Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану

Автор:   •  Октябрь 26, 2021  •  Контрольная работа  •  38,174 Слов (153 Страниц)  •  329 Просмотры

Страница 1 из 153

1 тақырып. Қазіргі әлемді түсінудегі әлеуметтану

1. Әлеуметтанудың зерттеу нысаны мен пәні.

2. Әлеуметтанудың басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен байланысы.

3. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы.

4. Әлеуметтанудың заңдары.

5. Әлеуметтану ғылымының қызметтері (функциялары).

XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басында қоғам туралы ғылыми зерттеулер экономикалық, демографиялық, заңдық және өзге де аспектілерде бөліне бастады. Бұған әлеуметтанымдық зерттеулер де қосылды.  Осы кезеңнен бастап қоғам дамуының жан-жақты құбылыстарын танып білуде оның әлеуметтік жақтарына көңіл аударуға байланысты әлеуметтану пәні қалыптаса бастады.

«Социология» деген терминді біз күнделікті өмірде жиі кездестіреміз. Этимологиялық тұрғыдан алғанда «Социология» деген қоғам туралы ғылым. Бұл термин латынның societas (қоғам) және гректің logos (ілім) деген екі сөзден құралған, ал оны ғылыми қолданысқа енгізген, осы дербес ғылымның негізін салушылардың бірі саналатын француз ойшылы Огюст Конт. Сонымен толық мағнада айтатын болсақ «Социология» – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелер дамуының, оның өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым. (П.А.Сорокин. Система социологий. Т.1.) Ал неміс ғалымы М.Веберге сүйенсек социология ол: - әлеуметтік жүріс-тұрыстарды түсіну мен ұғындыруға ұмтылатын ғылым. Себебі, оның ойынша, әлеуметтік жүріс-тұрыс  адамның қатынастарынан туындайтын оның позициясы. Қазіргі замандық ғылымда – социология ол қоғамды әлеуметтік толық жүйе ретінде қарастыратын және осы жүйенің жеке тұлғалар, әлеуметтік қауымдар, институттар сияқты өзіндік құрамдас элементтері арқылы қызмет етуі мен дамуы туралы ғылым деген анықтама кең тараған.

 «Социологияның» зерттеу нысаны (объектісі) – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары. Басқаша айтқанда-құрамында топтары, таптары, жіктері, ұйымдары, ұлттары, халықтары бар әлеуметтік қоғам социологияның негізгі зерттеу нысаны болып табылады. Ал әлеуметтік – социологияның негізгі категориясы. Бірақ-та қоғам басқа да қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың объектісі. Социологияның зерттеу объектісінің ерекшелігі объективті өмірдің нақтылы реалдығымен байланысында.

Тарих барысында социологияның пәні туралы түсініктер ауысып отырды. Мысалы Ұлы француз социологі Эмиль Дюркгейм оның пәні:- әлеуметтік фактілер деп көрсеткен. Қазіргі замандық ғылымда – социологияның пәні әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік өзара әрекеттесулер, әлеуметтік қатынастар және оларды ұйымдастыру амалдары деп танылады. Немесе, тағы бір анықтаманы келтіретін болсақ - қоғамдағы жеке адамдар, әлеуметтік топтар, жіктер мен қауымдастықтар, институттар мен процестер тіршілігі мен қарым-қатынастарындағы, олардың іс-әрекеттеріндегі барлық проблемалық жағдайлар социологияның зерттеу пәні болып табылады. Сонымен, әлеуметтік, әлеуметтік байланыстар мен қатынастар, оларды ұйымдастыру амалдары сияқты ұғымдар әлеуметтанулық білім пәнінің ерекшелігін түсінудің бастаулары болып табылады.

Жалпы айтқанда социологияның пәніне әлеуметтік ерекшелігі бар барлық байланыстар мен қатынастар жиынтығын жатқызамыз. Әлеуметтік дегеніміз қоғамдағы қарым-қатынастардың, индивидтердің бірлескен іс-әрекеттерінің жиынтығы, олардың қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен процестерге қарым-қатынасы. Қазіргі ғылымда «әлеуметтік» деген терминнің бірнеше мағынасы бар. Біріншіден, ықшам мағынасында бұл термин адамдар арасында әлеуметтік байланыстардың болатындығын дәлелдейді. Осы мағнасында әлеуметтік термині – қоғамдағы жасына, дүние-мүлкіне, ұлттық белгілеріне қарай ерекшеленетін адамдардың, түрлі қауымдардың өзара ықпалдары жүзеге асатын қоғамдық өмір өрісін анықтаумен байланысты. Ресей ғалымы Г.В.Осипованың айтуынша әлеуметтік деген, қоғамдық қатынастардың тұлғааралық деңгейдегі көрінісі. Шын мәнінде индивидтер өзара әрекеттесу процесі арқылы бір-біріне әсер береді, себебі олардың әрқайсысының өзіндік әлеуметтік сапа-қасиеттері бар.

...

Скачать:   txt (588.4 Kb)   pdf (785.2 Kb)   docx (175.5 Kb)  
Продолжить читать еще 152 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club