Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экология моего края

Автор:   •  Апрель 18, 2021  •  Эссе  •  1,235 Слов (5 Страниц)  •  857 Просмотры

Страница 1 из 5

Экология моего края.

Табиғат – жер шарының басты байлығы, сонымен қатар қазақ халқы табиғатты анаға теңеген. Себебі, табиғаттан тіршілік иелері өсіп шығады. Табиғатты аялап қарау, болашағымыздың үлкен жемісі. Ал, табиғатқа немққұрайлы қарау, келешекте үлкен зардапқа алып келеді. Қазіргі таңда ағаштарды шектеусіз қырқу, аң мен құстарды шамадан тыс аулау, жерлерді орынсыз жырту арқылы, топырақ эрозияға ұшырап жатады. Осы келтірілген зардаптардың әсерінен әлем халқына ядролық зардапқа қарағанда, экологиялық зардап басым болып келеді.

Экология – табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым – қатынасын зерттейтін ғылым. Экология сөзінің мағынасы «тіршілік ету мекені» туралы ғылым деген мағынаны береді. Экология терминін ғылымға алғаш рет енгізген неміс биологы Эрнест Геккель болды.

Экология мәселесі қазіргі таңда тек Қазақстан табиғатына  ғана төніп тұрған қауіп емес, ол бүкіл әлем алдында тұрған мәселелердің бірі. Заман талабына сай, адам баласы ойлап тапқан ракеталар, атом станциялары, зауыттар және т.б. ғылыми жетістіктер мемлекетті жетістікке жеткізумен қатар, қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі адам баласының болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін сезінбеуінен туындайды.

Экология мәселелеріне ұшырататын қауіпті заттар  - ол радиациялық заттар. Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан тыс мөлшері ағзаға әсер етер болса, онда ағазада генетикалық өзгерістер, ісік, және т.б. күрделі ауруларға ұшыратуда. Қазақстан жерінде радиацияға ұшыраған қала – Семей қаласы болып табылады. Бұл 700 мың гектарға жуық жері радиацияға ұшыраған болып саналады. Оның адам ағзасына тигізетін әсері өте үлкен. Сонымен қатар, табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе жасанды жолмен келетін флюорография, теледидар экраны, телефон және т.б. адам ағзасына әсер етеді. Қазақстан экологиясын ластауда, қоршаған ортаға зиянды заттарды бөліп шығаратын кәсіпорындарға мыналар жатады: Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Жамбыл фосфор зауыты, Жамбыл суперфосфат зауыты, Балқаш тау-кен комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Павлодар алюминий зауыты, Қарағанды металлургия зауыты, Шымкент қорғасын зауыты және т.б. кәсіпорындар. Бұл кәсіпорындардың тазалау қондырғылары сапасының мөлшері 30%-дан аспайды.

Пайдалы қазбалар ішінен республикамызға экологиялық зиян шектіріп отырған кендер: полиметалл кендері, түсті металлургия, ал элементтерден: хром, қорғасын, марганец және уран. Бұл кендер мен элементердің басым көпшілігі шет елдерге жөнелітілп, олардың тиімділігін сол елдер көріп жатыр. Ал, біздің  көріп отырғанымыз, зиянды қалдықтар, бүлінген су, ауа, топырақ.

Экологиялық апат аймағына Арал теңізі кіреді. Арал теңізіне әкеліп жатқан Амудария, Сырдария өзендері 1960 жылдардың басында 60 текше шақырым су берсе, ал 1980 жылдан бастап  жылына 4 текше шақырым су беріп тұр. Аралдың қазіргі жағдайы өте ауыр, бұрынғы көлемі 66000 шаршы шақырым құрайтын су айдыны, қазіргі таңда 25 шаршы шақырымды ғана құрап отыр. Бұл экологиялық апат салдарынан жергілікті тұрғындар су тапшылығын көріп отыр. Сонымен қатар, тұрғындар дұрыс суды пайдаланғандықтан, түрлі жұқпалы ауруларға шалдығумен қатар, халық денсаулығына нашарлай түскен.

Қазақстан жерінде экологиялық апат аймағында тұрған тағы бір өлке – ол «Байқоңыр» ғарыш айлағы. Байқоңырға жақын Ұлытау даласына баратын болсаңыз, ол жерде аяқ алып жүретін жер жоқ, себебі зымырандардың сынығы бүкіл Ұлытау даласын қамтиды. Бұл қалдықтар зымырандардың бірінші ұшу сатысынан қалған қалдықтар. Зымырандардың отын құрамында хлорлы қосылыстар жиі кездеседі. Аспаннан түскен зымыран қалдықтары өртке оранып жерге түседі, ол бірқатар аумақты өртеп, улап, зиянын тигізеді және ұзақ уақытқа дейін ол жерде ештеңе өспейді. Және де әр зымыран ұшқан сайын ауаға 300 тоннаға жуық зиянды газдар бөлініп шығады. Бұл жағдайлардың салдарынан Ұлытау ауданының халқы арасында қатерлі ісік аурулары, қан қысымының көтерілуі, кеміс балаларды туу, нәрестелердің шетінеу көрсеткіштері көбейген.

...

Скачать:   txt (16.9 Kb)   pdf (65 Kb)   docx (11.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club