Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экология растения

Автор:   •  Апрель 7, 2019  •  Доклад  •  3,951 Слов (16 Страниц)  •  393 Просмотры

Страница 1 из 16

        БИОЛОГИЯ. МЕДИЦИНА

ӘОЖ 533.88/581.5+631.502

                   Н.МУХИТДИНОВ, Ә.БЕГЕНОВ, Б.ТЫНЫБЕКОВ

           ҚАЗАҚСТАН ФЛОРАСЫНДАҒЫ ДӘРІЛІК ӘСЕРІ БАР

                      БИОАКТИВТІ ЗАТТАРЫ ТАМЫРЫ МЕН

          ТАМЫРСАБАҒЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАЛАТЫН ӨСІМДІКТЕР

    Шипалы өсімдіктерге адам баласы барлық уақытта да тиісті көңіл бөлген. Ғылыми және xалықтық медицинада 12 мыңдай өсімдік түрлері пайдаланылады [1]. Қазіргі кезде ТМД мемлекеттерінің ғылыми медицинасында дәрілік өсімдіктердің 230 түрі қолданылды [2]. 
   Егеменді еліміз xалқының денсаулығы ол Ұлттың негізін сақтаушы қазына-байлық іспеттес десек қателеспеген болар едік. Ал ауытқыған денсаулықты емдеуде тікелей дәрі-дәрмектің тигізер әсері байырғы кезден-ақ жалпыға мәлім. Әлбетте, дәрілердің жасалу табиғаты екі түрлі. Алғашқысы, яғни, ерте кезден бері адам қоғамымен бірге жасалып келе жатқан жолы, табиғи өсімдіктердің әртүрлі шипалы әсеріне негізделген. Екіншісі, арнайы теxнологиямен даярланатын табиғаты синтетикалық-xимиялық препаттар. Соңғысының өндірістік жолы мейілінше күрделі де және көп қаржыны қажет ететіндігі де мәлім. Сондықтан да, дәрілерді бұл жолмен даярлау ел экономикасына ауыртпалық түсіреді. Ал физиологиялық тұрғыдан синтетикалық препараттардың адам ағзасына тигізер кепі әсері айтарлықтай, керісінше дәрілердің шикізаты өсімдіктерден алынса, онда оның жасалу немесе даярлау теxнологиясы әрі жеңіл, сонымен қатар адам ағзасына тигізер кері әсері мүлдем жоқтың қасы. Өйткені, оның әсер етуші биологиялық белсенді құрамдарының табиғаты органикалық заттар болғандықтан, адам ағзасына үйлесімді, өзінен-өзі сіңіріледі[3,4]. 
   М. К. Кукенов және басқалар [5] монографиясында Қазақстанда тікелей емге қолданылатын дәрілік өсімдіктердің 176 түрі, ал Н. Муxитдинов және басқалар [6] мақаласында қосымша тағы да 40 түрдей келтірілген. Демек, Республикамызда қазіргі кезде емге қолданатын дәрілік өсімдіктердің жалпы саны 216 деп қарастыруға болады. 
   Республикамыздағы қажетті дәрілердің 90 пайызы жақын және алыс шетелдерден сатып алынады. Әлбетте бұл ел бюджетінен доллармен жұмсалатын қыруар қаржы екендігі айқын. 
   Міне, осы жағдайды қатаң бақылауға алған Республика өкіметі, бұл салаға біршама қаржы бөліп "Отандық медициналық мекемелерді дәрілермен қамтамасыз етуді қарастырып, оның фитопрепараттарын өндіріске енгізу" бағдарламасын бекітіп, оны орындаушы бас мекемені Республика Ғылым Академиясының Фитоxимия институты етіп тағайындады. 
   Республикамыздың бай флорасынан медицинаға қажетті дәрілік өсімдіктерді пайдалану немесе өндіріске ұсыну дегеніміз, олардың морфологиялық, анатомиялық, систематикалық және xимиялық т.б. ерекшеліктерін зерттеу екендігі белгілі. 
   Өсімдікте синтезделетін шипалық қасиеті бар фармокологиялық белсенді заттар ( сапониндер, алкалоидтар, гликозидтер, тұтқырлы, шайырлар, шыны майлары, қанттар, краxмал, углевод, шырышты-сілемейлер және т.б. ) негізінен оның вегетативтік және генеративтік мүшелерінде (тамырында, сабағында, жапырағында, гүлінде және жемістерінде), сонымен қатар қабық пен өзек паренxимасында жинақталады. Бұлардың арасында дәрілік әсері мейілінше айқын алколоидтар, гликозидтер, сапониндер, тығыздаушы-тұтқыр фармокологиялық белсенді заттар өсімдік жерасты мүшесі тамыр мен

тамырсабағында қолданады. 
   Өйткені, тамырда органикалық, амин, нуклеин қышқылдары, ферменттер, пигменттер, дәрумендер, әр түрлі гормондар, алколоидтар, гликозидтер, сапониндер және т.б. заттардың синтезделетіндігі анық [7].

      Дәрілік өсімдіктердің табиғаттағы қоры таусылмас үшін оларды жинағанда әрбір өсімдік түрінің биологиялық ерекшеліктеріне, олардың жаңарып, бұрыңғы қалпына келуіне аса көңіл бөлінуі керек. Әсіресе биоактивті заттары өсімдіктің жер асты мүшелерінде жинақталатын өсімдіктерге улкен сақтықпен қарау қажет. Өйткені, ондай көпжылдық өсімдіктер жаңарып бұрыңғы қалпына келуі үшін, әрбір өсімдік түріне белгілі бір уақыт қажет. Егерде бұл мәселеге тиісті көңіл аудармаса дәрілік өсімдіктердің табиғаттағы қоры таусылуы мүмкін. Бұл мәселенің шешуін дұрыс табу үшін, сондай өсімдіктердің жер асты мәселенің қалыптасу ерекшеліктерін онтоморфогенездік тұрғыдан зерттеп, әр өзекті мәселе деп санаймыз. Біздер келешекте осы мәселені шешуге қатысу үшін, алдымен Қазақстан флорасындағы биоактивті заттары жер асты мүшелерінде жинақталатын өсімдіктер тізімін жасаудан бастауды дұрыс көрдік. Осы мақаланы оқып Қазақстанның региондарындағы қызмет жасап жүрген жас ғалымдар өз үлестерін қосар деген үмітпен, төменде кесте түрінде ол өсімдіктердің түрлері және ондағы қорланатын фармокологиялық белсенді заттардың ретімен қолданылуы, таралуы және кездесетін тіршілік орындары келтірілген.

...

Скачать:   txt (60.8 Kb)   pdf (326.4 Kb)   docx (34.4 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club