Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұлға әлеуметтануы

Автор:   •  Октябрь 14, 2021  •  Лекция  •  1,578 Слов (7 Страниц)  •  1,488 Просмотры

Страница 1 из 7

1.Тұлға әлеуметтануы - тұлғаны әлеуметтік қатынастардың объектісі мен субъектісі ретінде зерттейтін әлеуметтану ғылымының бір саласы. Сондай-ақ, тұлға мен қоғам арасындағы байланыстарды, тұлғаралық қатынастарды, тұлға типтерін, тұлғаның әлеуметтену мәселелерін зерттейді.

2. Әлеуметтену – өзара әрекеттесудің маңызды түрі, адамның қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуы, адамның биологиялық ағзадан әлеуметтік ағзаға айналу процесі. Әлеуметтенудің нәтижесінде адам тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену дегеніміз адамның қоғамға араласуы үшін қажетті ережелерді, нормаларды, тәжірибелерді, құндылықтарды үйренуі, белгілі бір әлеуметтік ортада қалыптасқан үрдістерді бойына сіңіруі. Адам өмірінде әлеуметтену процесі өмір бойы жүреді. Әлеуметтену тек қарым-қатынастың нәтижесінде жүзеге асады. Яғни адам басқа адаммен қарым-қатынасқа түсе отырып өмір бойы жаңа нәрсені үйреніп, меңгеріп жүреді, өмірінде болған келеңсіз жағдайлардан сабақ алып, өз әрекетін дұрыс жолға қойып отырады.

Әлеуметтену - әлеуметтік ролдер мен мәдени нормаларды игеру үрдісі. Бұл үрдіс адамның жеке, даралық бейнесін қалыптастырады.

Әлеуметтену үрдісі адамның басты өмірлік айналымын (цикл) қамтиды. Бұлар балалық шақ, жасөспірім, есею кезеңі және қарттық.

Әлеуметтену үрдісінің қорытындысына орай бастапқы және ересек әлеуметтену кезеңдері бөлінеді.

3.Әлеуметтенудің түрлері:мәдени,саяси,экономикалық,діни,т.б. әлеуметтену

4.Әлеуметтану үрдісіне адаптация(бейімделу),оқыту, тәрбиелеу,өсу және есею үлкен әсер етеді.Адаптация- уақыты шектелген, жаңа жағдайға бейімделу үрдісі.

Дәріс 5. Тұлға әлеуметтануы.

Дәрістің жоспары:

1. Тұлға әлеуметтануының зерттеу аясы

2. Адам, индивид, тұлға ұғымдарының арақатынасы

3. Әлеуметтену. Тұлғаның әлеуметтенуі. Әлеуметтену агенттері

4. Әлеуметтік статус. Әлеуметтік роль

Дәрістің мақсаты: Тұлға әлеуметтануының зерттеу аясын және әлеуметтанудағы адам-индивид-тұлға категорияларын қарастыру, тұлғаның әлеуметтенуі түсінігімен таныстыру.

Тұлға әлеуметтануы - тұлғаны әлеуметтік қатынастардың объектісі мен субъектісі ретінде зерттейтін әлеуметтану ғылымының бір саласы. Сондай-ақ, тұлға мен қоғам арасындағы байланыстарды, тұлғаралық қатынастарды, тұлға типтерін, тұлғаның әлеуметтену мәселелерін зерттейді.

Адам - тірі табиғаттың жоғары даму сатысында тұрған биоәлеуметтік тіршілік иесі.

Индивид – адам баласының жеке өкілі. Индивидуалдылық ұғымына жақын. Әр адамның өзіне тән әлеуметтік, психологиялық, биологиялық ерекшеліктері болады.

Тұлға – индивидтің даму нәтижесі. Тұлға - адамдық сапалардың іске асу нәтижесі, әлеуметтенудің нәтижесінде қалыптасқан адам.

Әлеуметтену – өзара әрекеттесудің маңызды түрі, адамның қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуы, адамның биологиялық ағзадан әлеуметтік ағзаға айналу процесі. Әлеуметтенудің нәтижесінде адам тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену дегеніміз адамның қоғамға араласуы үшін қажетті ережелерді, нормаларды, тәжірибелерді, құндылықтарды үйренуі, белгілі бір әлеуметтік ортада қалыптасқан үрдістерді бойына сіңіруі. Адам өмірінде әлеуметтену процесі өмір бойы жүреді. Әлеуметтену тек қарым-қатынастың нәтижесінде жүзеге асады. Яғни адам басқа адаммен қарым-қатынасқа түсе отырып өмір бойы жаңа нәрсені үйреніп, меңгеріп жүреді, өмірінде болған келеңсіз жағдайлардан сабақ алып, өз әрекетін дұрыс жолға қойып отырады.

Әлеуметтену - әлеуметтік ролдер мен мәдени нормаларды игеру үрдісі. Бұл үрдіс адамның жеке, даралық бейнесін қалыптастырады.

Әлеуметтену үрдісі адамның басты өмірлік айналымын (цикл) қамтиды. Бұлар балалық шақ, жасөспірім, есею кезеңі және қарттық.

Әлеуметтену үрдісінің

...

Скачать:   txt (23.7 Kb)   pdf (58.9 Kb)   docx (14 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club