Тест по "Философии"
Автор: duysenbayeva • Апрель 8, 2020 • Тест • 1,097 Слов (5 Страниц) • 418 Просмотры
ЕжелгіГрекиядақаладанқалағасаяхаттап, түрліпәндербойыншакешендібілімтарататынжиһанкезмұғалімдер, өзініңбілімінбергеніүшінтөлемақыалатын, сондықтан біріншікәсібифилософтар деген атауға лайықты болған ойшылдар кімеді?
- киниктер
- дәруіштер
- софистер
- скептиктер
- стоиктер
?
Бұл антикалық философ кәсіптің сипаты туралы жалпы ақиқатқа қол жеткізу үшін индукциялық дәлелдерді қолданып, әр кәсіптің қандай пайда әкелетіні туралы айтады: жақсы дәрігер емделушілерін емдеп жазады, жақсы капитан кемені қауіптен қорғайды, жақсы құрылысшы сапалы үй салады және т. б. Бұл ойшыл кім еді?
-Платон
-Гераклит
-Протагор
-Сократ
-Августин
?
Платон диалогтерінде қамтылған доктриналардың ең танымалы қандай?
- үңгір туралы миф
- еске түсіру теориясы
- идеялар теориясы
- шеңбер идеясы
- ер адам идеясы
?
Философияның қандай бөлігін Аристотель «Алғашқы философия» деп атады және болмысты болмыс сияқты зерттейтін пән ретінде анықтады?
- логиканы
- метафизиканы
- физиканы
- математиканы
- дін ілімін
?
Антика философиясында алатын орнына қарай Сократ пен Платон қандай табиғи нәрселермен салыстырылады?
- ай мен күн
- күн мен түн
- от пен күн
- аспан мен жер
- қараңғы мен жарық
?
Платон жазған «Үңгір аллегориясының» мән-мағынасы неде?
- Платон адамдардың көбі үңгірдегі адамдарға ұқсайтынын айтады
- адамдар үңгірдің артқы қабырғасына заттардан түскен көлеңкені көреді
- заттардың қандай екенін көру үшін адам үнгірден күн сәулесі түсіп тұрған жерге шығуға тиіс, оған өмірін сарп етуге дайын философтар ғана
- адамдардың көбі үңгірде отыра беруге үйреніп алған, олар заттарды шынайы күйінде көргісі келмейді
- адамдардың көбіне нақты дүниенің сыртқы белгілері жеткілікті
?
Аристотельдің ақылды пайымдауы бойынша оның этикасындағы тең орта ұғымы нені білдіреді?
- осы теорияның негізінде тең ортаның әртүрлі, кейде қисынсыз да күлкілі мысалдарынан тұратын қызықты ойын ойнауға әбден болады
-«тең орта» бұл жерде екі шектің арасындағы дәл теңгерімі
- батылдық - қорқақтық пен көзсіздіктің аралығы
-тең ортаны анықтау үшін байыпты тексеру қажет, ол қателіксіз, шалыс қадамсыз анықталмайды
- ақкөңіл жомарттық - бейпіл ысырапшылдық пен тиын санаған сараңдықтың ортасындағы қасиет
?
Эпикур теориясының мәні:
- Эпикур үшін философиямен шұғылдануға ойлаудың салиқалы ақылға негізделген нақты әдістемесі ғана қажет еді
- адамның рақаттануы емес, азаптанбауы маңызды
- оның шәкірттері қоғамдық өмірге қатыспауға тиіс еді, өйткені басқа адамдардың үстінен билік жүргізу тетігіне ие болса, оларды көреалмаушылардың, зиянын тигізуге тырысушы адамдардың саны көбейеді деп қауіптенді
- Эпикур өз достарын қорғап, оларға көмектесуге тырысқан
- Эпикур, ең алдымен, үрейден қүтылуға тырысты
?
Стоицизм философиясының негізгі идеясы адам еркіндігімен де байланысты екенін қандай пайымдаудан байқауға болады?
- денсаулық, байлық, бақытқа ұмтылу - мұның бәрі ізгілік болып саналмайды, әр адамның өмірінде бар жалғыз құндылық - ізгілік қана
- адам өзін жалған тілектерден аулақ ұстап, оларға немқұрайды қарай алса ғана толық еркіндікке ие боп қалады
- нақты өмір, Құдай, ізгі қасиеттер, әділеттілік - мұның бәрі қатты және материалды
- Эпикур философиясы секілді стоицизм де адам өмірі өзгермелі және баянсыз деп пайымдайды
- біз ештеңені де өзгерте алмаймыз, яғни белгілі бір іс-әрекеттерден сырт қалу, мінезімізді өзгерту мүмкін емес
...