Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Виды темперамента

Автор:   •  Декабрь 9, 2021  •  Реферат  •  303 Слов (2 Страниц)  •  220 Просмотры

Страница 1 из 2

Сангвиник типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Сангвиник — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйсінген нәрсесіне елігіп әуестенуі мен қызығушылығының басылуы да жылдам. Көңілі көтеріңкі келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Ақжарқын, ашық келеді. Мұндай адам басқалармен тез тіл табысады, бірақ қарым-қатынасқа онша мән бермейді. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпыну көп, бірақ оп-оңай басылып қалады. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады. Іске қатысуға әр уақыт дайын тұрады. Кейде бірнеше жұмысқа бірдей кіріседі. Басында көңілі көтеріңкі болып, іс үстінде лезде суыйды.

Холерик -мінезді, қызу мінезді, жігерлі адам. Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Әп-сәтте қызып кетіп кетеді. Ашуланса, бұрқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Холерик белсенді, батыл келеді, іске шапшаң кіріседі, бастаған іс-әрекетін аяқтап шығады, көп адам қатысқан ойындарға құмар. Шыдамсыз, күйгелек, лезде өкпелейді, әп-сәтте ашуланады және ашуын ұзақ сақтайды. Холерик темпераменті тез туатын күшті сезімдерімен, эмоциялық қозғыштарымен, шамданғыштығымен, жігерімен, үлкен қозғалғыштығымен, ұтымды қимылдарымен, бай мимикасымен сипатталады.

Меланхолик - сәл нәрсеге сезімтал, тұйық, сөзге сараң, жайбасар адамға қатысты айтылады. Мұндай адам жүйке жүйесі әлсіз типке жатады. Өйткені оның қозу, тежелу жүйке процестері өте баяулығымен ерекшеленеді. Не нәрсе болса да ішінде сақтайды. Меланхоликтің де жағымды және жағымсыз жақтары болады.

Флегматик -жүріс-тұрысы мен сөзінде сылбыр, оның мимикасы онша айқын емес, қимылдары сараң. Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін, дене қимылдарын білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бірсарынды монотонды сөйлейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап шығады. Флегматик байсалды, баяу, орнықты болады. Кісіге үйірлігі аз, өзі ешкімге тиісіп, соқтығыспайды. Біреу жанжалға шақырса, есебін тауып жалтарып кетеді, тыныштықты жақсы көреді. Көңіл көтеретін сауыққа да әуес емес, бөтен кісіге міндет артып өкпелемейді.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (53.3 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club