Әжемнің аялы мейірімі
Автор: Aza99 • Февраль 12, 2021 • Эссе • 309 Слов (2 Страниц) • 444 Просмотры
Студент: Амангелді Шұғыла
Тобы: КЯЛ-20-1У
Әжемнің аялы мейірімі
Өмірдегі ең асыл адам- ол ана деп жатамыз, иә?! Әрине, бұл сөз тіркесіне ешкімнің таласы жоқ шығар, сірә. Дегенмен де бұл сөз тіркесіне аяулы әжелерімізде лайықты. «Әже» деген сөздің өзін естігенде қаншама мейірім, ыстық лебіз сезіледі десеңізші, шіркін!!! Әжесіне еркелеп, «айналайыным-ау» деген сөзін естіп өскен кез келген жан ең бақытты жан деп есептеймін.
Мен осы күнде Аллаға сансыз шүкірлер айтамын, әжемнің ортамызда күліп-жайнап жүргеніне. Жасым 20 да болса да әжемнің құшағына еніп, аялы алақанымен маңдайымнан сипағанда өзімді 2 жасар бала сезініп кетемін.
Әжемнің әрбір сөзінен мейірімділіктің иісі аңқып тұрады. Неге екенін білмеймін. Бірақ, әжем мені еркелеткенде көзіме еріксіз жас келеді. Сол кезде менен бақытты адам болмайды. Себебі ол өмірімдегі ең бақытты сәттердің бірі. Әжеммен бір ауылда, бір көшеде тұрамыз. Көңіл-күйім болмаса, ауырып қалсам дереу әжеме қарай алып ұшамын. Әжемнің дауысын естіп кез келген қиындық сейіліп кетеді. Әжемді қуантуға да үнемі тырысып жүремін. Мен үшін әжемнің қуанғаны бүкіл әлемнің қуанғанындай күш береді.
Әжелеріміз – тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі. Шоқан Уәлихановтың Айғаным әжесі, Абай атамыздың Зере, Мұхтар Әуезовтың Дінасыл әжелері қазыналы бұлақтың көзі болған әжелер.
...