Ежелгi дәуiр әдебиетiндегi fашыктык дастандар
Автор: ирина толегеновна • Ноябрь 29, 2021 • Творческая работа • 949 Слов (4 Страниц) • 915 Просмотры
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒАШЫҚТЫҚ ДАСТАНДАР
Кестені толтырыңыз
Хорезми «Махаббат-наме» | Құтб «Хұсрау-Шырын» | Дүрбек «Жүсіп-Зылиха» | |
Өзіндік сипаты (нұсқалары, зерттелуі, қайда сақталған, кімге арналған) | “Мухаббат-наме” дастанының екі қолжазба нұсқасы жеткен олар қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы. 1971 жылы Түркияның Ұлттық кітапханасынан “Мухаббат-наменің” араб графикасымен жазылған нұсқасының екі көшірмесі табылды Дастанның ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасын белгілі орыс ғалымы-А.М.Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, орыс тіліне аударды. Бұл дастанды орыс ғалымдары В.В.Бартольд(1924), А.Н.Самойлович(1928) және Ә.Нәжіп арнайы зерттеген. Бұл дастанды Т.Жалалов 1954 жылы өзбек тіліне, 1981 жылы үзінді түрінде татар тіліне, ал 1985 жылы А.Қыраубаева қазақ тіліне аударма жасады Жәнібек ханның тұсында Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған-Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы “Мұхаббат-наме” дастанын жазған. «Мұхаббат-намені»зерттеген қазақ ғалымдары Ә. Дербісәлі, М. Жармұхамедов, Ө. Күмісбаев олар араб жазуымен бізге жеткен ең толық нұсқасын ғылыми негізде жан-жақты талдап, көне мұраның қазақ әдебиетінің көркемдік сабақтастығын дәлелдеп шықты және қазақ тіліне аударды. | Әзірбайжан халқының кемеңгер ақыны Низамидың “Хұсрау мен Шырын” поэмасын Құтб ақын қыпшақ-оғыз тіліне 1341-1342 жылдары аударды. Аудармашы дастанды Тыныбек пен Малика-Хатунға арнайды. Бұл дастанның жалғыз қолжазбасы бар,қолжазба қазір Париждің Ұлттық кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазбаны түпнұсқадан көшіріп, қағазға түсірген қыпшақ ақыны Берке Фақих еді. Дастанды алғаш зерттеушілердің бірі поляк ғалымы А.Зайончковский болды. Ал Э.Бертельс болса, оны Низами поэмасының толық, көркем аудармасы деген болатын. Бұл тақырыпты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Г.Ю.Алиевтің айтуы бойынша, Хұсрау мен Шырын жайындағы аңыздарға құрылған елуден астам дастан бар екен. Сондай-ақ әзірбайжан ақыны Самед Вургун 1942 жылы осы дастан сюжеті негізінде “Фархат пен Шырын” деп аталатын романтикалық драма жазды. Ал түрік ақыны Назым Хикмет 1948 жылы “Хұсрау мен Шырын” дастанының сюжетіне құрылған “Махаббат туралы аңыз” деген лирикалық мазмұндағы ғажайып пъессаны сахнаға қойды. Көрнекті кеңес түркологі Ә. Н. Нәжіп парсы тіліндегі «Хұсрау уа Шырын» түпнұсқасы мен қыпшақ-оғыз тіліндегі «Хұсрау уа Шырын» нұсқасының өзек-арқауы бір екенін ерекше атап көрсетеді. Ғалым бұл дастанның Құтб жасаған аударма нұсқасын жартылай төл туынды, дербес роман деп бағалайды. Дастанды А.