Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Видеоконференция платформасы

Автор:   •  Сентябрь 15, 2020  •  Реферат  •  423 Слов (2 Страниц)  •  419 Просмотры

Страница 1 из 2

Видеоконференция платформасы

Заман дамыған сайын білім беру формасының өзгеруі де заңдылық. Кез-келген жағдайда, кез-келген елдің білімін алуда дәстүрлі оқытудың  деңгейі шектеулі екені бәрімізге белгілі. Ақпарат пен білімнің сапырылыс кезеңінде тиімді, әрі қол жетімді білім алу адамзат үшін құнды. Осы тұста қашықтан оқу алдағы уақыт үшін ең тиімдісі деп білем.

Қазірде қашықтан оқу туралы ғылыми анықтамалар көп. Солардың бірнешеуін оқи келе, өзім қорытқан ақпаратқа сай анықтама бергім келеді. Қашықтан оқу дегеніміз – дәстүрлі оқудан айырмашылғы мен артықшылығы бар жаңа жүйе, тиімді оқыту процесі. Соған сай бұл оқыту түрінің бірнеше формасы бар. Соның  бірі -  ведеоконференция платформасы.

Видеоконференция платформасы – бұл ақпараттық технологияның бір бөлігі. Бір мезетте екі жақты мәлімет алмасу мен уақыттың шынайы көрінісін бере алатын, жалпыға қолжетімді тиімді форма. Ақпараттық технологияда бұл жүйе өткен ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптасып, құрылу эволюцисы қазір де даму үстінде. Бұл жүйеге тек ақпараттық жағынан емес, білім берудегі маңызды орнын атап өткім келеді. Соған сай оның артықшылықтарын айқындап көрейін.

Жүйе біріншіден, алыс қашықтағы білім алушыларға қолайлы (артық шығынсыз), жоспарланған орынға келмей-ақ білімалушыларды іс-жүзінде көруге болады.

Екіншіден, тек өз еліміздің білім деңгейімен ғана емес, шет ел оқу орындарымен байланысуға болады.

Үшіншіден, оқу процесі кезінде  қажетті ақпараттан бөлек, ақпараттың эмоциялық деңгейі де қамтылады (білім берушінің дауыс ырғағы мен жеткізуі толық беріледі).

Төртіншіден, конференция барысында түрлі қосымша ақпаратты (видео, слайд, лекция) білім алушылар назарына ұсына алу тиімділігі.

Бесіншіден, уақыттың үнемділігін, ақпараттың жеделдігін қамтамасыз етеді.

Алтыншыдан, бұл жүйенің форматының дамуына байланысты өз этикеті қалыптаса бастады (коммуникация маманы Юлия Андреевна ұсынған 14 ереже). Бұл этикет арқылы білім беру сапасы сақталады.

...

Скачать:   txt (4.7 Kb)   pdf (58.6 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club