Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фрэнсис Гальтон (1822-1911)

Автор:   •  Декабрь 12, 2018  •  Реферат  •  4,521 Слов (19 Страниц)  •  628 Просмотры

Страница 1 из 19

Жеке адамның айырмашылықтары:

Фрэнсис Гальтон (1822-1911)

Фрэнсис Гальтонның адам мұмкіндіктеріндегі (адам қабілеттеріндегі) ақыл-ой мұрасы мен жеке адамның ерекшеліктері жөніндегі жұмыстары жаңа психологияға эволюция ұғымын (рухын) қалыптастырды. Гальтон ға дейін жеке адамның ерекшеліктері феномені зерттеуге тиісті пән есебінде қарастырылды.

Испан дәрігері Хуан Уарте (1530-1592) --адамның қабілеттерінде және ұстанымдарында жеке адамның ерекшеліктерін анықтаған ғалым. Гальтон жасаған зерттеуден 300 жыл бұрын Уарте осы салада «Дарынды адамдарды зерттеу» (The Examination of Talented Individuals) кітабын жариялады. Бұл еңбекте ол адам қабілетіндегі жеке адамның ерекшеліктеріне тоқталды. (Diamond, 1974). Уартенің пікірі бойынша, балалардың жеке қабілеттеріне байланысты білімді меңгеру жоспарын құру үшін олардың жеке қабілеттерін ерте жастан бастап зерттеу керек. Жеке ерекшеліктерді бағалағаннан кейін, мысалы, музыкалық қабілеті бар студентке музыкалық және музыкаға жақын салаларды зерттеу мүмкіндігі ұсынылады.

Уартенің енбегі аздап танымал болды, бірақ Гальтонның заманына дейін бұл идеяларға көп адамдар қызықпады. Вебер, Фехнер және Гельмгольц өздерінің эксперименттік нәтижелерінде жеке адамның ерекшеліктерін көрсетсе де, бұл ғалымдар осы нәтижелерді жүйелі түрде зерттемеді. Вундт пен Титченер жеке адамнын ерекшеліктерін психологияның бір бөлігі ретінде қарастырған жоқ.

Гальтонның өмірі

Фрэнсис Гальтон таусылмайтын шығармашылық идеялар мен ерекше ақыл-ойға (жанама бағалаулар бойынша оның IQ коэффициенаі шамамен 200-ге тең болды) ие адам болды. Ол дактилоскопия (осы жұмыстардың нәтижелерін кейін криминалистер қолданды), сән өнері, халықтың сыртқы деректеріне географиялық факторлардың әсері, ауыр атлетика және Құдайға сыйыну тиімділігі сияқты тақырыптарды зерттеді. Ол телетайпқа арналған баспа құрылғысын, құлыптарды ашуға арналған керек-жарақты және перископты (бұл құрылғы арқылы бір топ адам ішінде тұрып, олардың үстінен шеруді бақылай алды) ойлап тапты.

1822 жылы Бирмингемде (Англия) дүниеге келген Гальтон тоғыз баланың кенжесі еді. Оның әкесі бай әрі атақты әулеттен тараған банкир болатын. Олардың тегінен көптеген танымал мемлекеттік қайраткерлер, діни қызметкерлер мен әскери басшылар шықты. Фрэнсис алғыр, зерек бала болып өсті.

«Бір жасында барлық бас әріптерді оқи ағатын Галытон 18 ашлыгында агылшын және грек әліппесінің меңгеріп алды. Үй ішінде айналып жүрсе де, осы әріптер үнемі оның көз жағдайында тұруы тиіс сөзді. 2,5 жасында о1 6взінің алңашқы кітабын оқып шықты. 5 жасында Гомер туындыларын түсініп оқи алды»

(Brookes, 2004, p. 18).

Фрэнсис 16 жасында әкесінің талап етуімен Бирмингем қалалық ауруханасында дәрігердің көмекшісі есебінде тәжірибеден өтті. Ол науқастарға дәрі-дәрмек таратып, медициналық әдебиеттермен танысты; наукастардың сынған жерлерін емдеп, зақымдалған саусақтарды таңды; тіс жұлып, балаларға екпе салды hәм классикалық әдебиет оқу мен айналысты. Алайда оған ауруханадағы жұмыс ұнамады. Ол бұл жұмысты еркінен тыс, әкесінің қалауы бойынша ғана атқарды.

Ауруханадағы жұмые барысында Гальтонның басынан өткен бір оқыту оның ақылының ұшқырлығын байқатты. Ол түрлі дәрі-дәрментердің әсерін түсіну үшін әр дәріні аз мөлшерде жеке-жеке қабылдап, әрқайсысының қалай әсер еткенін жазып отырды. Гальтон өз тәжірибесін әрпінің басталатын дәрі-дәрмектерден бастап, зерттеуін С әрпіне басталатын дәрі-дәрмектермен аяқтады. Себебі С әрпіндегі дәрі-дәрмек құрамындағы кретон майы эксперимент барысында оның ішін өткізді.

Ауруханада бір жыл жұмыс істегеннен кейін Гальтон Лондондағы Корольдік колледжде медициналық білім алды. Бір жыл өткен соң оның жоспары өзгерді Кембридж университетінің Тринити колледжіне ауысын, математиканы үйренді. Исаак Ньютон мүсінінің қырағы көзқарасы оның математикаға деген қызығушылығын арттырды. Ол ауыр күйзеліс салдарынан оқуынан қол үзіп қалса да, университеттегі оқуын аяқтап, диплом алды. Кейінгі жылдары (өзі жек көретін) медицина саласымен айналысатын жалғастырды. Бірақ әкесі қайтыс болғаннан кейін медицина саласындағы жұмысын токтатты.

...

Скачать:   txt (67.2 Kb)   pdf (227.8 Kb)   docx (29.8 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club