Тұлғаның психологиялық денсаулығы
Автор: Меруерт Мухаметкалиева • Сентябрь 30, 2020 • Монография • 50,942 Слов (204 Страниц) • 1,028 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Н.Д. Унарбекова
ТҰЛҒАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ
Монография
Ӛскемен
2012
ӘОЖ 159.96
ББК 88.6
У 58
Пікір жазғандар:
Шерьязданова Х.Т., психология ғылымдарының докторы, профессор,
Ерментаева А.Р., психология ғылымдарының докторы, профессор,
Аубакирова Ж.К., психология ғылымдарының кандидаты
Унарбекова Н.Д.
У 58 Тұлғаның психологиялық денсаулығы: Монография. – Ӛскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. – 156 б.
ISBN 978-9965-712-20-3
Монография тҧлғаның психологиялық денсаулығы мәселесінің қазіргі ғылым жағдайындағы теориялық және эксперименттік негіздерін зерттеуге бағытталған. Еңбекте психологиялық денсаулық тҥсінігінің анықтамасы талданып, осы саладағы отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулері қарастырылады. Балалық шақ, жеткіншектік, жасӛспірімдік кезеңдерінен бастап ересек жасқа дейінгі адамның психологиялық денсаулығының дамуы, кӛрсеткіштері, тҧлғалық қҧрылымдағы орны, психологиялық денсаулықты қамтамасыз ету жолдары мен амалдары тҧжырымдалады. Алынған мәліметтер психологиялық кеңес, психологиялық коррекция іс-тәжірибесінде тиімді қолданыла алады. Монография жоғары оқу орнының студенттеріне, магистранттарға, оқытушыларға, педагог-психологтерге арналған.
ӘОЖ 159.96
ББК 88.6
ISBN 978-9965-712-20-3 © С. Аманжолов атындағы
ШҚМУ баспасы
© Унарбекова Н.Д., 2012
КIРIСПЕ
Тҧлғаның психологиялық денсаулығы биологиялық, әлеуметтік, психикалық, рухани дамуға негізделеді. Адамның психологиялық денсаулығы мәселесі психология ғылымында ҧзақ уақыт бойы ӛз деңгейінде қарастырылмай келді. ХХ ғасырдағы психология ғылымы адамның психикалық ауытқулары мен тҧлғалық дағдарыстарын зерттеуге бағытталды, ал психикалық және психологиялық денсаулық назардан тыс қалып отырды. Бҧл денсаулықты ауытқулар мен науқастың болмауымен және статистикалық норма кӛрсеткіштерімен тҥсіндіруден келіп туған шектеу еді.
Ғылымда беделді психоанализ бағыты адам жан-дҥниесін психикалық науқас, патология, ауытқу, тҧлғаішілік қақтығыс тҧрғысынан зерттеп қарастырды; адамдағы невроз, жҥйке кҥйзелістері, басқа да ауытқуларға істәжірибеде тиімді жҥзеге асатын теориялық сипаттамалар бергенмен, денсаулық мәселесі қозғалмады. Әйтсе де, тҧлғалық ҥйлесімділік, психикалық саулық мәселелері кӛтерілсе де философиялық, медициналық ҧстанымдардан аса алмады. Ал адам табиғаты тек ауытқулар мен кҥйзелістерден қҧралмайтыны белгілі.
Тек ХХ ғасырдың екінші жартысында психологияда гуманистік және трансперсоналды бағыттарын ҧстанған Г. Олпорт, А. Маслоу, К. Роджерс, С. Гроф және т.б. ғалымдардың еңбектерінде адам тҧлғасының толыққанды дамуының негіздерін зерттеу басталды. Оның нәтижесі адам денсаулығының әлеуметтік-мәдени және психологиялық аспектілерін зерттейтін жаңа ғылыми бағыт – денсаулық психологиясы пәнінің қалыптасуына әкелді. Сондықтан, бҥгінгі ХХІ ғасыр ғылымында тҧлға теориялары Б.С. Братусь, В.Я. Дорфман, Е.Р. Калитеевская, Ю.М.Орлов, Д.А. Леонтьев сынды ғалымдардың еңбектерінде психикалық және психологиялық саулық тҧрғысынан дамып келеді. Бҧл педагогикалық психологияда, психологиялық кеңес беру мен қызмет кӛрсетуде, психокоррекцияда тҥбегейлі ӛзгерістерге әкелді.
...