Ибатов қазақ тілі тұрғысынан зерттеп, 4400 ден астам сөздерге түсінік берген | «Жүсіп-Зылиха» дастанының 1516 жылы көшірілген ең көне нұсқасы Түркияның Топқани кітапханасында, ал 1563 жылы көшірілген екінші нұсқасы Париждің Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Жүсіп пен Зылиха туралы аңыздар негізінде Шығыстың есімдері әлемге мәшһүр Фердауси, Балхий, Бахтияри, Әли дастандар жазды. Жүсіп пен Зылиха тақырыбы қара сөзбен де жазылған, прозалық түрдегі туындылар да бар. Е. Э. Бертельстің пікірі бойынша мұндай проза түріндегі әдеби туындыны Абдуллах Ансорий (1006-1088) жазған болу керек. Ақын Дүрбектің «Жүсіп пен Зылиха» дастаны туралы өзбек ғалымдары С. Хайдаров, Ж. Лапасов, В. Валихожаев, сондай-ақ түрік ғалымдары Ф. Копрүлузаде, С. Н. Банарлы, т. б. ғылыми зерттеулер жасап, бірқатар еңбектер жариялады. Әсіресе,Ф.Сүлейменованың «Жүсіп пен Зылиха» дастанының Париж қолжазбасы жайындағы зерттеу аса бағалы. Атақты түркітанушы ғалым Ә.Н.Нәжіп өз зерттеулерінде Дүрбек ақынның «Жүсіп пен Зылиха» дастаны - Алтын Орда дәуір әдебиетінің классикалық үлгісінде жазылған туынды екенін дәлелдей келіп, арғы тегі қыпшақ-оғыз немесе оғыз-қыпшақ тілдерінің бірі болып келетінін, көне өзбек тілінде жазылғанын ерекше атап көрсетеді. |
Тақырыбы мен идеясы | Идеясы-Жігіттің қызға деген бір жақты,пәк таза,адал махаббаты Тақырыбы-махаббат жайында. | Идеясы- ел басқару, махаббаты үшін күресу, қыз бен жігіттің арасындағы сезім. Тақырыбы-махаббат жайында. | Идеясы - ел билеушілер арасында тәж бен тақ, байлық пен мансап үшін болатын қанды соғыстарды, адамдар арасындағы алауыздық зардаптарын паш ету. Тақырыбы – махаббат жайында. |
Образдар жүйесі | Бұл шығармада 2 жастың бейнесі берілген Жігіт-өз сөзінде тұратын,батыр,махаббатқа берік,ғашықтық қасиетті жоғары бағалайды Қыз-сұлу,көрікті,данышпан,адамгершілігі мол,инаббаты жан Қожабек-негізгі кейіпкер емес, батыр, асыл текті, мырза, көреген кісі болған. | Шырын-әдемі,сөзінде тұратын,адал жар,елді билеген әділетті патша, инабатты,данышпан ,беделді Хұсрау-адамды сүйе білмейтің,махаббатқа сараң, жеңілдің астымен,ауырдың үсімен жүретің,жеңіл мінезді,әйелжанды,залым бырақта елге қайырымды, әділ патша. Фархад-Бастаған ісін аяғында дейін жеткізетің,жұмыскер,данышпан, сүйгеніне адал,нағыз ғашық адам. Шеруя-Жиіркенішті,билік құмар,қатігез, ар-ұяттан безген адам. | Жүсіп-кешірімшіл,қайсар,өз тағдырын өзі шешкен адамбір жерінде дәрменсіз баладан-данаға айналған адам, Зылиха- Айтқанынан қайтпайтың,өжет,алдыға қойған мақсаты үшін жер қопарар адам,сабырлы,оқыған-тоқыған адам Жақып-он бір баланың әкесі. Таймус-Мағриб елінің патшасы. Раян-Мысыр елінің патшасы. Әзиз-Мысырдың әміршісі. |
