Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тұрмағамбет Ізтілеуов

Автор:   •  Ноябрь 22, 2020  •  Доклад  •  567 Слов (3 Страниц)  •  359 Просмотры

Страница 1 из 3
  1. Сыр елі, жыр елі атанған Қызылордаға, Тұрмағамбет аулына сапар:

Тарихымызда елеулі істер атқарып, ұмытылып қалған тұлғалар көп.Олардың жүріп-өткен жолы, атқарған еңбегі, жан кешті өмірі - кейінгі ұрпаққа сабақ болар үлгі-өнеге.Сондай атпал тұлғалардың бірі де бірегейі – Тұрмағамбет Ізтілеуов. Тұрамағамбет Ізтілеуов кім? Қандай адам болған? Халыққа қандай еңбегі сіңген? Ал сол ауыл тұрғындары мен кейінгі ұрпақ ақын туралы біле ме екен деген сұрақ туады. Және бұл видеода осы сұрақтарға жауап ала алдым.

 Тұрмағамбет аулында ақынға арнап ескерткіш қойылған екен. Ауылда жыраулық дәстүр үзілмеген және әлі де жас ұрпаққа үйретіп жүрген аға-буындар да көп екен. Ақынның атындағы мектепте «жыраулар үйірмесі» бар екен, оқушылар сол жерде жыраулық дәстүрді үйреніп, жыраулық өнермен сусындайды екен. Бұл өңір Тұрамағамбеттен бөлек, Шораяқтың Омары, Кеде Жүсіп, Даңғайыр, Жиенбай жырау, Оңғар, Балқыбасар жырау секілді атақты жыраулардың мекені екен.

  1. Берік Жүсіпов:

Сырдария ауданында 2 ғұлама болған. Олар: Қожа Тапалахун. Табын Қалжанахун. Екеуі де Бұхарада оқып, діни білім алған ғұламалар екен. Тұрамағамбет осы екі ғұламадан білім алып, шәкірті болған екен. Жас Тұрмағамбеттің бойындағы табиғи талантын, шайырлық қасиетін, шешендігін, дінге деген ерекше ықыласын бірінші болып байқаған – Қалжанахун. Қалжанахун Тұрмағамбетті өзі оқыған Бұхараға оқуға жібереді. Ол кезде Тұрмағамбет 13 жаста болған екен. Бұхарада 3 жыл оқиды. Тәжік ғылым академиясының президенті болған Садриддин Айнимен сол жерде бірге оқиды. Ары қарай діни білімін арттыру үшін Ташкенттегі Көкілташ медресесінде 6 жыл оқып, елге оралып, Қармақшыда мешіт-медресе ашып, балаларды оқытады. Шығыс тілін жетік білгендіктен, шығыс әдебиетінің классикаларын қазақ тіліне аударады.  

  1. Дайрабай қажы Ырысбай: Тұрамағамбет «ахун» деген атақ алып, бала оқытқан. Өлеңдерінің көбісі діни тақырыптарда жазылған, халықты дінге, Аллаға шақырған. Кейін кеңес үкіметі кезінде Тұрамағамбетті де молда деп танып, біраз қудалайды.
  2. 1934 жылы Фирдауисидің 1000жылдығына дайындық басталады. Енді Фирдаусидің «Шахнамасын» ана тілімізге тартымды, көркем аударатын адам керек болады. Содан Садриддин Айни өзімен бірге Көкілташта оқыған Тұрмағамбетті ұсынады. Сөйтіп Мирзаянның жеке тапсырмасымен ақын Алматыға келеді. Ғылыми қызметкер ретінде танылып, Фирдауси 40 жыл жазған шығарманы небәрі жарты жылда сәтті аударып шығады. Дәл сол кездерде қиын кезең басталады. Игі жақсылар халық жауы атанды. Темірбек Жүргенов Тұрмағамбетті шақырып, оған  заманның бүлінгенін, қиын кезең туғанын жеткізеді. Ақын беймаза күйге түседі. Темірбек Жүргенов те ұсталып кетеді. 1937 жылы Қазақ мемлекеттік баспасынан Тұрмағамбет ақынның шығармаларын басуды тоқтатып тастайды. Содан ақын Шахнаменің 35 табақ араб тілінде жазылған қалың томын терімен қаптап, дым тимейтіндей етіп, туған жері Қармақшыға апарып тығып қояды. Бұл туынды ол үшін өміріне үлкен бетбұрыс әкелген туынды еді.

Кейіннен 1937 жылы Тұрмағамбет ақын «жапон тыңшысы» деген жаламен ұсталады. 1939 жылы ақын түрмеде қайтыс болады. Бар ғұмырын халқына,дінге арнаған ақын осылай дүниеден өтеді. Оған қойылған таста: «мырза руынан Ізтілеуұлы Тұрмағамбет, 1862-1939ж, әйелі Байболатқызы Биға, тасты қоюшы баласы Әбдірауық» деп жазылған екен.

  1. Алмасбек Алматов: Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Қарасақал Еріимбет, Қаңлы Жүсіп, Таубай Жүсіп, Нұртуған секілді тұлғалар ақындық пен жыралықты қамшының өріміндей берік, нық қылып, өз ұрпақтарына аманат қылып қалдырған. Тұрмағамбеттің мына өлең жолдары:  

Дүниеден өмір өтіп өтсемде өзім

Аралап жердің жүзін жүрер сөзім,

Көре алмай кейінгі кеттім-ау деп,

Арманда болмай-ақ қой екі көзім, - деген сөздері оның рухани азаткерлік күші мен сезімін байқатады.

...

Скачать:   txt (7.7 Kb)   pdf (66.6 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club