Отчет по практике в «ТОО Стройметалл»
Автор: NewLegends 97 • Май 1, 2019 • Отчет по практике • 8,822 Слов (36 Страниц) • 555 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
«Бағдарламалық инженерия» кафедрасы
ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ЕСЕБІ
Орындаған: Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 5B060200 –информатика мамандығының 4 курс студенті Даулетов Н.Т.
Университететтен тәжірибе жетекшісі: ___________________________
___________________________
___________________________
Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісі: ___________________________
___________________________
___________________________
Қорғау өтті:___________20__ж.
Баға_________________
Атырау, 2019 ж.
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Кәсіпорындағы негізгі мақсаттар мен міндеттер.......................................3
2. «ТОО Стройметалл» мекемесіндегі өндірістік практика.........................4
3. Жеке тапсырмалар..........................................................................................6
3.1 Html, CSS тілдерімен танысу……………………………………...................6
3.2 Javascript және PHP бағдарламау тілдерімен жұмыс жасау………......…..13
3.3 «ТОО Стройметалл» мекемесінің ресми сайтын жасау…………...…...….18
Қорытынды...........................................................................................................23
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................24
Кіріспе
Мен Даулетов Нурберген Толжанулы, өндірістік тәжірибемді "ТОО Стройметалл" мекемесінде өткіздім. Тәжірибенің өту аралығы 28.01. 2019 - 06.04.2019 ж. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің ақпараттық технологияларымен танысып және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады. Соның ішінде мекемеде өзінің сайтынан бастап ішкі құрал-жабдықтар жұмыс жасау жатады.
1. Кәсіпорындағы негізгі мақсаттар мен міндеттер
Студент мекеменің берген тапсырмаларын міндетті түрде орындау, сыртқы және ішкі тәртіп ережелерін сақтау, қауіпсіздік ережелерін, жетекшінің тапсырмаларын орындау керек. Студенттер тәжірибе кезінде теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдап, қосымша материалдар жинау және жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олармен жұмыс барысында қолдану. Жасалған программаларды жүргізу және қолдану, есеп нәтижесі мен мағлұматты өңдеу. Бағдарлама құру, бағдарламаларды орнату, әртүрлі қосымша ақпараттық жүйелерге байланысты мәселерді шеше алу. Оларға мекеменің дайын сайтын жасай білу , жарнамалық процессті жылжыту, ішкі ақпараттық құрал-жабдықтармен жұмыс жасай білу(3d – принтер жатады). Мекемеде әрбір студентке аталған мекемеден жетекші беріледі, сол жетекші студенттерді мекеме жұмыстарымен таныстырады. Олардың жұмыс істеуін жетекшілер бақылап отырады. Студент жетекшімен жұмыс орнына келіп, толық жұмыстардың күндерін программа арқылы күнтізбе жоспарын құрады. Жетекші практиканың жұмысын ұйымдастырады, күнтізбенің тәртібін бақылайды, студент жұмысының орны бойынша ауыстырылуы, студенттердің ішкі ережелерінің орындалу тізбегі, күнделікте сақталуы, қажетті есептемені қолдануға мүмкіндік берілуі, техникалық және де басқа да құжаттарға жауаптылығын қарастырып отырады.
...