Сюжеттік желісі | «Мұхаббат-наменің» негізгі бөлімінде жігіттің сүйген қызына деген махаббаты жырланады.Жігіт қызды Айға да, Күнге де теңеп, жер бетіндегі ең сұлу адам деп көрсетеді. Ақын нақты өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды. Жәнеде өзінің «маған сенсіз жұмақтың керегі жоқ, сен арғы дүниедегі хор қызынан мың есе артықсың, сол періште қыздар келіп, сен сұлулығыңа табынсын, сен жоқ жерде – жұмақтың өзі маған дозақ» деген жерінің махаббат үшін аяғына дейін күресуге дайын екенің көрсетіп батылдық танытады Ақырында қолынан келмейтінің түсініп қызға бақыт тілеп сыйластығын көрсетеді Бұл жерде тек жігіттің қызға деген ілтипаты ғана 11 хат бойы баяндалады | Дастанның оқиғасы Шырын мен Хұсраудың ізгі махаббатының аясында құрылған ,Дастанда сүйіспеншілік, ғашықтық,адал махаббатты жақсылықты, ізгілік пен адамгершілікті үлгі етеді. Екі жастын арасында талай кедергілердің болуы,Фархаттың Шырынға деген ақталмаған сезімі,аяғында Хұсрауды ұлы өлтіріп ал сол қиянатқа шыдамаған Шырынның өз өзіне қол сұғуы оқиғаның соңғы нүктесін қояды | Дастан гуманистік идея,адамгершілікке,адалдыққа,әділдікке,ізгілікке,бауырмалдылыққа үндейді, Жүсіп пен Зылиха көп қиындықтан соң қосылады,бұл арқылы автор шын махаббаттың,іңкәрліктің жеңбейтіні жоқ деген қорытынды жасайды. |
Композициясы | Бұл шығарма хат түрінде берілгендіктен композициялық құрлымы жоқ Дастанның араб әрпімен жазылған нұсқасы 473 бәйіттен тұрады. Дастанда 11 наме (хат) бар. 4,8,11 хаттар парсы тілінде жазылған..Сонымен ,дастандағы 317 бәйіт қыпшақ-оғыз тілінде,156 бәйіт парсы-тәжік тілінде жазылған. | Кіріспе:Хұсраудың Шырынды көрмей ғашық болуы Байланысуы:Шекарада екі жастың кездесуі Дамуы:Шырын мен Хұсраудың таққа отыруы Шиеленісуі:Хұсраудың Мариямға үйленуі, Фархаттың Шырынға ғашық болуы Шарықтау шегі:Шеруяның Хұсрауды өлтіруі Шешімі:Шырынның қиянатқа шыдымай өз-өзіне қол жұмсауы Құтбтың «Хұсрау мен Шырын» дастанының жалпы көлемі - 120 парақ, яғни 240 бет. Дастан 4740 бәйіттен тұрады (Низамиде 7000 бәйіт). Құтб дастаны 91 тараудан тұрады. | Кіріспе:Жақыптың Жүсіпке деген ерекше көзқарасы Байланысуы:Ағаларының қызғануы Дамуы:Жүсіптің құлдыққа түсуі,қиналуы Шиеленісуі:Жүсіптің Мысырға құл боп кетуі Шарықтау шегі:Жүсіптің патша болуы Шешімі:Зылихаға Жүсіптің үйленуі. |
Осы шығармаға ғана тән қандай даралық ерекшелігін көрсетер едіңіз? | 1-хат түрінде берілген 2-тек жігіт тарапынан жазылған 3-Екі кейіпкерде тірі болып қосылмауы 4-пайғамбарларды мадақтайды 5-арнау ретінде жазылған 6-бір біріне қарама қарсы ұғымдар қолданылып жазылған | 1-Хұсрау мен Шырын бір-біріне сырттай ғашық болуы (Көрмей) , 2-Екі жастың қатар таққа отыруы, 3- Басты кейіпкерлердің 3-ші адам үшін қаза болуы 4-өгей шешесіне (Шырын) ғашық болуы. 5-Хұсраудың бір емес бірнеше қызға ғашық болып оларға үйленуі 6- Хүсрау-Шырын» дастаны қазақтың лиро-эпос жырла- рымен сарындас, үндес, соларға мейлінше жақын болып келеді | 1-Бір неше жасқа жасаруы 2-екі жастың қосылуы 3-бар байлықтан бір мезетте айырылуы 4-құл дан ханға айналуы 5-Қыздың жігітті іздеуі |
...