Аристотельдің метафизикасы
Автор: Zhanat.01 • Декабрь 11, 2019 • Доклад • 305 Слов (2 Страниц) • 1,190 Просмотры
Аристотельдің метафизикасы
1. Аристотель метафизиканы «алғашқы философия» деп те, «құдайлар туралы ілім» деп те, жай ғана «ақыл кітабы» деп те атаған. Қазіргі кезде метафизиканы онтология (болмыс туралы ілім) деп атайды.
2. Аристотель «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі - болмысты жан-жакты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға, әсіресе, Платонның философиясына сын ескертпелер айтты.
3. Аристотель бойынша табиғат себептілік байланысы бойынша өмір сүреді. Осыған байланысты ол өзінің «Метафизика» кітабында заттардың табиғатын түсінудің төрт себебін көрсетеді. Олар: материал (құрамы) себебі, форма (құрылым, форма) себебі, қозғатушы (келіп шығуы) себебі, мақсат (көздеу) себебі.
4. Аристотель өзінің «Метафизика» кітабында субстанция, әлеует және нақтылық деген үш ұғымды талдайды.
5. Аристотельдің «Метафизика» кітабының 8-ші тарауында айтылғандай, кез келген заттың субстанциясы оның материалы мен формасының бірігуінен қалыптасады.
6. Заттардың өзгерісі және себептік байланысын Аристотель үш түрге бөледі. Олар: 1) өсу және сему, сандық шама өзгерісі; 2) қозғалыс, кеңістіктің ауысуы, орын ауыстыру; 3) өзгеру, бүкіл сапаның өзгеріске ұшырауы.
7. «Метафизика» кітабында форма мен сапа арқылы Аристотель ықтимал әлеует пен шынайы нақтылық деген ұғымдарды ажыратты.
8. Метафизикада қарастырған үш ұғымның бірі әлеует дегеніміз, Аристотель бойынша, сыртқы шектеме болмаған жағдайдағы нәрсенің өзіндегі өздігінен өзгере алу қабілеті және қуаты. Мысал үшін, атыздағы бидай тұқымы әлеуетке ие зат болып есептеледі, егер оған сыртқы күш әсер келтірмесе, онда ол сәтті түрде егіс дақылына айналып өсе алады.
9. Аристотель жалпы және жеке, ұғым мен түйсік, мән мен құбылыс диалектикасын ұштастыра түсіндіреді және бұл көбінесе Платонның идеализмін сынауға құрылған.
10. «Метафизикада» Аристотель табиғатты жан – жақты зерттеумен шұғылданады: табиғат – бір жағынан заттың пайда болуының, зат құрамының негізгі және «әрқайсысындағы алғашқы қозғалыстың көзі» болатын болса; екінші жағынан, табиғат өздігінен өмір сүретін заттардың мәні, табиғат дегеніміз – форма мен мән.
...