Акмеологияның
Автор: Eleu2002 • Сентябрь 26, 2021 • Доклад • 467 Слов (2 Страниц) • 413 Просмотры
Акмеологияның əдіснамасының ерекшеліктері сонда, ол ХХІ ғасырдың шегінде адамзаттың қалыптастырған жалпы əдіснамалық принциптерді жəне тұғырларды пайдаланады, бір мезгілде өз пəні үшін мəнін ашады. А.А.Деркач атап көрсеткендей, акмеология қалыптасқан белгілі принциптерді қазіргі заманғы гуманитарлы антропологиялық білімнен алады. Бұл принциптерде əдіснамалық тəжірибе, басқа ғылымдардың даму нəтижесі, əлем туралы білім қамтылған.
Қазіргі заманғы гуманитарлы, жаратылыстану жəне нақты білімнің жалпы əдіснамалық принциптерінен басқа, ол арнайы, аса нақты əдіснамалық принциптерге жүгінеді, олар өз кезегінде оның пəнін анықтаумен жақындасып, метатеорияның рөлін атқарады.
Акмеологияның жалпы əдіснамалық принциптерінің қатарына жататындар: кешенді тұғыр, жүйелі тұғыр, детерминизм принципі, тұлғаның əлеуметтік детерминация принципі, субъектілі тұғыр, қарама-қайшылықты шешу арқылы даму принципі, гуманизм жəне адамзат болмысының құндылығы принципі.
Осы жалпы принциптерден басқа, акмеология арнайы жəне аса нақты əдіснамалық принциптердің негізінде құрылады. Олардың қатарына тұлғалық принцип, субъектілі-əрекеттік принцип, өмір сүру əрекеті принципі, имплицитті жəне эксплицитті, əлеуетті жəне өзектінің арақатынасы ретіндегі интенциалдылық принципі, модельдеу, оңтайландыру, оперативті-технологиялық принцип, психоəлеуметтік тұғыр, кері байланыс принципі.
Акмеологияның əдіснамалық негіздемесін құрастыру, оның ғылым ретінде қалыптасу кезінен басталды. Акмеология пəнінің, нысаны мен мақсаттарының өзгешелігі, көптеген зерттеушілердің назарын танымның принциптері мен тəсілдеріне шоғырландырды.
Адамның тұлғалық қасиеттерінің өмірлік жəне əлеуметтік шамасын дамытуда жəне іздеуде, шыңға жетуде кемелденген тұлғаның ілгері дамуының жалпы ой-пікірімен біріктірілген жəне жүргізілген теориялық-əдіснамалық зерттеулер нəтижесінде, акмеологияның əдіснамалық принциптерінің жүйесі негізделді.
Акмеологиялық зерттеулерде қолданылатын əдіснамалық принциптер, бір жағынан, адамтану кешеніне енетін ғылымдар үшін ортақ болады, ал екінші жағынан олардың нақты акмеологиялық мазмұны болады.
Əдіснамалық мəселелерді шешуде ғылыми зерттеулерде «принцип» жəне «тұғыр» ұғымдары көп жағдайда ажыратылады.
Мысалы, «жүйелі тұғыр» жəне «жүйелілік принципі» терминдерін кездестіруге болады. Осы мəселедегі ұстанымды түсіндірейік:
•
...