Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Анатомии"

Автор:   •  Декабрь 5, 2021  •  Контрольная работа  •  465 Слов (2 Страниц)  •  262 Просмотры

Страница 1 из 2

17.Жамбас сүйектің құрамына кіретін сүйектерді ата

Жамбас сүйектің құрмына кіретін жеке үш сүйек бар,олар — мықын, os ilium, қасаға, os pubis және шонданай, os ischii.

18.Мықын сүйектің бөлімдері,құрылысы

Мықын сүйегі, os ilium, төменгі, қалың болып келетін денесі, corpus ossis ilii, арқылы ұршық шұңқыры аймағында жамбас сүйегінің қалған сүйектерімен бітіседі; жоғарғы, жайылған және жұқалау бөлігі мықын сүйегінің қанатын, ala ossis ilii, құрайды. Мықын сүйегінің бедері сіңір бекитін жерлерде — қырқалар, сызықтар және қылқандар, ал етті бөлігі бекитін жерлерде — шұңқырлар түзетін бұлшықеттермен түзіледі. Іштің үш жалпақ бұлшықеті бекитін жоғарғы бос жиегі қалыңдаған, S тэрізді иілген қырқа, crista iliaca, түзеді. Қырқа алдыңғы жағынан алдыңғы жоғарғы қылқан, spina iliaca anterior superior, ал артқы жағынан — артқы жоғарғы қылқанмен, spina iliaca posterior superior, аяқталады. Бұл қылқандардан төмен қырқаның алдыңғы және артқы жиектерінде алдыңғы төменгі және артқы төменгі қылқандар: spina iliaca anterior inferior және spina iliaca posterior inferior болады. Төменгі қылқандар жоғарғысынан тілік арқылы бөлінген. Алдыңғы төменгі қылқаннан алға және төмен, мықын сүйегінің қасаға сүйегімен қосылатын жерінде мықын-қасаға томпағы, eminentia iliopubica, ал артқы төменгі қылқаннан төмен, шонданай сүйегінде орналасатын шонданай қылқанымен, spina ischiadica, шектелетін терең үлкен шонданай тілігі, incisura ischiadica major, орналасады. Мықын сүйегі қанатының ішкі беті тегіс, иілген және дененің вертикалды жағдайында ішкі ағзаларды үстап түруымен байланысты түзілетін мықын шүңқыры, fossa iliaca, болады. Одан артқа және төмен сегізкөздің аттас бетімен буындасатын қүлақ тәрізді буын беті, facies auricularis, ал буын бетінен артқа және жоғары сүйек аралық сегізкөз-мықын байламы бекитін мықын сүйегінің бүдырмағы, tuberositas iliaca, орналасады. Мықын шүңқыры төмен орналасқан мықын сүйегі денесінің ішкі бетінен доға тәрізді иілген жиек, linea arcuata, арқылы бөлінеді. Мықын қанатының сыртқы бетінде бөксе бүлшықеттерінің бекитін орындары — алдыңғы, артқы және төменгі сызықтарды (lineae gluteae anterior, posterior et inferior) көруге болады.

...

Скачать:   txt (6.1 Kb)   pdf (73.6 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club