Шабуылдағы бөлімше
Автор: dosym_abdreshov • Октябрь 7, 2018 • Лекция • 511 Слов (3 Страниц) • 1,270 Просмотры
Алматы облысы, Іле ауданы, Қараой ауылы,
Ы.Ноғайбаев атындағы № 18 орта мектебі,
АӘД ұйымдастырушы – мұғалімі Д.Қ.Абдрешов
Алғашқы әскери дайындықтаң
сабақ жоспары.
Тактиқалық дайындық.
Тақырып: Шабуылдағы бөлімше.
Мақсаты:
- Оқушыларды шабуыл кезіндегі іс-қимылдарымен таныстыру.
- Оқушыларды ұрыс әрекетіне және бөлімше құрамында жинақы іс-қимылға үйрету.
- Оқушыларды әскери тәртіпке, шыдамдылыққа, шабуылда батыл және шешімді түрде қимылдауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Өткізу әдісі: Тактикалық жаттығу-ойын .
Уақыты: 45 минут
Өтетін орны: Тактика алаңы.
Материалдық қамтамасыз ету: АК-74 автоматтың макеты, дулыға (стальной шлем), әскери кіші күрек, жалаушалар, оқу – жаттығу гранаттары, газтұмылдырықтар( противогаз), алғашқы медициналық көмек көрсету құралдары.
Сабақ барысы.
I.Ұйымдастыру бөлімі – 5 мин.
- Взводты сапқа тұрғызу.
- Взвод командирінен баяндама алу.
- Сәлемдесу.
- Тізім бойынша оқушыларды тексеру.
- Әскери киімдерін, жабдықтарын және сырт келбеттерін тексеру.
II. Негізгі бөлім – 35 мин .
Сабақтың тақырыбын және мақсатын жеткізу.
Взводтың шабуылдау бойынша жоспар-сызбасымен таныстыру. Взводтың жеке құрамына : бағдарлар, шабуыл бағытын, міндеттерін, тізбектегі орнын , жойылуға тиіс нысаналарды, атыс жүргізу тәртібін, басқару және өзара қимылдау белгілерін, шабуылға дайын болу уақытын көрсету.
КЕЗЕҢДЕР:
- Взвод «МАРШ!» пәрмені бойынша жалаушамен көрсетілген бағытта қозғалады. Бөлімше қарсылас қорғанысына взводтық лектердің желісінде жылжиді . Жорық ретте взвод үш лекті саппен қозғалады – 30 м.
- Взводтың бөлімше легінің желісіне жалаушамен көрсетілген бағытта жазылуы – 30 м.
- Бөлімшелердің тізбекке жазылуы. Шабуылға шығу – 50 м.
- Жүгіріп өту – 30 м.
- Оқпана қазу. Қарсыластың «атыс нүктесін» жою.
Қарсыластың «атыс нүктесіне» «ГРАНАТПЕН – АТ!» пәрмені бойынша қаруды топырақ қалқаға қойып, оқпанадан тізерлеп тұрып гранатты лақтыру кезінде гранатты оң қолда ұстап тұрып, сақтандырғыш мұрындықты жұлып алады. Денені артқа бере және оңға бұрып гранатты құлаштап, көтеріңкірей отырып иықтың үстінен лақтырады да, ізінше оқпанаға жасыранады. – 50 м.
...