін реттейді; 2) Импульстарды тасымалдау. Нейрондар сигналдарды тасымалдайды. Қорытынды мынадай болмақ, ұлпалар – денедегі басты құрылыс материалы болып табылады. Олардың дұрыс қызмет етуі организмнің дұрыс қызмет етуінде үлкен рөл істейді.
...