Контрольная работа по "Анатомии"
Автор: gulimjumabekova2 • Январь 31, 2021 • Контрольная работа • 531 Слов (3 Страниц) • 406 Просмотры
1. Омыртқа жотасы. Омыртқаның негізгі элементтері. Омыртқалардың барлығы сіңір, шеміршек, бұлшықеттермен бір -біріне байланысады және омыртқа жотасын құрайды. Омыртка жотасының латынша атауы columna vertebralis. Омыртқа жотасы жеке-жеке сигменттерден,омыртқалардан тұрады. Омыртқа жотасы денені тіреп тұратын қанқа рөлін атқарады. Оның пішіні және де қалпы адамның түзу жүруіне қатысты болады. Адамның омыртқа жотасы 34 омыртқадан тұрады .Омыртқа жотасының омыртқаларының пішіні, көлемі ,түріне байланысты, баска сүйектермен байланысуына орай бір неше жеке түрлерге бөлінеді. Оларға тоқталатын болсақ : Мойын омыртқасы, Кеуде омыртқасы, Бел омыртқасы ,Сегізкөз омыртқасы, Құйымшақ омыртқасы. Мойын омыртқасы : бастапқы 7 сүйек мойын омыркасы болып емептелінеді. Мойын омыртқасының баска омыртқалардан ерекшелігі оның пішіні кішілеу,бас сүйекпен байланысқан болады және басты бұруға көмектеседі. денеге қаншалықты күш көбірек түссе 3-мойын омыртқасы 7-мойын омыртқасына дейін пішіні өзгереді. Ал 12 кеуде омырткасына келетін болсақ : ол мойын омырткасына қараганда ірі болып келеді. кеуде омыртқасы қабырғалармен байланысады. Келесі бізде 5 бел омыртқасы: бұл омыртқаның басқа омыртқалардан ерекшелігі денесі үлкен әрі жалпақ болып келеді. Дененің басты салмағы бел омыртқасына көбірек түседі. 5 Сегізкөз омыртқасы : пішіні үшбұрыш, сегізкөз омыртқалары бір-бірімен қозғалмайтын болып тұтасқан. Бұл омыртқалардың төрт жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің ұштары шығады. Ал 1-5 құйымшақ омыртқаларына келетін болсақ :бұл омыртқа қалдық ретінде тұтасып кеткен, тек біріншісінде гана омыртканың кейбір белгілері сақталган ,ал калгандары кішірейген .
2. Кеуде торының құрылысы. Қабырғалардың құрылысы мен классификациясы. Кеуде торы 12 жұп қабырғалар , кеуде омыртқасы және алдыңғы жағынан жалғыз төссүйектен құралады. Кеуде торының латынша атауы compages thoracis.
...